Сарапшылар тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру жайлы: "Сапасы сын көтермейді"

Nur Otan партиясы жанындағы Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында ғылыми-реставрациялау жұмысын жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, мәдениет нысандарын салу және жөндеу кезінде туындайтын мәселелер талқыланды, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі. 

 

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша әзірленген жол картасында 2025 жылға дейін 259 мәдениет нысанының құрылысын жүзеге асыру жоспарланса, биыл соның 89-ы салынып, 211-і жөндеуден өту керек.

 

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, бүгінде республика бойынша 43 мәдениет нысанын салу және қайта жаңғырту жұмысы жүріп жатыр.

 

Сондай-ақ, жол картасына сәйкес, биыл жөндеуден өтуге тиіс 211 нысанның 107-сінде жұмыс жүргізілуде. Десе де министр қазіргі таңда жоспарда бекітілген көрсеткіштердің толық орындалмау қаупі бар екенін жасырмады. Себебі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мәдениет объектілерін салу, қайта жаңарту мен жөндеу жұмысы жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіреді.

 

"Жергілікті атқарушы органдардан қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер ұсынылған болатын. Алайда қазіргі экономикалық ахуалға байланысты республикалық бюджеттен қолдау таппай отыр. Жұмыстарды жандандыру мақсатында жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдарға, атап айтсақ, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне тапсырма берулеріңізді сұраймын", - деді министр.

 

Осы орайда мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы қазіргі таңда реставрация жүргізетін мекемелер мен ғалымдардың арасында туындап отырған қарама-қайшылық туралы айтты. Оның айтуынша, көптеген ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмысына ғалымдардың көңілі толмайды. Себебі, олар реставрациядан гөрі құрылыс жұмысына көбірек ұқсап, еврожөндеу сияқты жасалған.

 

"Реставрация жұмысының сапасы сын көтермейді. Жеткілікті қаражат бөлінеді, мекеме де бар. Бірақ сол мекемелерде мамандар тапшы. Реставратор мамандардың тапшылығы өңірлерде қатты байқалады. Көбіне қалпына келтіру жұмысын құрылысшылар атқарады. Мәселен, Ұлытаудағы Жошы хан кесенесінің іргесіндегі Орда Базар қалашығында іргетасын кәдімгі үй салғандай төртбұрыштап цементтен құйған. Тарихи кесенелер осылайша көнелілігін жоғалтып алады. Мұндай мысалдар көп. Сондықтан тарихи-мәдени орындардағы жұмыстардың арнайы мамандармен, ғалымдармен ақылдаса отырып жасалуына көңіл бөлсеңіздер", - деді депутат министрге қарата.

 

Ал Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ректоры Ерлан Сыдықов "Қасиетті Қазақстан" бағдарламасында қайта қарайтын мәселе бар деп есептейді. Аталған жобада ұлттық құндылықтар республикалық және өңірлік нысандар деп бөлінген.

 

Сыдықов қазақ халқының шет елдегі мәдени нысандары мен тарихи-мәдени құндылықтарының тізбесі туралы мәселені де алға тартты.

 

Шетелдерде де қазақ тарихына қатысты нысандар, тарихи-мәдени жәдігерлер баршылық. Олардың тағдырына қоғам алаңдаушылық білдіріп жатады. Жиын барысында сондай жәдігерлерді күтіп-баптау жауапкершілігіне қатысты халықаралық мәселелер бар екені айтылды.

 

Кеңес мүшесі, сенат депутаты Нұртөре Жүсіп бүгінде Түркістандағы Ясауи кесенесінің маңында үлкен қарқынмен жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына қатысты алаңдаушылығын білдірді.

 

"Мұнда бір кездері гидромелиоративтік-құрылыс мамандары құрғақшылық мәселелерін, судың шығу деңгейін анықтап отыратын. Қазір осы мәселе ескеріле ме? Әсіресе, Керуен сарайды салу, кесене маңын кеңейту кезінде асқан мұқияттылық қажет. Олай болмаған жағдайда мавзолейдің іргесі ыза тартуы мүмкін. Сондықтан кесенелерде реставрация жасаған кезде міндетті түрде гидромелиоративтік-құрылыс мамандары мен археологтар қатысқаны жөн деп ойлаймын", - деді.

 

Сондай-ақ, сенатор реставраторларды даярлау мәселесін қазақта бұрыннан бар ұсталық атакәсіпті дамыту және Иран, Өзбекстан, Түркия елшіліктерін пайдалана отырып, реставраторларды қысқа мерзімде даярлайтын бағдарламалар жасау сияқты жолдармен шешкен жөн деген ұсыныс айтты.

 

Miras республикалық қоғамдық кеңесі барлық қатысушының баяндамасын, ой-пікірін тыңдап және талқылап, ҚР Үкіметіне оннан аса ұсыныс жолданатынын жеткізді.

 

 

 

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста