Сарыбаев коллекциясындағы сан түрлі аспап

«Кезінде нәубет заманның кесірінен ұл­ты­мыз таңғажайып құнды музыка ас­пап­тарынан айырылып қала жаздады. Мы­нау қытайлар түсірген «Шыңғысхан» те­лесериалын көрген кезде мен қатты әсер алдым. Өйткені ондағы ойналатын му­зыкалық аспаптардың бәрі біздің түркі ба­баларымыз жасаған дүниелер еді. Міне, осын­дай құнды мұраларымыздың бәрін елі­міз есін жинай бастаған соңғы уақытта  жи­нап, халыққа табыс еткен кісі марқұм Бо­лат Шамғалиұлы Сарыбаев еді».
Кеше елордадағы Президенттік мә­де­ниет орталығында өткен «Болат Са­ры­баевтың музыкалық аспаптар кол­лек­циясы» атты көрменің салтанатты тұ­­сау­­кесер рәсімінде аталған мәдени ша­­ң­ы­рақтың директоры Мырзатай Жол­дас­беков осылай ой толғады. Айт­са айт­қан­дай, көрмеге көрген көздің ме­йі­рін қан­ды­ратын неше түрлі музыкалық ас­пап­тар қо­йылыпты. Олардың қатарында қияқ­пен ой­налатын ыспалы аспаптар, шертпелі, үр­мелі, ұрмалы және шулы аспаптар бар. Та­рихи жәдігерлердің арасында қазақ кү­йі­нің қарлығашы Дина Нұрпейісованың қо­ң­ыр үнді домбырасының тұруы  көр­ме­нің салтанатын тіпті арттыра түскен. Бұ­лар­дан бөлек, басқа халықтардың да ұлт­тық аспаптарын, тізбелеп айтар болсақ, Ку­ба барабаны мен сылдырмағы, Сирия, Ха­кас, Лаос елдерінің, сондай-ақ түркі ха­лық­тары мен мажарлардың, үнді халқының ке­манча, чиде, қоңырау қатарлы музыкалық ас­пап­тарын тамашалаған көптің тамсана таң­дай қақпасына амалы қалмады. Осы­ның бәрі Болат Сарыбаевтың кол­лек­циясында сақталған дүниелер екенін ой­ла­сақ, өткеннің өнегесін бүгінгіге бағдар ет­кен өнер зерттеушісінің қажырлы ең­бе­гіне тәнті болмасқа лажың жоқ. Астана тө­рін­дегі бұл көрме 8 маусымға дейін со­зы­ла­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста