Қазақтың шаш қою дәстүрін неге ұмыттық?

Қазақтың шаш қою дәстүрін неге ұмыттық?

Кеңес кезінде шашымыз қиылды. Етек-жең қырқылды. Сонымен бірге ұяттың көбесі де сөгілгендей-тін. Бүгінде етегіміз ұзарып кетпесе де шүкір, қысқа шаш сәннен қалып, бұрымымыз ұзарды. Бірақ.... «Байы бүгін өлгендей қолаң шашты шашып тастап, тылтиған тұсақ бөксені тылтима дамбалмен таңып тастаған» (Қалихан Ысқақ) бикештер бүгінде жетерлік.
Қыздарымыздың шашын өсіргенімен, оны жайып тастап жүргені біртүрлі ерсі көрінетіні рас. Данагөй ата-бабаларымыз қыз баласына ұзын шашты жайып жүруге қатаң тыйым салған. Бұрынырақта күйеуі қайтыс болған әйел шашын жайып тастап, бетін тырнап, жоқтау айтқан. Сол себепті де жайылған шаш жамандық шақырушы деп есептеген. Тағы бір қызығы, жігіттеріміз­дің қысқа шашы ұзарып барады. Белгілі бір стильде емес, қалай болса солай, қобырай өсірілген шаштарына қарап, қыз, ұл екенін ажырата алмайтын болдық. Енді біреулері тұлым қойып, елдің назарын ерекше аударып жүр. Дана халқымыздың титімдей нәрсенің өзін назардан тыс қалдырмайтын салт-дәстүрінен хабары жоқ кейбір жастар мұны жанып тұрған «мода» санайды. Одан көріп екіншісі, сонымен жаппай сәнге ай­нал­­дырып алады. Солардың көбінің тұлымды не үшін қоятынынан хабары жоқ екені – беп-белгілі. Тек әйтеуір, «сән бе, сән» деп еліктейтіні болмаса. Еліктеу бар да, оны орнымен пайдалану бар. Жастарымыз көнеден келе жатқан шаш тарихынан ха­бар­дар болып жүрсе дегендік еді біздікі...
Негізінде, бағзы замандарда тұлымды көз тимес үшін, зарығып көрген балаға қоятын болған. Әке-шешесі бала бір жасқа толғанда қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей шаш қалдырып, өскен соң өріп қоятын болған. Айдар шашты да аңсап күткен балаға қойған. Ал ержеткен ұлға ке­жім шаш қойған. Яғни желкеден жібе­ре­тін шаш. Бұл дәстүрдің кеңес кезінде ұмытылғаны рас. Бүгінде сәнқой жігіттері­міздің арқасында қайта оралды. «Тамаша» ойын-сауық отауының актері Марат Көк­көзовтің тұлымын ерекше атауға болатын сияқты. Одан бөлек, сахнада жүрген тұлым­­ды жігіттеріміз де жетерлік. Дана ата-бабаларымыз шаштың киесі бар екенін бұрыннан-ақ білген. Сол себепті де шашқа өте сақ қарауға үндеген. Ғалымдардың көп жылғы зерттеулеріне қарағанда, шашқа адамның басындағы қылтиған қыл деп қана қарамау керек, оған тұтас бір ғылыми еңбек арнаса да артықтық етпейтін көріне­ді. Құп рас. Ол адамның көркіне көрік қосып қана қоймай, денсаулығына да аса зор ықпал ететіні дәлелденіп отыр. Шаш арқылы көптеген жағымсыз энергияларды «жұқтыруға» болады екен. Сол себепті де ата-бабаларымыз әйел адамдарға жалаң­бас жүрмеуді, мешітке орамал тартып кіруді, түнде ұйықтағанда орамал тартып жатуды ескертуі тегін емес. Қазіргі крими­на­листика саласында шаш арқылы түрлі ақпарат алуға болады. Таңғалмай көріңіз, бір тал шаш арқылы есірткі қабылдайтынын не қабылдамайтынын, сондай-ақ қылмыс­керге қатысты көптеген мәліметтерді анық­тай алады. Саусақ бедері бір-біріне ұқса­май­тыны сияқты, шаш та солай. Тіпті кезін­де қала көшелерінде топырлап жүретін сығандардың бір тал шашты жұлып алып, сол арқылы түгін қалдырмай тонап кететіні жөніндегі аңыз да ақиқатқа бір табан жақын сықылды... Бүгінде «африканские косички» деген шаш үлгісі сәнге айналды. Негізі, ол африкалық емес, қазақтың ежел­гі салты болып саналады. Оны көпшілік біле бермеуі мүмкін. Ежелгі салт-дәстү­рі­мізге сүйенсек, ата-бабаларымыз көп бұрымның қасиеті де көп болады деп сенген. Африкалықтар, өзбектер, тәжіктер, ұйғырлар қыз баланың шашын көп бұрым етіп өреді... Сән өз жөнімен, «бүгінгі жастар шаш үлгілерінің тарихынан хабардар болып жүрсе, қыздарымыз жалбыраған шаштарын жинап, салт-дәстүрімізге құр­мет­пен қараса» деген ниет қана біздікі...
Айгерім ҚАЛТАЕВА, шаштараз:
– Шашқа ерекше күтім керек екені рас. Әрине, апа-әжелеріміздің шашын көрсетпей, орамалмен бастырғаны да – бір ғанибет. Негізі, шаштың көп қасиет­ке ие екеніне күмәнім жоқ. Сән салонда­рына келген кейбіреулер қырқылған шашының бір қылын да қалдырмай, жиып алып кетеді. Бұрын апаларымыз «шашты құс әкетіп, ұясына салса, бас ауруына ұшырайсың» деуші еді ғой. Шашына ерекше сақтықпен қарайтын­дарға таңғалуға болмас. Шашты қалай болғанда, сәнге қарамай, жара­сымды етіп қойса, сол дұрыс емес пе?

Ұл баланың шаш қою атаулары
Кекіл, айдар, тұлым. Айдар шашты ер баланы «тіл-көзден» сақтайды деп қойған. Оған арнайы мал сойып, үлкендердің батасын алған. Алғашқы мүшелінде шашын сол жасының құрбандығы ретінде қырқатын болған. Баланың шашын тықырлап алып, маңдай тұсына кекіл қойған. Баланың кекіліне періште ұялайды деп сенген.
Қыздардың шаш атаулары
Тобығы­на дейін өсірілген ұзын шашты екіге бөліп өрген, оны қос өрім, егіз өрім деп атаған. Шай құяр бір жасқа толғанда оның да қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырып, өсірген. Оны – «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп атаған. Оны да «көз тимесін» деген ниетпен қойған. Шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап – шашқа арналған әшекей бұйымдар. Бағзы заманда шашбауды зергерлер күмістен өрнектеп, ауырлау етіп жасаған. Шашты қос өрім етіп өріп, шашбауды таққанда ол ауырлығынан басты тартып тұрған. Бұл өз кезегінде қыздардың еңкеймей, басты тік ұстап, әсем жүруіне көп септігін тигізген.
Шаш түсі – мінездің хабаршысы
Қара шаш­ты­лар – қызу қанды, қайратты, жігерлі адамдар. Қоңыр шаш­ты­лар – елгезек, әсершіл, сезімге берілгіш, жұмсақ мінезді, өз ойы мен эмо­ция­сын жасыра алмайтындар. Қызыл, алтын түсті сары шаштылар – ақылды, мәдениетті, көпшіл, айлакер, кекшіл адамдар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста