Санжар Керімбай ғалым Саят Ыбыраймен қатынасы жайлы ашық айтты. Бір кездері әбжад аталған жиынның сырын ашты.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TalkLike арнасына сілтеме ажсап хабарлайды.
Санжар Керімбай бір кездері істі болып, кейіннен рақымшылықпен бостандыққа шыққан Саят Ыбыраймен ара қатынасы жақсы екенін жеткізді.
"Саят Ыбырай бір кездері әбжад атты клуб құрған еді. Бір лекциясында 500-600 студент қатысатын. Ал, қазіргі студенттерге рухани дүниені түсіндіру, ондай жиынға қатыстыру қиын. Қазіргілер басқаша ойлайды. Саят Ыбырайдың жоқтығы осындайда білінеді дейді таныстарым. Әбжадта 100 шақты қыз-жігіт көңілі жарасып отау құрған. Олардың барлығы дерлік қазір бірге тұрып жатыр", - деді Керімбай.
Осы ретте журналист "Осы жолдағы қыз-жігіттерді мәжбүрлеп үйлендірді ме?" деген сауал қойды.
"Мәжбүрлік деген болмайды, тек әйел не күйеу таба алмай, сөйлесуге батылы бармайтындар болса, жарастырып қосады. Ал, егер өз қалаған адамыңды апарса, сонымен некені қиятын" деген жауап алды.
Айтуынша, ғалым түрмеде отырған уақытта одан әрі кемелдене, шарықтай түскен.
"Рухани құндылығы төмен адам түрмеде уақытын құр өткізуі мүмкін. Ал Саят Ыбырай керісінше, ойдың түбіне кіріп, шарықтап кетті", - деді ол.
Санжар Керімбай Қазақстандағы имамдарға көңілі толмайтынын айтты. Айтуынша, имамдар толық білімді емес.
"Ата-аналар білімді баласын шетелге оқуға жібереді, ал оқи алмай қалған баласын дінге жібереді де, тым болмаса молда боласың деп үміттенеді", - деді ол.