Саятшылық өнерге қашанғы салғырт қараймыз?

Саятшылық өнерге қашанғы салғырт қараймыз?

Саятшылық қазақтың жанына жақын еді. Бұл бұрынғы жылдардағы көрініс. Қазір соны тек әңгіме жүзінде ғана тілге тиек етеміз. Саятшылықпен айналысып жүрген адамдар саны кеміп кеткен. Сол тіршіліктен біз неге бойымызды аулақ ұстап жүрміз? Бүгінде саятшылық өнерді шағын ғана топ жанына серік етіп жүр. Қалған қандас бауырлар арасында оның не екенін білмейтіні де кездеседі. Қазақ елінің көгінде қазір құстың 500-ге жуық түрі қалықтап ұшып жүр екен. Олар 18 отрядқа жатады. Бұл – біздің мақ-танышымыз. Дегенмен олардың оннан бірі еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген. Жоғарыдағы жайлар көптің көңіліне күмәнді ойларды алып келеді. Кезінде ата-бабаларымыз саятшылық өнерді дәріптеп, құсбегілікті құрмет тұтты. Өкініштісі, азуы алты қарыс аңнан тайсалмайтын жыртқыш құстардың саны кеміп барады. Солардың бірі – бүркіт.
Ол біздің қазаққа ежелден етене құстардың біріне айналған. Көне заманнан саятшылық өнерді жанына серік еткен бабалар оны бағалай білді. Одан қалды, бүркіт құсының еліміздің «Қызыл кітабына» енгенін біреу біліп, біреу білмес.
Қазақ даласының қай қиырынан да кездесетін бүркіт кезінде еліміздің батыс өңірінде, Сыр бойында, Алатау және Алтай тауларының бөктерінде көзге ұшырасқан. Қазір ше? Кейде аспан астынан бірді-екілі бүркітті көре қалған жағдайда жанымыз жадырап сала береді. Алайда олардың саны бұрынғыдай емес, бірнеше есеге кеміп кеткен секілді. Құстар әлемінің қыр-сырына қанық орнитолог ғалымдардың өзі туған топырақтағы бүркіт құсының саны қанша екенін шотқа қағып айта алмайды. Олардың болжа-мынша, оның саны бірнеше жүзден аспайды. Осының өзі біздің оған деген селқос көзқарасымызды айғақ етеді.
Осыдан 40-50 жыл бұрын қазақ даласының кез келген бөлігінен атал-мыш құсты жиі кездестіретін едік. Оны біздің Сыр өлкесінен де талай мәрте көзіміз шалған. Табиғат тылсымын терең түсінген кісілер оған көздің қарашығындай қарап, олардың жөнсіз ауланбауын қатаң қадағалайтын. Өкініштісі, мұндай көзқарас соңғы 25-30 жылда мүлдем ескерілмей келді. Мәселен, қазіргі күні «Қызыл кітапқа» енгізілген аң мен құстардың азайып кетуіне осындай жайлар әсер етті емес пе? Бүркіт те сондай салқын көзқарастың салдарынан есепсіз азайып кетті. Біздің өңірде кезінде атағы шыққан көптеген құсбегілер болған. Қазір оларды емге іздесең де таппайсың. Қазақылық қаймағы бұзылмаған өңірде саятшылық өнердің өзі де аяқасты болып қалды. Жалпы, бұл өнер тек құсты аңға салу-мен шектелмейді ғой. Сол арқылы бүркітті қалай баптау керек, оларды қалай сақтау керек деген мәселелер өз шешімін тауып жататын.
Рас, қазекем саятшылықты да ұмыт қалдырып барады. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұра ауылында Жалайыр Шора мектебі жұмыс жасайды. Онда жас бүркітшілер мектебі тұсауын кескен. Ал еліміздің қалған аймақтарында бір-екілі құсбегілер бар. Олардың өзі жасы келіп қалған адамдар. Жалпы, кез келген адам құсбегі бола алмайды. Оның да үйренетін тұстары аз емес. Осының салдарынан бүгінгі ұрпақ ата-бабаның ежелгі кезеңнен бергі жан серігіне айналған саят өнерін ұмыта бастады.
Республикалық «Жеті қазына» құсбегілер клубының мүшесі: Балтабай Ибраев «Кезінде Сыр бойында да құсбегілікпен атағы алысқа кеткен кісілер бар еді. Менің кіндік қаным осы өңірде тамып, киелі жерде ержеткеннен кейін ондай жағдайды жақсы білемін. Мәселен, Қазалы ауданында Бегалы, Балғынбай, Сейтім сынды саятшылықты жанына серік еткен кісілер болды. Бегалы атамыз жасы 100-ден асып, жақында ғана өмірден өтті. Бәлкім, саятшылық адамдардың ұзақ жасауына да әсер ететін шығар. Қаншама ғасырдан бері бізбен бірге жасап келе жатқан ұлттық өнердің Сыр бойында ұмытыла бастағаны көңілге кірбің салады» деген еді.
Елімізде құсбегілік өнерді дәріптеп, оның жүйелі жұмыс жасауына «Бүркітші» және «Қыран» федерациялары ұйтқы болып отыр. Жанашыр жандардың қолдауымен ұлттық спорт түрлері қауымдастығы құрылды. Осының арқасында құсбегілік спорт түрінің біріне айналып, арнайы ере-жесі түзілді. Бұл түрлі жарыстар өткізуге өз септігін тигізуде. Қазіргі таңда ересектер және жастар арасында түрлі сайыстарда бақ сынап жүр. Сондай-ақ республикалық жарыстардың жоғары деңгейде өтуіне ерекше мән беріліп келеді. Құсбегілер сайыстарға ұлттық киіммен шығады.
Сондай-ақ, тарихшы-этнограф Данияр Жексенбіұлы құсбегілік кім кө-рінгеннің қолынан келе бермейтінін айтады. Рухы мықты адам қыран құстың тілін түсіне алады. Мәселен, зеңгір көкте самғайтын бүркіт рухы жоғары адамға бағынады. Әлемде құсбегілік өнерге бет бұрған жұрт баршылық. Бір қызығы, олардың ешқайсысы біздей бүркіттің бабын біле бермейтінін көрінеді.
Еуропа елдерінде осы мақсатта жұмыс жасайтын арнайы орындар бар екен. Әрине, оның оңды жағы аз емес. Алдымен құстар әлемін зерттеуге көңіл бөлінеді. Қанатты тіршілік иелерінің әрбірі – өзінше бір дүние. Сырына үңілсең, өзің біле бермейтін құпияға қанығасың. Расын айту керек, қазір мүлдем жойылып кеткен аң мен құстар да баршылық. Осы тектес жағдай тағы да басқа тіршілік иелеріне туып отыр. Мәселен, қазір Жер шарында 10-12 мыңнан астам құстың түрі бар екен. Олар 18 отрядқа жатады. Әлемдегі бірқатар ғалымдар олардың саны кезінде біршама азайып кеткенін айтады. Орнитология ғылымы дами түскен шақтан мұндай олқылықтың алдын алуға көңіл бөлінуде. Олар дүниежүзіндегі құстар әле-мін қорғауда белсенді қимыл жүргізіп келеді. Біздің елімізде де бұл сала мамандары бар. Алайда оларды қорғау бағытында атқарылған жұмыстарды ауыз толтырып айта аламыз ба? Табиғат байлығын кітапқа құр тіркеп отырғанмен тірлік біте ме? Мына деректің өзі бізді ойландырады. Жылына 1 миллионнан астам құс аңшылық жасауға әуес жұрттың құрбанына айналады екен.
Қазіргі таңда саятшылық өнерге ден қойған азаматтар санаулы-ақ. Жаңақорған ауданы «Келінтөбе» ауылында тұратын Ерболат Әлиев соңғы 20 жылдан астам уақыттан бері құсбегілік өнерге ден қойып жүр екен. Алғашқыда бүркітті қолға үйреткенге ұқсайды. Қазір қаршыға баптап жүр. «Шынын айту керек, бүркітті балапан кезінен баптау керек. Өкініштісі, бұл құс қазір біздің жерде ұя салмайды. Дегенмен мен енді қаршығамен бірге қайтадан бүркітке көңіл бөлсем деймін» дейді ол бізбен әңгімесінде.
Табиғат тылсымына терең бойлай білген адам ғажап күйге бөленеді. Оның ішінде құстар әлемі көптеген құпияға толы. Қазекем ерте кезден-ақ көкте қалықтаған тіршілік иелеріне назар аудара білді. Әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан құсбегілік өнер – осы сөзіміздің айқын дәлелі. Қазақ халқы оларды қастер тұтты. Тегеуріні мықты бүркіт секілді талай жыртқыш құстар қазақ даласының мәні де, сәні де емес пе еді? Бүгінгі ұрпақ сол атадан қалған мұрамызға адалдық танытсақ дейміз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста