Қыздарға қарағанда шет елден жар таңдаған жігіттер көп болып шықты

Қыздарға қарағанда шет елден жар таңдаған жігіттер көп болып шықты

2021 жылы шетел азаматтарымен көңіл жарастырған 120 неке тіркелген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қалалық АХАТ бөлімінің басшысы Ерболат Қалиевтің мәліметінше, оның ішінде 66 жігіт шетелден келін түсірсе, 54 қыз көршілес елдің азаматтарымен отбасын құрған.

 

– Олардың көбі Ресей Федерациясының азаматтарымен көңіл жарастырған. Одан бөлек, бұл қатарда Қырғызстан, Грузия, Беларусь, Әзербайжан сынды мемлекеттердің азаматтары да бар, – деді Ерболат Қалиев.

 

Бөлім басшысының айтуынша, 2022 жыл ішінде шетел азаматтарымен отбасын құрған 105 неке тіркелген. Осылайша оның алдындағы жылмен салыстырғанда шетелдіктермен некелескендер саны азайған.

 

Былтыр шетелдіктермен көңіл қосқан жігіттер мен қыздардың қатары теңесті. Яғни, 53 жігіт өмірлік жарын өзге мемлекеттен таңдаса, 52 қыз шетел жігітімен көңіл жарастырып, тұрмысқа шыққан. Шет мемлекетке ұзатылған  қыздардың арасында өзге ұлт  өкілдері де бар.

 

Айта кетейік, былтыр Павлодар қаласы бойынша жалпы 2420 неке тіркелген. Оның ішінде шетел азаматтарымен некелескендердің көбі – 25-60 жастағылар.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста