Қызыл мияға да Қытайлар құда түсе бастады
Сыр өңірінде дәрілік өсімдіктер қатары баршылық. Дегенмен, олардың емдік қасиетін күні кешеге дейін білмей келгеніміз жасырын емес. Солардың бірі – мия өсімдігі. Дария бойында өздігінен өсіп тұрған мия өсімдігі сан түрлі ауруларға ем екен. Оны сырттан келіп сатып алатын адамдар аз емес. Осыны естіп-білген жергілікті жұртшылық тайлы-тұяғы қалмастан дала кезіп, мия өсімдігін теруге көшіп кетті. Соның салдарынан аталмыш өсімдіктің азайып, күні ертең мүлдем құрып кету қаупі туындап отыр. Бұл көпшілікті алаңдатып отырған жайы бар.
Сыр өңірінің байлығы болып есептелетін, алтын тамырға айналған мия өсімдігінің қорғалуы, сақталуы осылайша бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналды. Қазіргі таңда сол бағытта құқық қорғаушылар мен жергілікті басшылық мия тамырларының заңсыз алынуына барынша тосқауыл қою, бағытында жұмыстар жүргізуде. Қызыл мия өсімдігінің адам денсаулығына емдік шипасы мол. Біздің дәуірімізге дейінгі IV-V ғасырларда ежелгі грек тарихшысы Геродоттың өзі қызыл мия тамырының мың сан дертке дауа екенін айтқан. Қазіргі уақытта дамыған медицинада оның көптеген дертке дауа екені дәлелденіп отыр. Алайда, Қызылорда облысында соңғы уақыттары оның азайып бара жатқаны байқатады.
Бұл дәрілік өсімдік еліміздің Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Қаратал өзендері алқаптарында өссе, оның ішінде қызыл мия Қызылорда аймағында, әсіресе Сырдария ауданыңда көптеп кездеседі. Көпжылдық шөп тектес өсімдіктің биіктігі 100-130 сантиметрге дейін болса, өзен бойларында, топырақты аймақтарда өсетіндігімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде оның тұқымның күрт азайып бара жатқандығы айқын аңғарылып отыр. Оған құмартқан адамдар кетпен немесе күректеп қазып емес, ауыр техникалардың күшімен тереңдігі жарты метрден астам қопарып жинап жатыр. Мәліметтерге сүйенсек, аталмыш өсімдік медицина ғылымы жоғары қарқында дамыған көршілес Қытай сынды шет мемлекеттерде зор сұранысқа ие. Сондықтан да оңай табысқа кенелуді көздеген кейбір азаматтар туған жердің табиғатына аяусыз нұқсан келтіріп отыр. Өкініштісі, мұндай заңсыздықтарды көре тұра көз жұма қарап отырған жергілікті ауыл әкімдері мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жоқ емес.
Өкініштісі, ауылдың жергілікті мектеп оқушысынан бастап қарияға дейін мия өсімдігінің азайып бара жатқанын білетінінін көрсетіп отырса, ауыл әкімі мен учаскелік инспекторы ол туралы бейхабар екенін айтады. Барлық деректер бойынша қылмыс құрамының белгілері болмағандықтан аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімдер қабылданған. Себебі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде мия өсімдігі енгізілмеген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану» қағидасы бекітілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды.
Облыстық мәслихаттың шешімімен мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы учаскелерде орман пайдалану үшін төлем ставкалары (жалаң (қызыл) мия тамырлары – 1 кг. 200 теңге) бекітілген. Осылайша орман қоры учаскелерінен өсімдіктерді пайдалану тәртібі, пайдалануға рұқсат беру негіздері және төлем ставкалары бекітілгендіктен, сәйкесінше ондағы объектілерді заңсыз пайдаланғаны үшін тиісті әкімшілік жауаптылық қаралған. Орман қорынан тыс жерден өсімдіктер дүниесі объектілерін (мия тамырын жинау) алуға рұқсат беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттелмегені, мия тамырларын жабайы түрде жинауға қолайлы жағдай туғызуда. Осыған орай орман қорынан тыс жерден өсімдіктер дүниесі объектілерін (мия тамырын жинау) алуға рұқсат беру тәртібі қолданыстағы заңнамамен реттелмегендіктен, заңнамаларға өзгерістер енгізу жөнінде тиісті орындарға хат жолданды. Қызылмияны Өзбекстанда боян дейді (орысшасы лакрица).Совет заманында сол өсімдіктің тамырынан дәрі-дәрмек жасайтын зауыттар бар еді. Қазіргі таңда қызылмияның тамырын Өзбекстан шет елдерге сатып,пайда көріп отыр.
Осындай емдік қасиеттеріне орай жергілікті жердегі "БИС-Групп" ЖШС оны өңдеп, елге қажетті өнімдер шығаруға мән беруде. Серіктестік басшысы Дiлдахан Ахметов бұл саланы бiраз зерттеген көрiнедi. Қызыл мия тамырын өңдеу жөнiнен одақ кезiнен даңқы шыққан Қарақалпақстандағы зауытты арнайылап барып, көредi. Бұл кәсiпорын 35 жылдан берi қызыл мия тамырын өңдеп, оны экспортқа шығарып келедi екен. Қытай елiне сапар шегiп, осындай зауыттардың бiрнешеуiнiң жұмысымен танысады. Онан бөлек, емдiк қасиетi бар шөпке қатысты барлық ғылыми еңбектердi зерттеп, танысуға жылдан аса уақытын сарп етедi. Алматы ботаника институтында соңғы қырық жыл бойы қызыл мия тамырына қатысты жасалған ғылыми зерттеулер де назардан тыс қалған жоқ. Кәсiпкердiң айтуынша, оның бұл iзденiстерiне бүгiнгi күнi Ресейде бiлiм алып жатќан ұлы Русланныњ көп көмегi тиген көрiнедi.
Осындай iзденiстерден соң әрине тәуекелге бел буады. Қазiргi күнi бизнестi жолға қою үшiн жақсы әрiптес ќажет. Осы жаѓдайды ескерген "БИС-ГРУПП" басшысы Қытай елiнiң "Борихунда" компаниясымен акционерлiк келiсiм-шарт жасауды жөн көрдi. Бұл қызыл мия тамырын өңдеуде ұзақ жылдардан берi табысты жұмыс iстеп келе жатқан компания. Онымен әрiптес болу болашақта зауыттың барлық өнiмдерiнiң дүниежүзiлiк сапаға сәйкес келуi және экспортқа шығарылуға лайық болуы үшiн керек. Жаңа зауыттың бүкiл құрал-жабдықтарын және тауар шығару технологиясын әкелудi "Борихунда" компаниясы мiндетiне алып отыр. Дәлiрек айтқанда, жобаның жалпы құны 1.8 млрд. теңге болса, соның 1,1 млрд. теңге ќаржысын қытайлық компания жұмсамақ. Сонымен бiрге аспан асты елiнiң өкiлдерi жергiлiктi мамандарды дайындауға атсалысады.
Құрылысқа бөлiнген аумақтың көлемi 10 гектар. Мұнда салынатын зауыт үш бөлiктен тұрады. Алғашқысында қызыл мияның шырыны сығып алынады. Бұл шырынның кәдеге асар жерi көп. Ол металлургия, тамақ өнеркәсiбi, косметика мен медицина саласында кеңiнен пайдаланылады. Ал зауыттың қалған екi бөлiгiнде дәрiлiк заттарға қажеттi өнiмдер шығарылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 1 мың тонна мия тамыры және 100 тонна моноаммониум глициниризанат А өнiмiн өндiруге жетедi. Зауыттың барлық өнiмi экспортқа шығаруға лайықты болмақ. Компания басшысы өндiрiске қажеттi шикiзат сұранысын қанағаттандыру үшiн 2 мың гектар алқапқа қызыл мия егiлетiнiн жеткiздi. Өндiрiс жылына 22 мың тонна қызыл мия тамырын өңдейдi. Жоба бойынша зауыт 2015 жылдың алғашғы тоқсанында пайдалануға берiледi. Ол толығымен iске қосылғанда 150-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.