Қыр гүліне қырын қарамасақ…

Қыр гүліне қырын қарамасақ…

Бүгінде бәйшешек біткен құрып барады деп байбалам салып жатқандар жетерлік. Көктемнің хабаршысы, қар астынан қылтиып шығар қыр гүлінің құрып бара жатқаны рас. Бұрын қыр жотаны, беткейді түгел жауып қалатын әдемі гүлдің орны ойсырап тұр. Расында. Малдың аяғына тапталып, одан қалса ермекке жұлатындардың кесірінен қайтып шықпай, тамырынан суалып жатыр. Қыр гүлі осылайша қыр асып қырқа беткейден көрінбей барады. Осы себептен де болар жуырда «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамы бәйшешектерді жұлмауға, қайта қорғауға шақырған болатын. Табиғат мезгілдерінің ішіндегі ең тамаша кезең көктемнің гүлі саналатын әсем өсімдік тамырымен жұлынған соң қайта өспейтіндігін айтып, оны қорғауға үндеп отыр. Үндеушілер арасында «Алаш айнасының» тілшісі де бар.


Сондай-ақ табиғат жанашырлары көктем гүлін көктей солдырғандардың жазасыз қалмайтынын да қоса ескертіп отыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің 290 бабына сәйкес «Қызыл кітапқа» енген өсімдікті жұлғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылып, дүние-мүлкі тәркіленеді.  Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 Қаулысына сәйкес 865 теңге айыппұл төлеуі қажет екен. Әрине, мың теңгеге де жетпейтін айыппұлдан ешкім де айылын жия қоймас. Қырқа беткейде бәйшешек теріп жүргендерді аңдып тұрып, мойнына айыппұлды қиып салып жатқандарды да көрмедік… Мүлдем жойылып кету қаупі туғандықтан да болар бәйшешектер Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік атаулының ішіндегі тамырына қан жүгіріп, ерте оянатын гүлдің 18-ге жуық түрі бар екен. Еліміздің әр түкпіріндегі таулы аймақтарда табиғи түрлері кездеседі. Ал көгалдандыруда оның әр түсті түрлері шет елден әкелініп, жерсіндірілген. Негізінен тау беткейлерінде өсетін табиғи түрі ақ түсті болып келеді. Ал жерсіндірілген шетелдік түрлері қызғылт, тіпті көк түстілері де бар. Ол түрі мен сортына қарай әр мезгілде гүлдейді. Күн сәл ғана жылынса болды гүлдей беретіндері де бар. Сол себептен де болар биыл еліміздің солтүстігінде ақ бораны басылмай жатса, оңтүстікте бәйшешек ерте гүлдеді. Ғалымдар бәйшешектің уақытынан бұрын бүр жаруына таңдай қағып таң қалудың қажеті жоқ деп санайды. Оның ерте гүлдеуі сорты мен сол аймақтың ауа-райына да байланысты дейді. Мұрын жаратын хош иісті әсем гүл туралы аңыз да бар. Ерте заманда бір отбасының ұлы ауырып қалады. Емші оның кеселі ауыр екенін, тек жаңадан қауыз жарған гүл мен оның жапырақтары қажет екенін айтады. Қақаған қыста гүлді қайдан аламын деп аңыраған ана жаратқанына жалбарынып ұлына шипа беруін тілейді. Көз жасы көл болып, қарды еріткенде, соның астынан қылтиып гүл өсіп шығыпты дейді. Сондағысы осы бәйшешек екен. Шын жүректен шыққан тілек пен үміттің, көз жасының құрауымен дүниеге келген делінетін қыр гүлі осылайша бір баланы аман алып қалған екен. Содан бері бәйшешек үкілі үміттің нышаны саналып, оған аса құрметпен қарайтын болған. Бала кезімізде үлкендер «бәйшешекті жұлмаңдар қарғысы қатты» деп айтып отыратын. Ырым тиымды қатты ұстанатын олардан бала пейілмен «неге?» деген сұрағымызды жауапсыз қалдыратын. Ырым тиым салғанымен соны түсіндіріп бере алмағанымен де сол үлкендеріміз мұнда үлкен мән жатқанын үнсіздікпен ұғындырған болар…
Мықтыбек Талқыбаев, агроном:
– Егер табиғатқа шын жаны ашитын адам болса қыр беткейлердегі бәйшешектерді 4-5 жылда бір рет түбін бөліп алып, басқа жерге қондыру арқылы сақтап қалуға болар еді. Алайда табиғатқа, қоршаған ортаға жаны ашитын адам әзірге көрінбейді. Ол үшін мектептерде арнайы үйірмелер ашып, оқушыларды сенбілікке жұмылдырғандай етіп ұйымдастырса дұрыс болар еді.

Бақытжан Майлыбаев, Төле би ауданының тұрғыны:
– Бұрындары ауылымыздағы қырқа беткейіді аппақ болып бәйшешек жауып қалатын. Бала біткен осы гүлді теруге шығатын. Тап бір қызықты науқан іспетті еді. Бүгінде бәйшешек сиреп кеткен. Қырға шыққанда бірді екілісі көзге шалынар. Болмаса ол да жоқ. Мал аяғы таптап тастағаннан ба, әлде басқалай себебі бар ма түсініксіз. 

Бәшешек-тарих
Бәйшешек күнінің тарихы Ұлыбританиядан бастау алады. Гүлге арналған арнайы мереке  1984 жылы бекітілген. Бәйшешек әр елде әртүрлі аталады. Ағылшындар «Қар тамшысы» десе, чехтар – «Қар бүршігі», ал немістер – «Қар қоңырауы» деп атайды. 
Бәшешек- ырым
Салт-дәстүрімізде түрлі ырым-тиымдардың көп екені белгілі. Соның ішінде бәйшешекке қатысты «Бұл гүлдің қарғысы қатты, жұлған кезде әкең өлсін деп тілеп тұрады» делінеді. Сол себептен де оны жұлғанда «Әкең өлсін бәйшешек, шешең өлсін бәйшешек» деп алғашқы үш тал гүлді жұлып тастау керек» делінеді. Негізінде бұл үлкендердің балаларға гүлді жұлмасын деген ниетінен туса керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста