"Қысып отырыңдар!" Құрбыларын жабылып ұрған оқушы қыздар тағы бір сұмдық видео жариялады

"Қысып отырыңдар!" Құрбыларын жабылып ұрған оқушы қыздар тағы бір сұмдық видео жариялады

Оқушы қызды аяусыз соққыға жыққан қыздардың сыра ішіп, былапыт сөздер айтқан видеосы жұрттың жағасын ұстатты. Олар өздерін сынағандарға осылай жауап берген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған қыздардың құрбысын жабылып ұрған видеосы ғаламторда үлкен шу туғызған болатын. Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнежазбадағы сұмдық жағдай "Самал" ықшамауданындағы пәтерлердің бірінде болған.

 

Ал төбелеске қатысы бар қыздардың барлығы облыс орталығы мен Қаратал ауданындағы оқушы қыздар екен. Олардың үстінен әкімшілік іс қозғалды.

 

"Жәбірленуші қыз өз өкілімен (әжесімен) бірге полицияға ресми өтініш беруден бас тартты. Соған қарамастан, іс жүзінде ҚР ӘҚБтК 73-1-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Сонымен қатар, ұрып-соққан күдіктілерге катысты материалдар әкімдік жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарастыруына жолданды", — деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Алайда бұл жаза бұзақы қыздарды селт еткізе алмаған сыңайлы. Өйткені олар тәртіп сақшылары жауап алғаннан кейін да видео арқылы жұртқа үндеу жолдады. Онда қыздардың сыра ішіп, былапыт сөздер арқылы өздерін кінәлап жатқандарға жауап бергенін көруге болады.

 

Маған бәрібір. Менің басымды ауыртып, жаза бермеңдер! Ол қыз арызын алып кетті. Өз кінәсі үшін жауап берді. Барлықтарыңды ұрғаным бар, — дейді видеодағы қыз.

 

 

ВИДЕО: https://www.facebook.com/photo?fbid=5733640956752246&set=pcb.5733641036752238

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста