Қазіргі қарттар неге қыздарына қашады?

Жақында ғана қарттар мерекесін тойладық. Саналы елдің көпшілігі алыс-жақындағы ата-аналарын құттықтап, ұзақ ғұмыр тілеген шығар деген үміттемін. Өйткені, жарық дүниеге сыйлаған, «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» әлпештеп өсірген, білім беріп, тәрбиелеген ата-ананың орны қашан да бөлек.
Қазіргі күні қоғам өзгерді ме, адам өзгерді ме, әйтеуір қарияларға деген көзқарас та бүгінде өзгеше. «Қарты бардың қазынасы бар» деген киелі сөз де қазіргі күні мәнін жойып алған сияқты. Бүгінгі жастар қариялардың ақыл-кеңестеріне құлақ түрмек түгілі, өздерінің күн көрісін күйттеп кетті. Көпшілігі қара басының қамын ойлап, табыс тауып, ел қатарлы өмір сүру үшін қаланы жағалап кеткелі қашан. Ауылда қалған ата-аналары амалы жоқ, қиналса да балаларының артынан келуге мәжбүр болып жатқанын осы қоғамнан көптеп кездестіруге болады.
Қашан да қара шаңырақ иесі – отбасындағы кіші ұл бала. Яғни, сол шаңырақтың түтінін өшірмей, әке-шешесін бағып-баптайтын да сол. Дегенмен, қазіргі қарттар қыздарын жағалап, көңілдері қыздарына ауып тұрады. Осының астарына үңіліп, себебін тауып көрсек.
Шаңырақтың шам-шырағы, үйдің берекесі де, мерекесі де әйел адам. Көп нәрсе әйелге байланысты. Ол үйдің ұсақ-түйегінен бастап, ірі мәселелеріне дейін араласады. Ал, «еркек түзде», даланың адамы. Үй шаруасындағы көп нәрсені көңіліне ала бермейтін аңғал жаратылыс. Осыны ескерсек, «қыз» жақын ба, «келін» жақын ба деген сұрақ туындайды. Әрине, мен бүкіл келіндерге күл шашайын деп отырған жоқпын. Өзім де бір үйдің келінімін. Келіннің де келіні бар дегендей. Дегенмен, әке-шешеге қызындай қарайтын жан табыла қоймас. Қыз бала қайырымды келеді, қалай десеңіз де өз әкесі мен шешесіне бүйрегі бұрып тұратыны, шынымен жаны ашитыны шындық. Ол қанша ұрысып жіберсе де майдай жағып тұрады, тіпті білінбейді де. Ал келіннің бір ала көзбен атқаны жүрегіне қанжар болып қадалмай ма?! Ұлдың үйінде келіннің қабағына қараса, қыздың үйінде «өзі би, өзі хан» емес пе?!
Анам он екі бала көтерген алтын құрсақты адам. Келіндері бетіне келмей, асты-үстіне түсіп, бәйек болып тұрса да біздің анамыз қыздарына қашады. Мен оны жақсы түсінемін. Бүгін анам менің қолымда. Қасымда бола берсе екен, көз алдымда жүрсе екен деп тілеп отырамын. Сүйегі сырқырай қалса, қақсаған жерін сылап, өзің қамқор боласың. Тәтті-жұмсақты алдына тосасың. «Жұмақтың кілті – Ананың табанының астында» демей ме? Ата-ананың қадіріне жете алмаған адам, Алланы да сүйе алмайды деп ойлаймын. «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ!» деген аталы сөздің де астарында қаншама сыр жатыр. Өмір кезек. Кейін кәрілік бізге де жетер. Сонда балаларымыздың бізге дұрыс қарағанын қалайтынымыз хақ. Ол әрбір пенденің арманы шығар. Сондықтан да Ата – Анаға Құдайдан кейінгі Тәңір деп қараған абзал, ағайын...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста