Шаш «шаруашылығы» шаршап тұр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

«Тазға тарақ не теңімнің» заманы өткен. Дегенмен «Таз болсаң, тақиядан көрме» дейміз тағы да...Иә, ғылым қарқынды дамып отырған мына заманда тазды қолаң шашқа айналдыру да түк болмай қалды. Оған таңғалудың өзі ерсі көріне­тіндей ме, қалай?.. Расында, бүгінде әлемде қарқынды дамыған трихология ғылымының арқасында тазға шаш «егіп» өсіруде. Шаш шаруашы­лығымен айналыса­тындар көбейіп келеді, шүкір. Соған орай, шаш «ауруына» шалдыққандар да аз емес.

Алайда біздің елімізде дәл осы саланың дамуы тастабандап, тасбақа аяңмен жүзеге асуда. Мұның себебі шашымыз «ауырмай­тын» болғандықтан шығар. Трихология, яғни, шаш пен бас терісін зерттейтін ғы­лым­ға әлем елдері айрықша назар ауда­рып отыр. Өйткені бүгінде әртүрлі эколо­гиялық жағдайларға байланысты таз адамдардың қатары өсе түскен. Әрі таз­дан­ған басына шаш өсіруге талпынғандар­дың сұранысы да артып отырған  көрінеді. Сондықтан да трихологиялық орталықтар ашып, шаш етектен пайда тауып отырған елдер де бар. Шаштың морфологиясы мен физиологиясын зерттейтін ғылым түрі Батыста жеке ғылым ретінде тек XX ғасыр­да дами бастағаны белгілі. Әу баста жай мектеп түрінде ашылса, бүгінде трихоло­гия­лық институттар деңгейіне жеткен. Лондонда трихология институты мен бірнеше орталықтар бар.  Бүгінде Халықа­ра­лық трихологтар ассоциациясы мен Еуропалық шаш зерттеу қоғамы бар. Ресей­дің өзі бұл ғылыммен 90-жылдары ғана танысса, мамандарын тек 2000 жылы ғана дайындап шығара алды. Бірақ Денсауминнің кадр тізімінде бұл мамандық жоқ, тек дерматокосметологияның бір тармағы ретінде ғана қарастырылады. Біз­ге тосын кәсіптің дабырасы тек 90-жыл­дардың соңында жетті. Мамандардың жұмыс істей бастағанына да 7-8 жылдың көлемі ғана болды. «Денсауминнің тізімін­де жоқ мамандар елімізде қалай дайында­лу­да» деп бас қатыруға болатын-ақ жағ­дай. Расында, еліміздің ірі қалаларында ашыл­ған трихологиялық орталықтағы маман­дардың басым бөлігі – шетелде оқып, білімін жетілдіріп келгендер.

Сондықтан да шетелге телмірулі... Бір қарағанда бұл мамандық басқа дәрігерлердің жұмысына қарағанда оңай сияқты. Бірақ бас пен шаш­тың айналасында да шешілмеген «мә­се­ле» көп екен.  Трихолог маман алдына келген адамның физиологиялық жағдайын жіті тексеріп шығып, шаштың түсіп, тазда­нуының себебі неден екенін анықтап алған соң ғана ем тағайындайды. Ал түбіменен түсіп қалған шашты қайта өсіріп шығару тек сиқыршының қолынан ғана келетін іс сияқты көрінуі мүмкін. Иә расында, бүгінде осындай мүмкін емес нәрселерге қол жет­кізіп отырмыз. Бүйрек, жүректі ауыстырған­дай, бүгінде шашқа да трансплантация жасалатын болды. Арнайы клиникалар­дағы бейнесюжет арқылы басқа қалай шаш «егіп» жатқанын тамашалауға бола­ды... Өзіміз шашы түгелдей түсіп қалған адамды тазбас атандырып жүрсек, оны медицина тілінде алопеция деп атайды. Трихологиялық орталықтарда алдымен компьютерде шаш ауруының диагнос­тикасы тексеріледі. Бастың қасқалануы да, жиі терлеуі де, қайызғақтан арылмауы да шаш ауруларына жатады. Асқазан-ішек жолдары, эндокриндік және иммундық жүйенің бұзылуы да шаштың сыпырылып түсуіне сеп болатын көрінеді. Одан қалса, экология, шашты дұрыс күтпеу, стресс, инфекция да әсер етеді. Адамның шашы күндігіне 50 ден 80 талға дейін түседі, «бұл қалыпты жағдай» дейді мамандар. Оның орнына жаңадан шаш өсіп шығады. Алай­да патологиялық ауытқуларда шаш өспей қалады. Ерлердің – 96 пайызында, әйел­дердің 79 пайызында шаш түсуі өте жиі байқалады. Әйелдер үшін шаштың көп түсуі – косметикалық дефект болғанымен, психологиялық дискомфорт, яғни невроз­ға ұрындыратын төте жол. Бүгінде америкалық RUBENHAIR компаниясының асығы алшысынан түсіп тұр. Оның негізін қалаушы Рубен Богинді кәсіптің көзін таба білген демеске амал кем. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан адамда есеп жоқ. Соған орай ақша да.

Әу баста шашты трансплантациялаумен айналыс­қан. Рубиннің өзінің айтуынша, шаш өсірумен айналысатын хирургтердің халықаралық конференциясына қатыс­қаннан кейін  клиника ашсам деген ой келген. Шаш өсірудің микрохирургиялық әдісін тәжірибе арқылы арттырса, қара­пайым ғана кез келген дәрігер жасай алатынына көз жеткізген. Оның өзі пласти­калық және эстетикалық хирургия болып екіге бөлінеді. Шаш трансплантациясы – айдаладағы тақыр жерге арпа еккенмен бірдей жұмыс. Бірнеше сағатқа созылатын ауыр операцияның өзі оңай емес. Оның нәтижесін күту де – психологиялық жағы­нан ауыр соққы. Шаш, қас, сақал  транс­план­тациясына жаңа технологиялар енгізіле бастады. Оны меңгеру, жұмыс істей білу оңай шаруа емес. Тыртықсыз жасау да нағыз бесаспап маманның ғана қолынан келеді. Бір күнде 3 500 графт, 170 тал кірпік, 1 000 дана қас өсіріп шыға­ру – қиын жұмыс. Сұлулық индустриясына сүбелі үлес қосатын дәл осы трихологиялық орталықтардың дәурені жүріп тұр десе де болғандай. Оның дамуына жаппай жасанды сұлулыққа ұмтылғандар қомақты үлес қосуда. Статистикаға жүгінсек, бүгінде елімізде ерлердің – 60 пайызы, әйелдердің 37 пайызы тазданудан зардап шегеді. Бұдан он жыл бұрын дәл осы диагнозды емдеу мүмкін еместей көрінетін. Елімізде эстетикалық медицинаның дамуы батыс елдерінен кем түспейді. Жасанды сұлулық­қа ден қойғандар бүгінде шаштарын қалыңдатып, қас пен кірпікті де қолдан өсіруге ден қойған. Сұраныс көп. Біздің ғасырымыздағы ең көп таралған аурудың бірі әсіресе бастың айналасындағы ауру­лар яғни таздану бірінші орынға шыққан. Мұндай оталардың тиімділігі мен бағаның арзандығына қызыққан алыс та жақын шетелден де пациенттер келе бастаған. Осыған қарап, еліміздегі эстетикалық медицинаның дамуы қарқын алғанын байқауға болады. Бірақ маман тапшылығы айқын сезіледі. Елімізде трихологтерді дайындап шығаратын оқу орны жоқ. Алда­­ғы онжылдықта бұл мәселенің шеші­м­ін табар-таппасы да белгісіз...

Әсем ЕГЕУБАЕВА, дерматокосметолог-трихолог:
– Мамандардың басым бөлігі Германия, Франция, Испания, Италиядағы жоғарғы клиникаларда оқып, білімін жетілдіреді. Бізде пайдаланылып жатқан жоғарғы технологиялардың барлығы да шетелдерде жасалған. Сол құрылғы­лармен жұмыс істеудің тілін үйреніп келеді. Әрі білімін жетілдіреді. Бүгінде маман табу мәселесі расында қиындау. Трихолог мамандар да, оның қызметіне жүгінетіндер қатары да көбейіп келеді. Соған орай, елімізде осы мамандарды оқытатын бір бөлім ашылса дұрыс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста