Құтырма - вирус арқылы таралатын, тез өрбитін қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру, адам баласына өте ерте заманнан таныс болғанымен, әлі күнге дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі жоқ.
Дүние жүзінде жыл сайын құтырма ауруынан 55 мың адам көз жұмады. Құ-тырма ауруымен ауырған 55 мың адамның 99% жұқтыру көздері иттер.
Соңғы 3 жылда елімізде 13 адам құтырмамен ауырып қайтыс болды, оның ішінде Астана қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында 1 (7,7%) адам-нан қайтыс болса, Түркістан облысында – 3 (23,1%), Шымкент қаласында – 6 (46,1%) адам қайтыс болды.
Құтырма ауруымен ауырған 13 адамның ішінде 14 жасқа дейінгі бала - 4(30,8%).
Айта кетерлік жайт, үй және жабайы жануарлардан жарақат алғаннан кейін адамдар дәрігерлік көмекке жүгінбеген, тістелгені жайлы ешкімге айтпаған. Құ-тырма ауруы әдетте үй жануарларынан (ит, мысық) жұғады және соңғы 3 жылда жануарлардың бұл категориясы барлық жұқтыру көзінің 92,3% құрады. Бұл, белгі-лі бір деңгейде үй жануарларына құтырмаға қарсы екпенің жеткіліксіз жүргізілуі-мен, оларды ұстау ережесінің сақталмауымен және қаңғыбас иттер мен мысықтар-дың санын азайту мақсатында жұмыстардың төменгі деңгейде жүргізуімен байла-нысты болып отыр.
Жабайы жануарлар арасында құтырма ауруын адамдарға жұқтырудың негізгі көзі түлкі мен қасқыр болады, олардың үлес салмағы 7,7% құрайды.
Ауру белгісі үй немесе жабайы жануарлардан жарақат алғаннан соң 10 күн мен 1 жыл аралығында, кейде 1 жылдан аса мезгілде байқалады, көбіне 20- 60 күн-нің ішінде адамда құтыру белгілері анықталады.
Аурудың қоздырғышы адамдарға ауырған жануарлардың сілекейі арқылы жұғады. Ауруды таратушылар жабайы аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ. Олар ірі қара, жылқы, қой, ешкілерге, ит пен мысықтарға ауру жұқтырады. Соңғы 3 жылда қай-ғылы жағдайлардың негізгі себептері құтырған үй және жабайы жануарларының тістеуінен орын алған. Сондықтан ит, мысық тістеген жағдайда міндетті түрде дә-рігерге көріну қажет. Неғұрлым ерте жасалған ем соғұрлым нәтижелі болмақ.
Құтырма ауруы белгілі бір мерзімді талғамайды, жылдың кез келген уақы-тында кездеседі.
Құтырмамен ауырған адамдар суды көрсе, судың сылдырын, тіпті су деген сөзді естісе, оларда қорқыныш пайда болып, артынан жұтыну қабілетінен айыры-лып, өте қиналып өледі. Сондықтан да бұл ауруды «гидрофобия», немесе «судан қорқу» деп те атайды.
Адамдар құтырмамен, осы аурумен ауырған аңның (қасқыр, түлкі, ит, қарсақ, мысық т.б.) тістеуінің салдарынан, немесе ондай жануарлардың сілекейі адамның жарақаттанған терісімен жанасып, оның жарасына кірген жағдайда ғана ауырады. Жоғарыда көрсетілген аңдардың ішінде бұл аурудың вирусын сақтайтын негізгі аңдар – қасқыр мен ит болып саналады.
Құтырмамен ауырған аңдар мен жануарлардың мінез – құлқы, жүріс - тұры-сы әдеттегіден өзгеріп, оларда оғаш қылықтар пайда болады: мысалы, ит себепсіз үріп, немесе еңсесі түсіп, үретін жерде үрмей, адамдарға, малдарға, заттарға себеп-
сіз тап беріп, өзін - өзі тістеп, тамақ ішпей, көзіне көрінген заттарды: ағашты, тас-ты, сабынды тістеп шайнайды. Үрген дауысы қырылдап, аузынан сілекей мол бөлі-неді. Егер ауырған ит босанып кететін болса, ол бұрылмай, тікелей жүріп, жолдағы кездескен аңдар мен адамдарды алдын ала ырылдамай – ақ, бірден тістейді. Бұл ау-румен ауырған ит ауру басталғаннан кейінгі 5 – ші немесе, 6 - шы күні өледі.
Қазіргі кезде көрсетілетін антирабиялық көмектің (арнайы иммуноглобулин мен вакцина) бұл аурудың алдын алу үшін тигізетін себебі мол. Құтырмамен негі-зінен антирабиялық көмек алмағандар, болмаса оны толық көлемде алмағандар ға-на ауырады. Жыл сайын осы аурудан өлгендердің саны 2 мен 14 арасында болып отыр.
Құтырма ауруымен ауырмас үшін адам не істеу керек?
Егер, әрбір аң немесе ауырған жабайы аңдар қапқан адам немесе жануарлар-дың сілекейі денесіне тиген адам уақытында медициналық көмек алатын болса, он-да біздің арамызда құтырмамен ауыратындар кездеспеген болар еді. Ауруды бол-дырмауға бағытталған шараларды, егу жұмыстарын өз бетімен тоқтатуға, немесе медицина қызметкерлері белгілеген тәртіпті (арақ ішіп, ащы тағамдарды жеуге) бұ-зуға болмайды, мұндай жағдай орын алса, жүргізілген емдік шаралардың пайдасы шамалы болады.
Егер, түріне қарағанда сау сықылды аң адамды тістеп алса, одан пайда бол-ған жараны сабынды жылы судың көп мөлшерімен мұқият жуып, артынан дәрігер-ге көріну керек. Егер, сілекей адамның көзіне түскендей болса, онда көзді жылы судың ағынымен мұқият жуу керек.
Құтырманы болдырмауға арналған егу жұмыстары неғұрлым ерте жүргізілсе, мұндай шаралардың нәтижесі соғұрлым жақсы болады.
Негізінен ауруды тарататындар иттер болғандықтан, иесіз иттерді ұстап алып, оларды жоюды қолға алу керек. Ал, үйде ұсталатын иттер мен мысықтар есепке алынып, олар жыл сайын құтырмаға қарсы егілуі керек. Үйде ұсталатын ит-тер мен басқа да жануарлар ауыра қалған жағдайда, оларды мал дәрігерлеріне көр-сетіп, тексерту қажет.
Естеріңде болсын, құтырма ауруының алдын алуға болады.
Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама
және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы
филиалының бас маманы А. М. Тулеуов