Құмай құс қайда жүр екен?..

Құмай құс қайда жүр екен?..

Құмай тазы туралы аңызды естіп өстік. Оны ауылда кіндік қаны тамған қазақтың әрбір қара баласы білетін шығар. Саятшылық өнерді серік еткен жұрт иттің осы түрін қорасында ұстаушы еді. Аңға шыққанда қасына ертіп жүретін. Тазысы бар адам даладан олжалы оралатын. Кірпік қағып үлгергенше, ол артынан қуған аңның қасына жетіп барады. Көз ілеспес жылдамдығына талай адам тәнті болады. Аңшылар өз итінің жақсы қасиетін бағалап отыратын-ды. Ескінің адамдары құмай тазы құстан туған деуші еді. Оған елеңдеп қаламыз. Былай алып қарағанда, биологиялық тұрғыда құстан екінші бір жаратылыстың өмірге келуі мүмкін емес. Алайда он сегіз мың ғаламның жұмбағы таусылған ба?! Жаратушы иеміздің құдіреті күштілігіне шәк келтіре алмаймыз. Бәлкім, біз үшін талай құпия бар шығар... Бұл тақырып кім-кімді де қызықтырары хақ. Сонда құмай тазы қандай құстың баласы екен?..
Тазының бірнеше түрі бар. Ерек­­шесі – осы құмайы. Бұл тұр­ғыда талай адаммен сөйлестік. Әр­­кімнің жорамалы түрліше. Біреуі қарақұстан десе, екіншісі италақаз дейді. Жалпы, құмай деген тіркестің мағынасы қан­дай? Оның да мағынасын ашуға мүм­кіндік болмады. Оған да айты­ла­тын жорамал бір арнаға то­ғыс­пайды. «Құмай» сөзі қазақ тілін­де көп қолданылмайды. Тазының жүйріктігіне, алғыр­лы­ғы­на, жыл­дам­дығына бай­ла­ныс­ты айты­ла­тын шығар дейді көп­шілік.
Аталмыш сауалды ғалым­дар­ға да қойдық. Олар да нақты дәлелді тауып бере алған жоқ. Көп жылдан бері аң-құстар әле­мін жіті зерттеп жүрген қызыл­ор­далық биолог ағамыз Ораз­бай Қосанов бір ойдың ұштығын шы­ғарды. «Мен түрлі кітаптарды ақтардым. Құмай деген құс тура­лы хабарсыз болдым. Ол жайында түрлі ғылыми еңбек­терде айтыла бермейді.
Таяуда ғылыми еңбектерден біршама дерекке кезіктім. Ол туралы мүлдем ай­тыл­­майтындықтан,  қарапайым адамдар біле бермеуі мүмкін», – деді ол кісі.
Осылай жүргенде қолымызға «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» төртінші томы түсті. Аталмыш еңбектің 467-бетінде құмайға байланысты «құмай – тазының ең жүйрік, алғыр түрі» деген анықтама беріл­ген. Кітапта өзге дерек жоқ. Ал құмай құс туралы ештеңе де айтылмайды. «Құмай» сөзі тек тазыға байланысты ғана берілген екен. Осыған қарай отырып, біздің құмай құс туралы білетініміз аз екенін бағамдау қиын емес.
Жаһандық желіні шарлай отырып, атал­ған тақырыпқа байланысты біраз де­рекке жолықтық. Құмай елдің көзіне түсе бермейтін қанаттының бірі екен. Негізінен таулы жерлерді мекен етеді. Оның өзінде де адам аяғы жете бермейтін биік мекенді қоныс етеді. Осының нәтижесінде оны қа­рапайым қазақ баласы біле бермеуі мүм­кін. Құмай құсты Тибет, Гималай, Па­мир, Тянь-Шань тауларында көргенін шетелдік ғалымдар өз еңбектерінде сөз етіпті. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы биік тау жоталарында кездеседі делінген тағы бір мәліметте. Таудағы орманды алқаптан жоғары аймақта тіршілік етеді деседі.
Қолдағы тағы бір мәліметке сүйенсек, олардың саны бұрынғы кезеңде біршама көп болған екен. Қазіргі күні мүлдем аза­йып қалған. Құмай құстар не себепті кеміп кеткен? Олар жайында өзіміз енді-енді біліп жатырмыз. Сол себепті бұл тұрғыда нақты жауап табу оңайға соқпайды.
Осыдан 20 жылдай бұрын, дәлірек айт­қанда, 1989 жылы құмайдың белгілі бір шоғыры Іле Алатауының заңғар шың­дарынан байқалған. Теңіз деңгейінен 3 мың метр жоғары орын тепкен, биіктігі 500 метр жартастың қуысында құмай құс көзге ұшырасқан. Тағы бір құмайдың тобы Ша­рын өзенінің орта сағасындағы Жалаңаш аңғарында байқалған. Оның өзі теңіз дең­гейінен 1700 метр биіктікте жатыр. Сон­дай-ақ Шелек өзенінің жоғары сағасынан да адамдар байқаған екен. Ол маңда бес ұя бар екені көзге түскен. Одан бері құмай құстар құрып кетпеді ме екен? Қаншама жыл өтті. Одан бері талай нәрсе өзгерді емес пе?! Жоқ, құмай құс әлі бар екен. 2003 жылы олардың тағы бір шоғыры байқал­ған. Одан беріде де көзге ұшырасқан. Құ­май құстың балапаны да көп болмайтын көрінеді. Бір-екі балапаннан артық бас­пай­ды екен.
Құмай құс пен құмай тазының арасын­да байланыс бар ма? Кезінде аңшылар тазының ерекше бір түріне соның атауын берген шығар. Саятшылық жасаған ата-бабалар аталмыш құстың ұясынан тазының күшігін алды ма екен? Бұл жайында әзірге бізге белгісіз болып отыр. Аңыз түрінде айтылатын әңгімелерде құмай құстың ескерусіз қалатыны неліктен? Бұл тұрғыда О.Қосанов ағамыз: «Аталмыш құс Қазақ­с­тан­ның барлық аймағында кездесе бер­мейді. Ерте замандарда оның ұлан-байтақ жеріміздің таулы өлкелерінің биік жерле­рін­де мекен етуі ғажап емес. Бертін келе олардың Алатау аймағынан басқа жерлер­де мүлдем құрып кетуі әбден мүмкін ғой. «Құмай» деген атаудың елдің жадында жатталып қалуы сол себепті де болуы мүмкін», – деген пікірді көлденең тартады. Бұл уәж де құлақ асуға тұрарлық.
Біздің халықтың талай құпиясы ашыл­май жатыр. Оны өзіміз де мойындаймыз. Әсіресе елдің аузында айтылатын әпсана мен аңыздар тұрғысында толыққанды зер­делі зерттеу жасай алмай келеміз. Солар­дың бірі – құмай тазы жайындағы аңыз. Оның шындығын ешкім де білмейді қазір. Тіпті оның қандай құстан туылатыны жө­нін­дегі жорамал да бір арнаға тоғыспай тұр. Қазіргі ұрпаққа ол аңыздар жөнінде майын тамыза әңгімелеп беретін шежіре қарттардың қатары да кеміп барады. Бүгін­гі буын өзіміздің аңыз бен әпсанадан гөрі, шетелдің қиял-ғажайып оқиғасын жақсы біледі емес пе?!
Құмай құс қайда жүр екен?..   

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста