Қоқысты өңдеу арқылы «жасыл» экономиканы жайқалта аламыз

Қоқысты өңдеу арқылы «жасыл» экономиканы жайқалта аламыз

Күн сайын әрқайсымыз үйімізден қаншама қоқыс шығарамыз? Қоқысты далаға шашпай, пакетке салып, контейнерлерге апарып жүрміз ғой деп үлкен жұмыс бітіргендей болатынымыз рас. Алайла ары қарай бұл қоқыстың біздің өмірімізге қалай әсер ететіні жайлы ойлана бермейміз. Күніне тонналап шығатын қоқыс қайда кетеді? Сіздің жай ғана шайнап тастай салған сағызыңыздың топырақта 30 жылға дейін жататынын білесіз бе? Ал шырын ішкен пластик түтікше 200 жылға дейін шірімей жата береді. Сол секілді ескі аяқ киім 10 жыл, пластик бөтелкелер мен пакеттер 180-200 жыл бойы ыдырамайды. Ал балалардың бір реттік жөргектері мен әйелдердің жеке гигиеналық төсемелері 500 жылға дейін шірімейді екен. Бұл тізімді ары қарай шексіз жалғастыра беруімізге болады. Осыдан-ақ адамзаттың қоршаған ортаға қаншалықты орасан зиян келтіріп жатқанын білуге болады емес пе?


Елімізде қоқыс жинау, оны өңдеу мәселесіне мән бермесек, экологиямыздың жағдайы мүшкіл болмақ. Қатты тұрмыстық қалдықтарды игеру &ndash Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы мәлімдеген "жасыл" экономикаға көшу концепциясындағы басты тармақтардың бірі.
Қазіргі таңда елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, энергия өндіруге бағытталған «WASTE-TO-ENERGY» жобасы іске асырылмақ. Әзірше жобаның мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып жатыр. Елімізде алғаш рет жүзеге асырылғалы отырған бұл жоба Қазақстанның әр өңіріндегі полигондардағы қатты тұрмыстық қалдықтардың морфологиялық құрамын, физикалық-химиялық қасиеттерін және энергетикалық көрсеткіштерін зерттеуді, қалдықтармен жұмыс істейтін электр станцияларын салу үшін технологиялық құжаттама мен инженерлік-геологиялық іздестірулерді дайындауды, инвесторларды іріктеу бойынша жобалық аукционды
ұйымдастыруды және басқа да бағыттарды зерттеп, болжам жасауда. Жобаны іске асыру үшін еліміздегі осы салаға бейімделген компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге waste-to-energy саласында табысты жұмыс тәжірибесі бар халықаралық компанияларды тарту жоспарланып отыр.
Бүгінде Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау мәселесі өзекті болып тұр. Оның үстіне елімізде қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі 3,5 мыңдай полигонда 120 млн тоннадан астам қалдық жинақталған. Жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам қалдық жиналады екен. Ең қынжылтатыны, еліміздегі 16 мыңдай гектар жерді алып жатқан 3500 ҚТҚ полигонының небары 623-і экологиялық және санитарлық талаптарға сай келеді. 27 полигон белгіленген қуаттылық нормативінен тыс жұмыс істейді.
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIPC) Басқармасының Төрағасы Рамазан Жанпейісовтың айтуынша, елімізде тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан бізге осы сала бойынша әлемдегі алдыңғықатарлы мемлекеттердің тәжірибесіне сүйену керек.
Рамазан Жанпейісов, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIPC) Басқармасының Төрағасы:
&ndash Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу небәрі 15% ғана, ал әлемдегі озық тәжірибе бұл көрсеткіш 70%-ға жеткен. Қатты тұрмыстық қалдықтардың бәрін өңдеу мүмкін емес, әрине. Ең болмағанда бір бөлігін, бұл дегеніміз 30-50 пайыз ресурс ретінде қалдықтарды пайдаланатын станцияларда электр және жылу өндіре отырып waste-to-energy технологиясы бойынша кәдеге жаратылса жақсы болар еді. Бұл тұрғыда тұрмыстық қалдықтар бағалы фракциялар, энергия, компост өндіру үшін пайдаланылатын маңызды ресурс болып табылады».

Тұрмыстық қалдықтарды термиялық кәдеге жарату парниктік газдардың ауаға таралуын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан климат жөніндегі Париж келісімінің аясында міндеттемелерді орындауы үшін парниктік газдардың тарау көлемін азайтуға мүдделі. Бүгінгі таңда елімізде жыл сайынғы полигондардан ауаға тарайтын СО₂ 5,4 млн тонны құрайды. Бір жағынан, егер қазірден бастап тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесімен айналыспасақ, бірнеше жылдан кейін-ақ Қазақстан экологиясының өте нашарлап кету қаупі бар.
Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша қалдықтарды энергияға айналдыратын 2,5 мыңнан астам қоқыс өңдейтін зауыттар салынып, жұмыс істейді. Айталық, өндірістік қуаты жылына 360 млн тонна болатын 2440 зауыт оттықты пеште қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу технологиясын қолданады. Мұндай технологияда қалдық алдын ала өңделмей-ақ, қабаттап жағылады. Ал жалпы өндірістік қуаты жылына 2,5 млн тонна болатын 100&ndashден астам зауыт пиролиз пешінде қалдықтарды жағу технологиясын пайдаланады. Мұнда жылу шығару қабілетін арттыру үшін кіріс қалдықтары алдын ала өңделеді (түйіршіктеледі).
Waste-to-energy қағидаты бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар ретінде Австрияның Вена қаласындағы 1971 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан, жыл сайын 250 мың тоннаға дейін қоқысты кәдеге жарататын және 60 МВт жылу 120 ГВт *с электр қуатын өндіретін қоқыс өңдейтін зауытты, Данияның Копенгаген қаласындағы Амагер Бакке зауытын да атап өтуге болады. Бұл зауыт 2017 жылы ашылған және жылына 400 мың тонна қоқыс өңдейді әрі сәйкесінше 160 мың және 62,5 мың үй шаруашылықтарын жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етеді. Қазір Қазақстанда олардың waste-to-energy қағидатын енгізу кезіндегі тәжірибесі зерттеліп жатыр. Жалпы, елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру және қолда бар инфрақұрылымды жаңғырту үшін инвестициялардың едәуір көлемін тарту талап етіледі.
«WASTE-TO-ENERGY» жобасын іске асыру үшін тұрмыстық қалдықтарды термиялық кәдеге жарату мәселесіне инвесторлардың назарын аудартуымыз керек. Сонымен қатар олардың аукционға қатысуы үшін барлық қажетті техникалық және заңнамалық ақпаратпен қамтамасыз етілуі маңызды. Инвесторлар арасында бәсекелестіктің боуы да шарт, мұның нәтижесі тариф үшін пайдалы.
2020 жылдың соңына дейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдау күтілуде, ол ҚТҚ энергетикалық кәдеге жарату ұғымын айқындайды, оларды термиялық қайта өңдеу жөніндегі объектілерді пайдалану кезіндегі талаптарды белгілейді, ЖЭК станцияларына ұқсас ҚТҚ-мен жұмыс істейтін электр станцияларын қолдау механизмдерін енгізеді, сондай-ақ осы сегменттегі инвесторлардың жұмысы үшін басқа да қажетті жағдай жасайды.
Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста