Қонақүйдегі секс-притонның жолы кесілді

Алматының Әуезов ауда­нын­дағы «Ақсай» ықшамауданында орналасқан шағын қонақүй он шақты жезөкшенің мекеніне ай­нал­ған. Жезөкшелікпен айна­лы­суға жағдай жасаған притонның басшысы Жамбыл облысының 40 жастағы азаматшасы болып шықты.
Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қыл­мыс­қа қарсы күрес басқармасының адам саудасымен күрес бөлімі қызметкерлерінің хабарлауынша, администратор тұрғындар­ға жеңіл жүрісті қыздарын ұсынып, аз ақ­ша­ға келісім жасайтынын айтып, жеңгетай­лық қызмет ұсынып отырған. Адам сауда­сымен айналысатын қылмыстық топ ар­найы құрықтау операциясын өткізу бары­сын­да қолға түсті. Жеңіл жүрісті бойжеткен өз клиентінен 8 мың теңге алған. Ұсталған азаматшаға жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған және жеңгетайлық қызмет ұсынған деген айып тағылды. Қа­зір­гі уақытта күдіктіден қаладан шықпау жөнінде қолхат алынды. Тәртіп сақшыла­ры­ның қолына түскен Гүлзира есімді әйел «Қалқаман» ықшамауданында жалдамалы пәтерде тұрады екен. Сонымен қатар ол кәмелеттік жасқа толмаған екі сәбидің ана­сы болып шықты. Секс-притонда ұстал­ған жезөкшелерді тергеу жұмыстары жүр­гі­зіліп жатыр.
Таңат НАЗАНОВ,  Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының адам саудасымен күрес бөлімінің бастығы:
– Ұсталған азаматша Алматыға осы­дан жарты жыл бұрын келіп, туыста­ры­ның қонақүйіне жұмысқа орналасқан­дығы бізге белгілі болды. Асылы, ол сол жердің қожайыны ретінде иелік етіп,   өз «қамқорлығын­дағылардың» оның талаптарын орын­дауға, сонымен қатар клиенттер жал­ға алған бөлмелерге күн­делікті сағат­тап ақы төлеуді мүлтіксіз орындаула­рын талап етіп отырған. Адми­нистра­тор­ды қолма-қол қылмыс үстінде қолға түсіру үшін біз алдымен жедел іс-шаралардың тұтастай жиын­ты­ғын өткіздік. Нәтижесінде қазіргі кезде бұл әйелдің қылмыстық кәсібінің бұлтарт­пас айғақтарына қол жеткізіліп отыр. Алғашқы шара негізінде оған қаладан шықпау туралы қолхат берілді. Қазіргі таңда біз осы қонақүйді мекен еткен жеңіл жүрісті қыздардан оларды заң­сыз бас бостандығынан айырып, жезөк­шелікпен айналысуға мәжбүр­ле­гендігі жөнінде жауап алудамыз. Егер осы іспеттес фактілер анық­тала­тын болса, онда бұл тағы бір қылмыс­тық тергеудің негізі болатыны анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста