Қызғалдақ жұлсаңыз, қылмысты боласыз

Голландия гүл экспорты жөні­нен әлемде жетекші орындардың бірінде. Қазақстаннан ұзатылып барған қыз­ғал­дақ­тың голландық түріне қызығушылардың көп екені рас. Қызғалдақтың отаны Қазақ­стан екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бүгінде еліміздің әр аймағында оның отыздан астам түрі кездеседі. Осы дала төсін жайнатып жіберетін қыр гүлі бертінде ғана, ХVІІ ғасырдың соңында зерттеле бас­тап­ты. Шетелдерге ең көп экспортталатын да осы қызғалдақ екен.
Әрі әсемдігімен, әрі табиғилығымен, әрі хош иісімен таң­дан­дыратын гүлді ше­тел­дік өсімдік маман­дары әртүрлі түс­терін шығармақ болып бу­дан­дас­тырғанымен, еш нәтиже шығара алмапты. Түсі өзге­ше­лен­генімен, хош иісін, әрі табиғилығын сақтап қалуға күштері жет­пеген көрінеді. Ақыры табиғи түрін тек Қазақстаннан ғана табуға болады деген тоқтамға келсе керек. Шетелдіктерді таң­дай қақтыра там­сан­дырған осы қыр қыз­ғал­дағының келешегі мамандар тарапынан алаңдаушылық ту­ғы­зып отыр. 1981 жылы қызғалдақтың «Қы­зыл кітапқа» 13-тен астам түрі енгізілген. Бірегей кітапқа себеп­сіз­ден себепсіз есепке алмасы белгілі. Қыр төскейін қызыл түске бояйтын осы әсем гүлдер жойылудың сәл-ақ алдында тұр. Мамандар осылайша да­был қағып отыр. Олай етпеске де амал кем. Қызғалдақтың бұрынғысы бәріне белгілі, ал болашағы бұлыңғырлау болып тұр.
Гүл тұқымдастарының бұл түрі, әсіресе, Оң­түстік Қазақстан облысының таулы ай­мақ­тарында көп кездеседі. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің терри­то­риясында қызғалдақтың кауфман, грейг, түркістан, шымған, жалғантүкті, күмәнді, жал­ған қосгүлді деп аталатын түрлері өсе­ді. Әсіресе, мамыр айындағы «маевка» ке­зінде қызғалдақты есік алдында өсіп тұр­ғандай, қынадай қырып, жұлып кете­тін­дер көп. Эколог мамандар пиязшығына зиян келген қызғалдақтың қайтып өсіп шық­пайтынын алға тартып, алаңдайды. Қызғалдақтың ұрығын қайта шашқан күннің өзінде де бір талының өсіп-жетілуі үшін кемінде он жыл күту керек екен. Осы­дан-ақ қызғалдақты көздің қарашығындай сақтау керектігін бағамдауға болар.
Мамандар грейг түрін қызғалдақ пади­ша­сы деп атайды. Себебі ол ең үлкен, әрі әде­мі, әрі ең аз кездесетін түрі болып сана­ла­ды. Ол емдік қасиетімен де бағалы. Қыз­ғал­дақ пиязшығының құрамында 50-60 пайыз крахмал мен қант бар. Бауыр ауру­ла­рына таптырмайтын ем. Ол теңіз дең­гейі­­нен 2 300 – 2 400 метр биіктікте, тау бөк­­терлерінде, жартылай субэкваторлық ай­­мақтарда өседі. Оңтүстік өңірдегі Түл­кі­бас ауданындағы «Қызыл төбешік» деп ата­­­­латын аймақтағы грейг қызғалдағы бү­гін­де жоғалып, құрып кетудің аз-ақ ал­дын­да тұр. Облыстағы өзге аймақтарда бұл түрі мүлдем кездеспейді. Сондықтан да оны сақтап қалудың амалын қарастыру ке­рек-ақ.

Қызғалдақ-аңыз
Жаугершілік заманда бір қадым жер үшін болған шайқастардан кейін сан мың­даған үйілген өлік пен қозы көш жерден көрінетін қан ұйыған қызғылт дақ­тар қа­лады екен. Бұл ұрыс даласында ата-ба­ба­ларымыздың бір қадым да жер бер­мейміз деп жаны мен қанын беріп шай­қасқан ер­лігінің бір белгісі іспеттес... Ақиқаты басым аңыз әңгімеге сүйенер болсақ, сол батыр бабаларымыздың қаны тамған жерлерге ара­да бірнеше жыл өткен соң қан қызыл қыз­ғалдақтар шық­қан деседі. Қан кешкен май­даннан қалған бір белгі осы қызғылт дақ­тар сан ға­сырлар көшінен кейін қыз­ғалдаққа айналған деседі...

Қызғалдақ пен қылмыс
«Қызыл кітапқа» енген әрбір өсімдікті жұл­ғаны үшін жауапқа тартылатынын көп­шілік біле бермейді. Мәселен, кез келген адам қызғалдақты жұлу кезінде қолға түссе, он­да ҚР Қылмыстық кодексінің 290-ба­бы­мен қыл­мыстық жауапкершілікке тар­ты­ла­ды. Заң талабы бойынша, бір бас қыз­ғал­дақ­­ты жұл­ғаны үшін 7 060 теңгеге дейін айып­­пұл тө­лейді. Қатып қалған қағида емес, бұл ай­лық есептік көрсеткіш бойынша жыл сайын өз­­геріп отырады. Істі қарау ба­ры­­­сында та­ғы да қосымша айыппұл салынуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста