Қызылордалықтар Жеңісті жақындатуға атсалысты
Ұлы Отан соғысы төрткүл дүниенi дүр сiлкiндiрдi. Сол сұрапыл жылдардың келмеске кеткенiне жетпiс жылға жуықтады. Адамзат баласы тарихындағы қантөгiске толы сұрапыл жылдардың жаңғырығы әлi де елдiң есiнен өше қойған жоқ. Немiс фашистерi Кеңес одағынан күйрей жеңiлдi. Жеңiстi жақындатуға барша халық атсалысты. Олардың қатарында Қызылорда облысының жұртшылығы да бар. Осы сәтте барша халықтың ауызбiрлiгi мен татулығы жеңiске жетеледi деп айта аламыз. Қар жамылып, мұз жастанған жауынгерлер сынық сүйем жер үшiн қиян-кескi соғысқа қатысты. Тылда да осындай жанкештiлiк көрiнiс бердi. Әрбiр өндiрiлген өнiм соғысқа жiберiлдi. Осының арқасында кейiнгi ұрпақ бейбiт өмiрдiң бесiгiнде тербетiлген мамыражай кезеңге қол жеткiздi.
Сырдың бойынан майдан даласына 150 мыңнан астам адам аттанған екен. Олардың барлығы ерлiкпен шайқасқа түстi. Тiптi, жастық өмiрi келтеден қиылған жерлестерiмiз де аз болған жоқ. Өкiнiштiсi, сұрапыл соғыстан 30 мыңға жуық қызылордалық жауынгер туған жерге орала алмады. Осындай көзсiз ерлiкке барған оларға жат жердiң топырағы бұйырды. Майдан жылдарында 20 мыңнан астам жерлесiмiз орден-медальдерге ие болды. Ал басын бәйгеге тiгiп жүрсе де, майдан даласында ержүректiк көрсеткен 22 қызылордалық азамат Кеңес одағының батыры атанды.
Тұтқиылдан басталған соғыс ел iшiн үлкен әбiгерге салды. Майдан мен тыл даласы бiртұтас болды десек те артық айтқандық емес. Сыр өңiрiндегi өнеркәсiп орындары жұмыс ырғағын жандандыра түстi. Алайда еңбекке жарамды жандардың көбiсi әскерге алынды. Осының салдарынан жұмыс қолдарының жетiспеушiлiгi айқын сезiлiп тұрды. Жергiлiктi басшылық қарап отырған жоқ. Қиындықтан шығудың жолдарын қарастырды. Облыстық партия комитетi осы мақсатта арнайы қаулы қабылдады. Өнеркқсiп орындары, мекемелер мен ұйымдарға әйелдер еңбекке тартылды. Бұл жөнiнде арнайы қаулы қабылданған едi. Арнайы қысқа мерзiмдi курстар ашылды. Онда маман жұмысшылар дайындықтан өттi. Игi бастамаға үн қосқан аруларымыз аз болған жоқ. Алғаш рет ұйымдастырылған шоферлер курсында 37 нқзiк жандылар бiлiм алды. Көп ұзамай 700-ден астам қыз комбайн мен трактор тiзгiнiн ұстап, еңбек көрiгiн қыздыра түстi. Олардың көбiсiнiң есiмдерi елге танылды.
Қайта құру шаралары өз нәтижесiн бердi. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жергiлiктi жердегi өнеркәсiп ошақтары тапсырманы 30-50 пайызға артығымен орындады. Соғыс жылдарында қызылордалықтар жоғары көрсеткiштерге қол жеткiздi. Өндiрiс ырғағы жанданды. Мәселен, 1945 жылы металл өндiрiсiнiң жалпы үлесi 39, тiгiн бұйымдары 5,7 пайызға өстi. Кәсiпорындарда еңбек ететiн адамдардың саны 12 мыңға көбейдi. 1942 жылғы Арал балықшыларының үндеуi көптiң көңiлiнен шықты. Әрбiр балықшы күнiге 80 келiден балық аулауға шешiм қабылдады. Осының нқтижесiнде судан маржан сүзген қауым жылдық жоспарды ертерек орындап шығуға жанын салды. Сол жылы жергiлiктi балықшылар 153,5 мың тонна өнiм өндiрдi. Сыр бойындағы әрiптестерiнiң бастамасын Каспий, Балқаш жағасындағы еңбеккерлер де қызу қолдады. Мұндай еңбек өнiмдiлiгi темiржол саласында да байқалды. Майдан даласына жiберiлген әрбiр зат пойыздарға тиелдi. Сондықтан бұл салаға үлкен мiндеттер жүктелген едi. Оған қызылордалық темiржолшылар үлкен үлес қосты. 1941 жылы Қазалы депосында паровоздың 150 бөлшегiн жасау игерiлдi. Осының нқтижесiнде 661 мың сом мен 736 тонна жанармай үнемделдi.
Ауыл шаруашылығы саласына да аз салмақ түскен жоқ. Өйткенi, немiс фашистерi аса маңызды астықты аймақтарды басып алған едi. Қызыл Армия мен тылды тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етуде қызылордалық еңбекшiлер аянбай тер төктi. Оған ес бiле бастаған жас баладан еңкейген қартқа дейiн жұмылды. Еңбек тәртiбi күшейтiлдi. Соғыс өртi тұтанған жылы облыстың бес ауданы астық тапсыру жоспарын мерзiмiнен бұрын орындап шықты. Қамбаға 178,8 мың центнер күмiс дән құйылды. Келер жылы астық 2 миллион пұтқа артық құйылды. Қысқасы, ауылдағы ағайын қолдан келгенше белсендi қимыл көрсете бiлдi. Әрине, олар көптеген қиындықпен бетпе-бет келген едi. Трактор және автокөлiк саны 2-2,5 есеге аз болды. Жұмыс күшi де жетiспей жатты. Жеңiстi жақындату жолында оған ешкiм қараған жоқ. 1942-1944 жылдар аралығында жергiлiктi жұрт мемлекет пен қорғаныс қорына 53,6 мың центнер ет, 2,8 мың центнер май табыс еттi.
Бiрқатар белгiлi азаматтар майданға көмек көрсетуде өзгеге өнеге таныта бiлдi. Атап айтқанда, Қуаныш Баймағанбетов, Қашақбай Пiрiмов, Шоқатай Қоянов, Ыбырай Жақаев, Керейтбай Дүйсенбаев жқне Ким Ман Сам сынды облыс колхозшыларының қрқайсысы 100-325 мың сомның шамасында ақша аударды. Сондай-ақ, Сыр еңбекшiлер мен мектеп оқушылары жинаған қаржыға "Қызылорда колхозшысы" атты танк колоннасы жасақталып, сүңгуiр қайық пен басқа да техникалар iске қосылды.
Соғыстың аяқталғанына қаншама жылдың жүзi болды. Алайда аға буынның ерлiгi мен жанкештiлiгi бүгiнгi ұрпақ үшiн айта жүретiн аңызға айналған. Сол жылдардағы атқарылған әрбiр iс бейбiт өмiрдi бiзге тарту еттi. Бiз осы үшiн оларға бас иемiз.