Шәкіртақы көлеміне шағым көп

Теңге теңселіп, инфляция ырыққа көнбей кеткен осы күндері студенттер күнкөрістің қамын оқудан жоғары қойып жүр, - деп хабарлайды 24.kz.

 

 Тұрмысын түзеймін деп түнгілік жұмыс істейтін олар: "Білім алуды ұмыттық", - дейді.

 

Қос бүйірден қысқан қымбатшылықтың бір ұшы студентерге келіп тиді. Қазір олардың басым бөлігі білімнің емес, күнкөрістің қамымен жүр. Сойылдай мәселеге кезіккен көгенкөздер сабақтан қолы қалт етсе жұмыс жағалайды, қосымша табыс іздейді. Өкініштісі сол, «қызыл қағаздың соңында жүріп, оқуды ысырып қоятын кездер болады», - дейді олар.

 

Иә, студенттердің жылдар бойы жыр болған бір базынасы осы. Алайда жауаптылар: "2025 жылға дейін шәкіртақы құнын жыл сайын 20%-ке көбейтеміз", - дейді. Одан кейін де бұл қаражаттың көлемі ұлғайюы мүмкін. Бірақ бәрібір мемлекет студенттің бар қажеттілігін өтемейді. Сондықтан шәкіртақымен шалқып өмір сүремін деген түсінік болмау керек.

 

Бану Нарбекова, ҚР ҒЖБМ комитет төрағасының міндетін атқарушы: - 2023 жылдан бастап Президенттің сайлауалды платформасында тағы да 2029 жылға дейін студенттердің степендиясын көтеру қарастырылған. Оның біз Қаржы министрлігімен бірге пысықтаймыз. Студенттің ата-аналары бар, оларды жатақханамен қамтамасыз етеміз, мүмкіндігінше мемлекет барлық жағдайды жасап жатыр. Енді әрі қарай әр отбасы ойланатын шығар.

 

Қазақстанда 187 мың студент шәкіртақы алады. Әрине, бұл студенттердің барлығын қомақты қаржымен қамтамасыз ету оңай емес. Осы үшін экономист Андрей Чеботарев: «Білім жүйесіне өзгеріс енгізу керекә, – дейді. Грантты мемлекет емес, университет берсе, шәкіртақыны тек дарынды жастар алса, мәселе шешімін табады деген пікірде.

 

Андрей Чеботарёв, экономист: - Студенттерге берілетін шәкіртақы көлеміның тым аз екені айтпаса да түсінікті. Иә, биыл оны бірнеше пайызға өсіру жоспарланған. Бірақ инфляция есебінен студенттерге қатты сезілмейді деп ойлаймын. Ал студенттердің шәкіртақысын көтеру – құр шешіле салатын мәселе емес. Себебі бізде грантқа түскен, шәкіртақы алатын студенттер көп. Сондықтан білім жүйесін өзгерту керек деп ойлаймын. Тек нағыз дарынды жастарға қаржылай көмек берілсе, шәкіртақы көлемі еселейтін еді.

 

Осылайша, шәкіртақының өсіп жатқанына ешкім шәк келтірмейді. Тек инфляция осы өсімнің алдын орап кетіп жатыр.

 

 

Авторлары: Бекзат Аманов, Ерлан Наурызбаев

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста