Құлбазардағы ердің құны – 2-3 мың теңге

Құлбазардағы ердің құны – 2-3 мың теңге

Әз-Тәуке «Жеті жарғысында» құнын -1000 қойға бағалаған ердің бүгінгі нарықтық құны –  2 мың теңге боп тұр. Қазір еліміздің кез келген қаласында құлбазар бар. Онда өзге ұлттың біреуін таппайсыз. Өңшең қазақтар. Байшыкештерге, байларға жалданып жұмыс істейді. Атауы құлаққа түрпідей тигенімен, бүркемелейтін дәнемесі қалмады.
Қарағандыда да бар. Қара базардың қасындағы көпірдің астында қазақтың тепсе темір үзетін жігіттері құжынап тұр.Ұзын саны 100-ге жетіп жығылады. Күнделікті жұмыс орындары  – көпірдің асты, жол бойы. Күш-қуатының құны – небәрі 2-3 мың теңге. Күніне.
Тұрақты жұмыс жоқ.Құлдыққа салынуға мәжбүр. Бірақ олардың өмірлерінің қауіпсіздігіне, еңбектеріне сай төлемін толық алатынына  кепіл жоқ. Өлтіріп кетсе, іздеушісі тағы жоқ.
Статистикаға сүйенсек, елімізде 8941, 10 адам еңбекке жарамды екен. Оның ішінде, 8462 мың адам жұмыспен қамтылған.  Жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайыз ғана! 15 -24 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың үлесі 4,2 пайызды құрайды. Бірінші тоқсандағы Статистика агенттігінің дерегі осыны көрсетіпті.  Бұған қарап қайран қалдық. Неге жұрттың бәрі сонда сабылып жұмыс таппай жүр? Сонда құлбазар мен күңбазар қайдан шықты? Ауыл туралы айтып, ауыз аурытпай-ақ қоялық бұл арада. Өйткені, ондағы жағдай айтпаса да, мәлім.
Әлбетте, бұл – статистика! Шындығында, бұл күнде екінің бірі, егіздің сыңары – жұмыссыз!  Оны «жасырын жұмыссыздық», «ашық жұмыссыздық» деп жікке бөлгенімен, жұмысыздықтың аты – жұмыссыздық. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен қосынды өзгермейтіні секілді. Қалай дегенмен де, елдің әл-ауқатына, әлеуметтік жағдайына әсер етпей қоймайды.
Айдын, жалданушы: Күнделікті ақшамыз 2-3  мың теңге шамасында. Кез келген жұмысқа келісеміз. Таңдау жоқ. Таңертеңгілік мында жалданушылар  өте көп. Бәрі де қазақтың жігіттері. Таңертеңгі сағат 10-11 - базардың қызған кезі.
Марат,:Мұңғалиядан келгенбіз. Келгеніме 2 жыл болды.   Күніне 500 теңге тапсақ та, шүкір дейміз. Ең жоғарғы табысым, осыдан екі жыл бұрын болды. Жүк түсіріп, 15 мың теңге алдым.
Бұл арада жалданушылардың саны 100-ге жуық. Көпірдің басынан соңына дейін 15 шақты нүкте (точка) бар. Барлығында тек қазақтар. Жетіскеннен тұрған жоқпыз.  Бала-шағаны асырау үшін келеміз. Бұл жерде қағылған-соғылған, ішімдікке салынғаны жоқ. Бәрінің де отбасы бар. Дұрыс өмір сүргісі келетін жігіттер. Орталық базар тиіп тұр. Бірақ онда орын жоқ бізге. Орын тиген күннің өзінде тапқанымыз түкке тұрмайды.
«Жығылғанға жұдырық» дегендей, арасында милициялар келіп, екі-үшеуімізді алып кетіп, ашылмай жатқан істеріне түсінік алып,  мойнына іліп қоятыны да бар. Маза көрсетпейді. Біздің жағдайымызды жоғары жаққа жеткізіңіздер, сіздерге Алла разы болсын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста