Қазіргі әскер қандай болуы тиіс?

Қазіргі әскер қандай болуы тиіс?

Мамандардың айтуына қарағанда, бүгінгі Қазақстан әскерінің құрылымы бұрынғы кеңестік әскери жүйеден алыстап кете қойған жоқ. Ол жүйеге сай алдыңғы шептегі әскерді азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыратын қосалқы әскери бөлімдер бірге жүруі тиіс. Бүгінгі заманда ол жүйе тиімсіз. Сондақтан қазіргі әскер мобилді болуы керек.
Расымен де, қазіргі америкалық, ресейлік фильмдерді қарасаңыз, ұрысты үлкен құрамен жүргізіп жатқан әскерді көрмейсіз. Білгілі бір тапсырманы орындауға аз құраммен жасақталған мобилді әскери топ жіберіледі. Ол топты азық-түлікпен, оқ-дәрімен, дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мобилді топ жүрген жерінде тамағын өзі тауып жейді. Сарбаздардың бірі жарақат алып қалса, топ мүшелерінің кез келгені оған алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Тапсырманы орындауға қажетті қару-жарақ, оқ-дәріні өздері алып жүреді. Олардың әрбірі кез келген әскери техниканы жүргізе алады және байланыс құралдарын кәсіби деңгейде меңгерген. Картаның көмегімен жергілікті жерді тез тауып, сол жердің жағдайына қарай әрекет етеді. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қас шеберлер. Әскердің осылай әрекет етуін тек фильмдерден ғана емес, америкалық әскерлердің Ауғанстандағы, Ирактағы әскери қимылдарынан байқауға болады. Әр сарбаз шыңдалған, өз ісінің шебері, білікті маман болғандықтан олар тарапынан адам шығыны аз болды.
Әрине ондай деңгейге жету үшін әрбір сарбаз шыңдалған, білімді, білікті болуы тиіс. Әскер мобилді топтардан құралуы қажет. Өкінішке қарай бүгінде қазақстандық мобилді әскери бөлімдер жоқтың қасы.
Әскерде, «жаттығу кезінде қиын болса, соғыста оңай болады» деген қағида бар. Яғни, әскери оқу-жаттығулар жоспар бойынша ғана жай өткізілмей, заман талабына сай өткізілуі тиіс. Оқу-жаттығу алаңдары барлық қиындықтар мен кедергілер қарастырылған нағыз соғыс алаңына сай болуы керек.
Өкінішке қарай, базбір әскери қызметті атқарып қайтқан жастардан «автоматты бір рет, ант берер кезде ған қолға ұстап көрдім» деген сөдерді есітіп қаласың. Бір жыл әскерде қызмет етіп, қолына ант берерде бір рет автомат ұстаған, автомат атуды да үйренбеген сарбаздан не талап етуге болады?!
Осыдан үш-төрт жыл бұрын Қапшпағайдағы әскери бөлімде отан алдындағы міндетін атқарып жүрген інімнің баласын көруге бардым. Сенбі күні болатын. Хабар жетіп, басшыларынан рұқсат алып шыққанша, арадан біраз уақыт өтті. Есік алдында күтіп тұруымызға тура келді. Сол сәтте өзім куә болған бір жағдай: Командирлердің бірі он шақты сарбазды әскери бөлім сыртына алып шығып, маңайды тазалатып жүр. Сарбаздардың бірін сөзге тартып «неге қоқыс теріп жүрсіңдер, бірдеңе бүлдіріп, айыпты болдыңдар ма?» деп сұрадым. «Уақыт бос болған соң құр жатпасын деп алып шықты» деп, одан әрі сөйлесуге бастығы рұқсат бермеген соң өз шаруасына кетті. Бос жатпасын дегені дұрыс. Алайда, айналаның қоқысын тазалатқанша спорттық, әскери жаттығулар жасатуға болмай ма? Соңынан бауырымның баласынан сұрасам, әскери және спорттық жаттығулар жоспарлы уақытта ғана өткізіледі екен.
Бақытжан СМАҒҰЛОВ, Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері:
– Әскер қатарына алынатын әрбір сарбаз сұрыптаудан өтуі тиіс. Сұрыптау талаптарына сай болмағаны бір айлық әскери қызмет атқарсын. Өткенде аэромобилді әскери бөлім сарбаздарының жекпе-жек төбелесу жарысын көрдім. Сонда 65 келі салмақта сайыс болды. 65 келі салмақпен оны кім аэромобилді бөлімге жіберген? Талап қайда? Аэромобилді әскери бөлімге бойы 180 см, салмағы 75 келіден кем болмайтын жастар таңдалып алыну керек. Сол сияқты келісімшартпен әскерге алғанда да нақты талаптарды ескеру керек. «Бұрын әскерде қызмет қылған екен» деп жұмыс таппай, несиесін төлей алмай жүрген біреуді ала салуға болмайды. Келісімшарт негізінде қызмет етуге мерзімді әскери міндетін атқару кезінде өзінің біліктілігін, білімділігін, әскери қызметтің қиындығына төзе білетін, психологиялық тұрғыдан ұстамды екенін дәлелдеген жастарды алу керек. Кеше ғана Ақтауда болған жағдайды естіген шығарсыз? Бір-біріне қиянат жасайтын әскер кімге қорған болады? Сондықтан әскерге алуда әрбір болашақ сарбазды қатаң сұрыптаудан өткізу қажет. Олардың тек дене бітімі ғана емес, білімі, біліктілігі, физикалық шыңдалуы талапқа сай болуы қажет. Олар заманауи әскери техниканы, қондырғыларды жетік меңгере алатын алғыр болуы тиіс. Бұл заман талабы. Кеше ғана Қарақалпақпен арадағы шекара бекетінде болдым. Осы жолы шекара әскерінде қызмет етіп жүрген сарбаздардың дұрыс сұрыптаудан өткеніне көз жеткізіп қайттым. Әлеуметтік жағынан да қамсыздандыру дұрыс жолға қойылыпты. Сұрыптау аэромобилді бөлім мен шекара қызметіне ғана тиісті емес, барлық әскери бөлімге сарбаздар сұрыптап алынуы тиіс. Сонан соң қай аймақта тұрса, сол аймақта қызмет етсін деген де дұрыс емес. Тағы бір қоса айтатын жайт, әскери бөлімдерде оқу-жаттығу жоспар бойынша ғана емес, үздіксіз жүргізіліп отыруы тиіс. Сонды ғана сарбаз шыңдалған, нағыз қас шебер болады. Бітімгершілік мақсатта өзге елге жібереміз десек те, олар кез келген уақытта дайын тұрады.

Расымен де, тамыр-таныстықпен баласын ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара әскеріне жіберіп жататын жағдайлар кезігіп жатады. Ондағы мақсат – әскерден кейін құқық саласына қызметке кіру. Тамыр-таныс арқылы отанды қорғау дегенді естімеппіз, бірақ тамыр-таныс арқылы отан қорғаудын қашқандар әр кез болған. Әрине, бетін аулақ қылсын, егер ел басына күн туса тамыр-танысшылдардан не күтуге болады?!
Қорыта келгенде, «Қазіргі әскер қандай болуы тиіс?» деген сауалға Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытжан Смағұлов толықтай жауап берген секілді.
Әскеріміз мықты, ел іргесі аман болғай!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста