Сайрамдағы төбелеске 60 теңге себепкер ме?

Сайрамдағы төбелеске 60 теңге себепкер ме?

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында Қарамұрт пен Мәдени ауылдарының жастары арасында қақтығыс болды, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы «Интерфакс-Қазақстан» агентігіне сілтеме жасап. Кейбір ақпарат құралдары мұны ұлтаралық қақтығыс ретінде сипаттай бастады.
«Интерфакс-Қазақстанның» хабарлауынша, «Оңтүстік Қазақстан облысының Қарамұрт ауылында Мәдени елді мекенінен келген жігіттер төбелес шығарған.
Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров: «Біздің мәліметіміз бойынша бұдан екі күн бұрын Қарамұртта төтенше оқиға болды. Төле би ауданының Мәдени ауылынан келген екі жігіт дүкенде сатушымен ұрысып, төбелес шығарған. Екі күннен соң ауылда жаппай төбелес болды», – деп хабарлаған.
Облыстық ішкі істер департаменті Сайрам ауданындағы төбелестің басталуына 60 теңге себеп болғанын хабарлайды. «Сайрам ауданы Қарамұрт селосының Навои көшесі бойындағы азық-түлік дүкенінде темекі мен арақ сатып алып жатқандардың 60 теңгесі жетпей қалады. Осыған байланысты керістің соңы төбелеске ұласады», – делінген Облыстық ішкі істер департаменті таратқан ақпаратта.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қарамұрт ауылында 98 пайызы – өзбектер этносының, ал көрші Мәдени ауылында, негізінен, қазақ ұлтының өкілдері тұрады екен. Осыған қарап бірқатар тәуелсіз БАҚ бұл мәселенің ұлтаралық сипаты бар екенін жазып жатыр. Мәселен, «Азаттық» радиосының сайты «Өзбекстан халық қозғалысы» ұйымының сайтына сілтеме жасап, «халқының 98 пайызын өзбектер құрайтын ауылға шолақ мылтық, тапанша, өткір арматурамен қаруланған 150-дей адам көлікпен келгенін» жазады. Ал ақпараттың жоқтығынан ел арасында қаңқу сөздер көбейіп барады.
Ал аудан әкімінің ресми дерегі бойынша көрші ауылдан 30-50 жігіт келіп, 7-10 минут ішінде 17 машина мен 8 сауда орнының сөрелеріне зақым келтірген. «Мен Мәдени ауылына барып, ақсақалдармен сөйлестім. Жағдайды түсіндірдім. Олар мәселені жан-жақты талқылайды, онан соң Қарамұртқа делегация келіп, оқиғаны реттеу үшін жергілікті халықпен кездесу өтеді», – дейді Қайназаров.
Мәдени ауылының тұрғындары қай бағытқа шықса да, Қарамұрт арқылы өтеді екен. Сондықтан бұған дейін екі ауыл тату-тәтті өмір сүрген. «Бізден тауар сатып алып жатады, той өткізеді, қарым-қатынасымыз жақсы. Бүгін мен ақсақалдармен әңгімелескен кезде олар жағасын ұстап жатыр», – дейді аудан басшысы.
Қазір жанжалға қатысы бар бес адам ұсталып, дәрігерлердің көмегіне төрт адам жүгінген. Елді мекенде де коменданттық сағат енгізілді. Жаппай төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Алаш айнасының» түйіні
Бұл оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі жедел түрде ақпарат таратуы тиіс. Олар ауыл тұрғындарының неге келіспей, жанжалдасқанын дереу тексеріп, ресми ақпарат таратпаса, түрлі дақпырт халықты арандатуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста