Қозғалтқышының көлемі 3000 (3 мың см3) текше сантиметр болатын көлік сатып алмақшы едім, оның салығы қанша болады?
Жақсығали БАЙҒАЛИЕВ, Атырау облысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 152-V Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Салық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалардың жекелеген санаттары үшін 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген), қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер бойынша жеңілдіктер алынып тасталады.
Одан басқа, ҚР-да 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе ҚР-ның аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салық ставкасын өзгерту қарастырылған. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай жеңіл автомобильдер қозғалтқыш көлемі 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда - 35 АЕК, 3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда – 46 АЕК, 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда – 66 АЕК, 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда – 130 АЕК, 5 000-нан жоғары – 200 АЕК ставкасымен салықтандырылады. Бұл ретте, қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады. АЕК-1 852 теңге.
Қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметр көлік үшін; 35*1852=64 820 теңге