«Қорада» тұрып жатқан отбасы халықтан көмек сұрайды

Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылында тұратын Қожановтар отбасының басында баспанасы болғанымен, өкінішке орай, бұл аяз бен жаңбырдан құтқармайды.
Саманнан тұрғызылған лашық үйде 53 жастағы Гүлжан ҚОЖАНОВА ІІ топтағы мүге-дек қызымен бірге тұрып жатыр.
- Бұл үйді атам 1944 жылы тұр-ғызған. Содан бері бұл баспана күтімнің арқасында осы кезге дейін жетті, - дейді Г.Қожанова. - Жолдасым барда төбені майлап, су өтпеуіне жағдай жасайтын. Енді, міне, төрт жыл болды, ол қайтыс болғаннан бері бұл үй күтімсіз тұр. Оны майлап-сайлауға менің денсаулығым көтермейді, күрделі жөндеуге де жағдайым жоқ, жаңадан үй салатын ақшамыз да жоқ. Қолымдағы қызым неврологиялық диспансерде есепте тұрғандықтан жұмыс жасауға қабілетсіз. Үлкен қызым Атырауда тұрмыста, бала-шағасы бар, бізге жәрдемдесе алмайды.
Үйдің едені жоқ, шатырдың орнына сабан төселген. Газ келгенімен, жылу ұстамайды, суды құдықтан тасиды. Қатты желде үй теңселіп тұрғандай болады екен.

- Бірнеше рет әкімдікке арыздандым. Бір жыл бұрын Құлсары қаласындағы көпқатарлы үйден уақытша бір бөлмелі пәтер берді. Коммуналдық төлемақыларын төлеп тұруым керек болды. Аз ғана тұрып көрдім. Шығатын шығын көп болды, сондықтан бұл жалдамалы уақытша берілген үйді тастап, қайтып келдім. Ауылға қайтып келуімнің тағы бір себебі - ауылдан кеткім келмейді. Қызымды да көзден таса етуге болмайды. Оның мүгедектігіне ай сайын 35 мың теңге қолға тиеді. Сонымен амалдап ауылда күн көріп жатырмыз, - дейді Г. Қожанова.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік ХАМИДОЛЛА күнкөрісі төмен отбасы ретінде Қожановаларға демеушілікпен азық-түлік беріліп тұратынын айтты.
- Қожановалардың үйі шынымен де тұруға жарамсыз, - дейді Шоқпартоғай ауылының әкімі Ерболат ЕЛЕУСІНОВ. - Шағындап үй тұрғызу үшін кәсіпкерлерден көмек сұрадым. Бірақ бұған ешкім ниет танытып отырған жоқ. Сосын аудандық әкімдікпен келісе отырып, осы бір бөлмелі пәтерді уақытша беруді ұйғарғанбыз. Бұл пәтерді одан ешкім тартып ала алмайды. Оған дейін ол пәтерде жалғызбасты ер адам тұрған, ол қайтыс болды. Заңдылығына сәйкес бір жылға дейін ол үйге ортақтасатын адам болмаса, Құлсары қаласы әкімдігінің қарамағына өтеді. Мұндағы проблема - біз Қожановаларды еркінен тыс көшіре алмаймыз. Ал, үйі күрелген жағдайда жері өз атында қалады.
azh.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста