Қымызды заң қорғамаса қазақ қорғай алмай отыр

Қымызды заң қорғамаса қазақ қорғай алмай отыр

Қазақстанда қымыз өндірісін өркендету жағынан қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырмыз. Біз бейқам жүргенде Еуропадағы немістер қымызды патенттеп, өндірісіне оң көңіл бөле бастағалы қашан?! Расында, соңғы уақытта қысы-жазы қымызын пісетін қазақтар сиреп, көбісі шапшаң пұл беретін малға ойыса бастаған. Бақсақ, бұл да ұлттық дәстүрге, ұлттық тағамды ұлықтауға мемлекет тарапынан назар аударылмай отырғанын көрсететін тәрізді. Жуырда Мәжілісте депутат Алдан Смайыл қымызға қатысты мәселені кезекті рет көтеріп, Үкімет басшысына үшбу хат жолдады.
Мәжіліс депутаты бұған дейін де «Қымызға заң керек» деп дабыл қаққан. Соған орай, Үкіметтен алынған жауапта депутаттар көтерген ұсыныс-талаптар қолдау табатындығы айтылыпты. Мәселен, мәжілісмен Алдан Смайылдың қолдағы сауылатын биені бағып күтуге берілетін субсидияның көлемін ірі қараға бөлінетін қаржы деңгейіне дейін жеткізу туралы ұсынысы Үкімет тарапынан орынды деп мойындалған.

Алдан СМАЙЫЛ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– 2013 жылы қымызды субсидиялауға 307,2 млн. теңге бөлінген, бұл 2012 жылға қарағанда екі есе көп. 2014 жылдан бастап 280 жылқы шаруашылығына жаңа техника мен құрал-жабдық сатып алуға кететін шығынның 50 пайызын өтеу үшін инвестициялық субсидиялар бөлінетін болды. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақтың ұлттық тағамдары» ғылыми орталығын ашу жөніндегі ұсыныс та қолдау тапты.
Ұлттық мүддеден туған осындай талап-тілектердің жүзеге асқанына қуанған депутат атқарушы биліктегі жұмыстың шалағайлығын да айтып қалды. Бақсақ, қымыз төңірегіндегі өтініштердің біразы Үкімет тарапынан мақұлданғанымен, осы уақытқа дейін оның орындау жағы кешеуілдеп тұр. Соның бірі ретінде депутат қымыз және ұлттық тағамдар туралы заңының жобасын әзірлеуді алға тартады. «Үкімет басшысы берген жауапта қымыз және ұлттық тағамдар өндірісін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағындағы аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін тізімде қаралмағандықтан арнайы заңмен емес, салалық заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу арқылы реттелетін болады делінген еді, Алайда, елімізде қымыз бен шұбат, басқа да ұлттық тағамдар өндіруге жаппай құлшыныс бар екенін, бұл сала ауыл экономикасын, тұтастай алғанда ұлттық экономиканы дамытудың ықпалды саласы бола алатынын ескеріп, аталған мәселені жеделдетуді өтінеміз», – дейді Алдан Смайыл.
Сауалда айтылған тағы бір мәселе – қымыз өндірушілердің республикалық және аймақтық палаталарын құру қажеттілігі. Үкімет бұл ұсынысты мақұлдаған. Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңына қой және жылқы шаруашылықтары саласындағы жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін республикалық палаталарды құру жөнінде өзгерістер енгізетіні және Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылатыны айтылған еді. Алайда әлі күнге нақты шешімін таппай келе жатса керек. Үкіметке сауал жолдаған депутат осы мәселені назардан тыс қалдырмай, орындалуының кейінге қалмауын сұрайды.
«Аталған мәселелер барынша өзекті, себебі қымыз өндіру қарқыны жыл сайын артуда, оны шетелдер де игеруде, жаңа өндірістік құрылымдар пайда болуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Евразия Инвест LTD» компаниясы Қарағанды мен Астана қалаларының орта тұсында биенің құрғақ сүтін, балаларға арналған емдік-диеталық тағам өндіретін зауыт салуда. Ресейде мұндай тағамның жылына 500 тоннасы шығарылады. Осындай ауқымдағы шаралар заңмен реттелуі қажет», - дейді депутат.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста