Сауатсыз жарнамада саяси астар бар ма?

Сауатсыз жарнамада саяси астар бар ма?

Намысың болса – жарнамаңды түзе!
«Алаш айнасы» мен «Бауыржан» қайырымдылық қорының бірлескен жобасы

Маусымның 5-і күні Алматы қаласындағы Орталық көрме залында «Алаш айнасы» республикалық газеті мен «Бауыржан» қайырымдылық қорының бірлескен «Намысың болса – жарнамаңды түзе!» атты жобасының көрмесі өтті. Көрмеге бүкіл республикадан жиналған сауатсыз жарнамалардың суреттері қойылды. Бұрын-соңды болмаған ерекше шараға қоғам қайраткерлері, белгілі саясаткерлер, БАҚ өкілдері, заңгерлер мен өнер жұлдыздары қатысты.
Естеріңізде болса, биыл сәуір айының ортасында мемлекеттік тілде әзірленген сауатсыз жарнамаларға қарсы «соғыс» жариялаған болатынбыз. Сол уақыттан бері редакциямызға бірнеше хат, суреттер мен ұсыныстар келіп түсті. Оның бірнешеуін газетімізде де жарияладық. Жер-жерден келіп түскен қате жарнамалардың легі әлі де толастар емес. Лек-легімен ағылған суреттердің ішінен іріктеп алып, маусымның 5-інде көрме өткіздік. Көрмеге қойылған 100-ге жуық суреттің «масқарасы» бірі­нен-бірі асып түседі. Шараға келіп қатыс­қан жарнама саласы мамандарының өзі жаға­ларын ұстап, «ұятты» ойға қалды. Кел­ген қонақтардың бірі – «бұл суреттерді жинақ­тап, әкімдіктердің, тіл басқарма­ла­рының және Парламенттің маңына ілейік» деген ұсыныс айтса, енді бірі – «кітапша шығарып, атқамінерлерімізге сыйлайық» десті.
Асылы ОСМАН, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің, Алматы облыстық әзірбайжан этно-мәдени орталығының төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблея­сының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, профессор:
– Мемлекеттік тілдегі сауатсыз жар­намалар мәселесі тек бір ғана тұлғаға немесе газетке байланысты мәселе емес. Бұл – бүкіл қоғамға қатысты мә­селе. 21 жылдың ішінде бұған мән бермей келуі­міз – қазақ тілі мен сауа­тымызға деген немқұрайдылығы­мыз­дың айғағы. Жар­на­ма – тілді өрістету­дің, дамытудың бір тетігі болып та­бы­ла­ды. Ата заңымызда да Ана тілімізді дамыту туралы талап қойыл­ғанымен, атқарушылық жағы жоқтың қасы. Олай болса, заң орындары да жұ­мыс­тарының нәтижелерін көрсін, сауат­сыз жарнамалардың суреттерін Парла­менттің қабырғаларына іліп қою керек. Әйтпесе Қазақстанда тұрып, қарапа­йым көше атауларын екі тілде жазудың қандай қажеттілігі бар?

Иә, расында да, қазақ жерінде тұрып қа­ла көшелерінің атауын екі тілде жазғаны­мызбен қоймай, енді үш тілде жазуға көш­тік. Туристерге бола үш тілде жазамыз деп ақталғанымызбен, әлемдік тәжірибеде бұл жоқ. Алысқа бармай-ақ, бір Алматы қаласын алып қарайтын болсақ, көше атау­­ларын жазуда орысша нұсқада еш қа­тесіз, ал қазақ тіліндегі атаулардың басым бөлігі қате жазылады. Ал оған жауапты кәсіпо­рын­дарға салынатын айыппұл «ұсақ-түйек тиын» ғана.
Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаткер:
– Әлі есімде, 80-жылдары Алматы­ның Көктөбесіндегі бір «закусочныйға» бардым. Маңдайшасына «шайнама» деп жазып, іліп қойыпты. Кейіннен әй­теуір ауыстырылды. Демек, бұл мәсе­ле сол жылдардан бері бар, бірақ тәртіп пен талап жоқ. Әйтпесе әлі күнге әжет­ханаларда «Е», «Ә» деген жазба жоқ, барлық жерде «М» мен «Ж». Оған қа­рап жатқан ешкім көрінбейді, мыса­лы, Францияда осындай келеңсіздіктер үшін 5 мың евро айыппұл салынады, ал бізде ескерту айтатындар да жоқ. «Алма­ты-2», «Айнабұлақ-4» ықшамау­даны деген сияқты таудай жазбашалар­мен елімізге келіп жатқан шетелдік қонақтарға мазақ болып жүрміз.

Әншейінде маман тапшылығын сылтау қылатындар бұл көрмеден де табылды. Тіл басқармасының басшылары елімізде мем­лекеттік тілде сауатты жарнамалық өнім өндірушілер тым аз дегенді алға тартады. Бірақ мемлекеттік тіл мәселесін жүйелі түр­де көтеріп келе жатқан Жанұзақ Әкім мыр­за «Тіл білмегендерді жұмыстан шығарың­дар, білмесеңдер өздерің де шығыңдар!» деп отыр.
Жанұзақ ӘКІМ, Халықаралық Адам институтының президенті:
– Біздің қолда да үлкен жоба бар. Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктерді, әкім қаралар­дың барлығын орнынан босату. Қазір­дің өзінде мемлекеттік қолдауға ие болдық, демек, бұл шара өз мақсатына міндетті түрде жетеді. Заңды қуған адам – сылтау іздеген адам. Ешқандай заңға өзгерту енгізудің қажеті жоқ, тек қазақ болсақ, болды. Көрмеге жиналған қате жарнаманың барлығына жауапты адамдардың аты-жөнін толық көрсетіп, жоғары жаққа жіберу қажет. Мысалы, Алматы қаласы болса, әкімі – А.Есімов, Тіл басқармасының басшысы – М.Ахе­тов.

Көрмеге келген қонақтардың барлығы жапа-тармағай Алматы қаласының Тілдер­ді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахетовке сұрақтарын қойып, «жағадан алғандай» бол­ды. Қарауға ұят алматылық қате жар­на­­ма­ларға, расымен-ақ, осы кісі басқарып отырған орган жауапты. Бірақ «Алматы Жарнама» сынды кәсіпорындары да жар­наманы жариялауға рұқсат беруші өкілетті орындардың қатарында. Кездесуге келу­ден бас тартқан аталмыш кәсіпорынның басшылары көрмесе де, өз кемістіктерінен хабардар сияқты. Сол үшін жалғыз «жауап­ты» Ахетов мырза жақында қабылданған Ономастика туралы заңдағы өзертулер барлық олқылықты реттейді деп сендірді. Аптасына жүздеп емес, мыңдап сауатсыз жарнамамен кездесіп қалатынын мойын­да­ған ол, жауапты прокуратурадан сұрау керектігін айтады. Ал белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы «мұның саяси астары бар болар?» деген күдікті ойда.
Мамай АХЕТОВ, Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы:
– Прокуратураға мыңдаған арыз тү­сі­реміз, бірақ еш нәтиже жоқ. Президент 21 қаңтарда «Ономастика мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Енді бұл заңға сәйкес, сапасыз жарнамалық өнім шығарғандарға 10-50 АЕК көлемінде айыппұл салы­на­ды. Қазірдің өзінде ешбір органнан рұқсат сұрамастан жарнама тарататын­дар бар. Біз оларды анықтап, жауапқа тартқанша ұзақ уақыт өтеді. Ол аздай, маман тапшылығы да жарнама саласын қыспаққа алып әлек. Қазіргі жалғыз үмітіміз – сол жаңа заң жобасында.

P.S.
10-50 айлық есептік көр­сет­кіш дегеніңіз – 17 310 – 86 550 теңге. Ал ірі кәсіпорындар үшін бұл соманы төлеу аса қиындық тудырмасы анық. Жарнаманың өндірістік орындар үшін қанша­лықты пайда көзі екендігі бар­ша­мызға аян. Кейбір дамы­ған елдерде сапасыз жарнама мен заңсыз көрнекі ақпарат тарату қылмыс болып саналады. Тіпті бас бостандықтарынан айыратын елдер де бар. Деген­мен біздің елде де бұл мәселе мемлекеттік деңгейде қаралып, қатаңдатыл­ған талабы бар заң жобалары­ның қабылдануы қуантады. Біз өз кезегімізде мемлекеттік тілімізде тарап жатқан жарнамалар мәселесін назарымыздан тыс қалдырмау­ға бел будық. «Алаш айнасы» әлі де болса жарымжан жарна­ма­ларды жария етіп, жауапты­ларға іздеу салады...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста