Құмырсқа да қауіпті

Құмырсқа да қауіпті

Күнделікті тіршілкте кездесетін құмырсқаға аса көңіл бөле бермейміз. Себебі құмырсқадан қауіп жоқ деп ойлаймыз. Алайда құмырсқалар да шағу арқылы адамға ауыру жұқтырып, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сол себепті үйде құмырсқа пайда болған жағдайда, кешіктірмей дезинфекция станциясына хабарласып, жою жұмыстарын жүргізген абзал.
Жер шарында құмырсқаның 768 түрі бар. Олардың көпшілігі адамдармен көршілес тіршілік етеді. Ал Қазақстанда құмырсқалардың 10 түрі кездеседі.
А.М.ҚҰРБАНОВ, ҚРДСММСЭҚ «Алматы қаласы дезинфекция станциясы» РМҚК маманы:
– Құмырсқа – топтанып тіршілік ететін, бұнақ денелі жәндік. Ол жаңа отар түзіп, бір аймақтан екінші аймаққа көшіп жүреді. Жер шарында құмырсқалардың 768 түрі тіршілік етеді. Ал Қазақстанда олардың 10 түрі кездеседі. Олар бір аймақтан келесі аймаққа су және әуе көліктері, жеміс-жидек контейлерлері, топырақ, декоративті бұйымдар арқылы таралады. Құмырсқалардың 80%-ы жылдам көбейеді және олар жаңа мекенге тез бейімделеді. Олар адам өміріне, қоршаған ортаға және барлық инфрақұрылымға қауіп төндіреді.
Табиғатта барлық тіршілік иелері бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді. Мысалы, жыртқыштар жануарлармен қатар тіршілік етеді. Қасқырға азық болатын, қатар тіршілік ететін жануарлар жойылса, ол үй жануарына ауыз салады. Сондықтан да тіршілкте табиғи тепе-теңдік сақталып отыруы тиіс. Яғни, қасқырдың тіршілік етуіне жануарлардың болуы қажет. Сол сияқты құмырсқалар да өсімдік биттерімен бірлесе тіршілік етеді. Өйткені құмырсқалар өсімдік биттері бөлетін тәтті шырнмен қоректенеді. Сонымен қатар құмырсқалар адамдармен қатар тіршілік етеді. Оның себебі, олар жылдың барлық мезгілінде адамдар пайдаланатын азық-түлік қалдықтарын қорек етеді. Адамдармен қатар тіршілік ететін құмырсқалар адамға қауіп төндіреді.
Н.С. ЕСІРКЕПОВ, ҚРДСММСЭҚ «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы:
– Табиғатта бір ағзалардың өмір сүру әрекетіне екіншісінің әсер ету жағдайы болады. Екі және одан да көп түрлердің бірігіп тіршілік етуі де жиі кездеседі. Тіршілік етуде олардың бір-біріне көмегі тиеді. Сондай-ақ зияны да болуы мүмкін. құмырсқалармен бірігіп тіршілік ететін сондай жәндіктің бірі – өсімдік биттері. Олар аурудың биологиялық көзі болып табылады. Өсімдік биті – мөлшері бірнеше миллиметрден аспайдтын, қанатсыз жәндік. Олар жұмыртқа салу арқылы және тірідей туу арқылы өздерінше көбейе алады. Құмырсқалар өсімдік биттері бөлетін тәтті шырнды қорек етеді. Сол арқылы өсімдік ауруларын адамға жұқтырады. Құмырсқалар вирустарды, бактерияларды, қарапайымдылар цистасын, құрттардың жұмыртқаларын адам денесіне тасымалдайды.
Құмырсқалардың уы активті, қаруланған. Улы безінің өзегі бар, шаншары құрсағында. Құмырсқа шаққанда ауыртады, шаққан орны қызарып, іседі. Егер бірнеше рет шақса, адам денесінде аллергия туындатуы ықтимал. Шаққан жеріндегі шаншарын алып тастап, сол сәтте орнын дезинфекциялық ерітіндімен сүрту керек.
Ескерту:
Құмырсқалар әртүрлі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын – парасүзек, күл, туберкулез, құрттардың жұмыртқаларын таратушалар болып табылады. Сондықтан, үйде құмырсқа пайда болса, оларға қарсы дұрыс дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу қажет.

ҚРДСММСЭҚ «Алматы қаласының дезинфекция станциясы»
РМҚК маманы К.К. КАРДАСИНОВ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста