Қазір бәрі блогер болғысы келеді. Неге?

Қазір бәрі блогер болғысы келеді. Неге?

Алдағы 10-15 жылда цифрландыру, ақпараттық технологиялар саласы жоғары сұраныста болмақ. Алайда біздің жастар оған дайын емес. Себебі жеткіншектер керісінше «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүретін блогер, вайнер, ютубер болуды армандайды. Неге? Қай мамандықтың жалақысы жоғары болмақ. Оқушылар нені білген дұрыс?

 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 

Қазіргі жастар мұғалім мен дәрігер емес әлеуметтік желінің жұлдызы болғысы келеді. Жаңа мамандықтар атласын жасаған сарапшылар 10 мыңға жуық оқуышыға арнайы зерттеу жүргізіпті.

 

Тимур Бектұр, жоба маманы, IT маманы:

 

- Тикток дейміз, снапчат дейміз, инстаргарм дейміз. Сол секілді негізгі қолданушылар зет ұрпақ тендециясы. Қыз балалар алғашқы орында. Снапчатқа 90 пайызы қыз балалар. Осыдан келіп шығатын қорытынды жеңіл ақша деп айтамыз ғой, гламур әдемі көріну, жұрттың трендтті жастар оны іліп алып кеткісі келеді. Вайнер, блогер болу тендециясы байқалады.

 

Сарапшыларды таң қалдырған тағы бір мәселе бар. Қазіргі жеткіншектер қол жұмысы мен индустриялық мамандықтарға мүлдем қызықпайды екен. Ал оның 40 % -ы тіпті өзінің проф-бағытын білмейді де.

 

Жұмамұрат Шәмші, қоғам белсендісі:

 

- Жоғарғы орынды бітіріп жатқан студенттер білмейді кім болатынын, әке-шешем біледі дейді. Қазір бәрі блогер болғысы келеді. Кім көрінген, кездейсоқ келіп қалғандар. Содан кейін мемлекетте ештеме дамымайды.

 

Америкалық басылымның жүргізген сауалнамасына сәйкес, оқушылардың 34.2% ютубер, 18.1%- блогер, қалғаны өзге мамандықтарды таңдайтынын анықтапты. Біздің елде де жағдай ұқсас. Қазірдің цифрландыру, ақпараттық технологиялар саласының мамандарына мүмкіндіктер көп. Алайда айти мамандар тапшы. Тіпті жеткіліксіз дейді. Салдарынан Үндістан мен Қытайдың ақпараттық технологияларын әбден меңгеріп алған азаматтар ірі компанияларда, жоғары жалақыға жұмыс істеуде, дейді сарапшы Бауыржан Абуов.

 

Бауыржан Абуов, жаңа мамандықтар атласын әзірлеуші маман:

 

- Ол айти мамандықтар туралы айтамыз. Бірақ жетіпспейді. Шетелден мамандарды шақырып алады. Жалақылары жақсы. Айтидің ішінде бүкіл әлемде жетіспейтін амандар бар. Дата анализ, бүкіл данныйларды алатын сараптайтын, анализ жасатайтын жетіспейді.

 

Қысқасы, жаһандық технологиялар көшіне ілесуіміз үшін 10-15 жыл уақытымыз бар. Ал алдағы 3-5 жылда ТОП мамандықтар қатарында "DATA ENGENEER, DATA SCIENCE, ЖАСАНДЫ ИНТТЕЛЕКТ, IT ИНЖЕНЕРЛЕР"-ге деген сұраныс артады. Өкініштісі, сол әлгі мамандықтарды үйрететін бізде мамандар жоқтың қасы.

 

 

kaz.zakon.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста