Қазақтың Құлагері мен Тайбурылының тұқымдары қайда?

Қазақтың Құлагері мен Тайбурылының тұқымдары қайда?

Жылқы индустриясына жылы қабақ танытатын кез келді...
Қазақ – жылқы малын жеті қазынаның бірі санап, оны аса қастер тұтқан халық. Алайда сол Құлагеріміздің тұқымдары қайда? Одан әрідегі Алпамыс, Қобыланды секілді алыптарымыз мінген шабысы мықты жылқыларымыздың тұқымдары бар ма? Неге біз олардың тұқымын алып, текті қанды жылқыларды одан әрі асылдандырып, жетілдіріп отырмаймыз? Жалпы, елімізде жылқы индустриясына қаншалықты көңіл бөлініп отыр?
Өкініштісі сол, бүгінде түрікменнің ақалтекесіне ұқсаған таза қазақы қанды әрі әлемге әйгілі арғымақтарымыз жоқ­тың қасы. Есесіне, ауқатты атбегілеріміз ағылшынның не болмаса түрікменнің жыл­қыларына құмар болып барады. Қа­зіргі таңда Қазақстанда жылқы өсіретін 15-20 ферма бар болса, оның басым көбі араб және ағылшын жылқыларын ұстай­ды екен. Осы саланың мамандарының айтуынша, елімізде жылқы индустриясын дамытуда мемлекет тарапынан ешқандай көмек берілмей отырған көрінеді.

Нұрлан ТІЛЕУЛЕСОВ, «Ажар» ат спорттық клубының президенті:
– Өкінішке қарай, жеті қазынаның бірі саналатын жылқыларымызға мемлекет тарапынан оң көзқарас болмай тұр. Қазақстанда қазір, сенесіз бе, арғы­мақтарды жарыстыратын мемлекеттік деңгейдегі ипподром жоқ. Өзім кезінде басқарған Алматы ипподромы жабылып қалды. Өстіп отырып аттың құлағында ойнағанбыз деп қалай айтамыз? Ал жылқы жөнінен осы уақытқа дейін аты шықпаған Швецияда 29 ипподром бар. Францияда – 234, түрікмендердің Ашхабат қаласында әлемдік деңгейдегі үш ипподром салынған. Түрікменстанда ақал­теке жылқысына мемлекет тарапы­нан қолдау күшті. Онда жылда дәстүрлі түрде Жылқы мерекесі тойланады. Тіпті онда Жылқы министрлігіне дейін бар. Олар ақалтекені ұлттың мақтанышы ретінде санайды. Ал біздегі жағдайды алып қарайтын болсақ, тіптен жылағың келеді. Сондықтан қазақ жылқысын асыл­дандыру үшін мемлекет тарапы­нан көмек берілсе екен. Жылқы тұқы­мын асылдандырамын деген әр шаруа­шы­лыққа түрлі жеңілдіктер жасалынса, бұл мәселені шешуге болады. Егер біз ел болып бірігіп, осы салаға көңіл аудар­масақ, қазақы жүйрік қайдан шығады?
Біле білген адамға ат спорты тек қал­талылардың еріккенде жасайтын ермегі емес, бұл экономиканы дамытудың бір саласы болып табылады. Н.Тілеулесовтің айтуынша, АҚШ тек жылқы индустриясынан жылына 20 миллиард доллар пайда табады екен. Ешқандай жылқыға қатысы жоқ Польша да араб жылқысын асылдандыру арқылы өз қазынасына 30-35 миллион доллар пайда түсіріп отырған көрінеді. Оларда үкіметке қарасты зауыттан араб жылқысын сатып алу үшін міндетті түрде премьер-министрдің рұқса­ты керек екен. Онсыз ала алмайсыз. Тіпті құлын сатып алсаңыз да, үкімет басшы­сының рұқсатын алуыңыз қажет. Ондағы асыл­тұ­қымды әрбір жылқының құны 100 мың мен 500 мың евроның айналасында тұрады. Бұл Польша экономикасының көтерілуіне айтарлық­тай көмек болуда. Сонымен қатар Түркия елінің Жокей клубы жылына 400 мил­лион доллар пайда түсіреді екен. Аталмыш клуб кез келген жылқы ұстаймын деген түрікке көмек­тесетін көрінеді. Себебі онда клубтың жанында үлкен-үлкен жылқы зауыттары салын­ған. Егер жылқы ұстаймын десеңіз, оны сол жерден сатып аласыз, ал сырттан әкелсеңіз, сонда қосып қоясыз. Біздегі секілді қалада тұрып, «жылқыны қайда ұстаймын, қай туысымның үйіне қоямын, жемшөпті қайдан аламын, оған айғырды қалай қосамын?» деп басыңыз қатпайды. Онда тек ақшасын төлесеңіз болды, жылқыңызға барлық жағдайды өздері жасайды екен. Жылқы тұратын бөлменің іші заманауи қондырғылармен жабдықталған. Желдеткішінен бастап, ауа тазарт­қышына дейін жұмыс істеп тұрады. Биеңізді айғырға қосқыңыз келсе, онда арнайы каталог бар, қандай айғыр, оның ұрығы­ның бағасы қанша екендігіне дейін жазылып қойылған. Қаржысын төлейсіз де, құлын аласыз.
Біз неге осыны жасай алмаймыз? Әлде қазақтың қолынан жылқы өсіру келмей ме? Келеді-ау, бірақ соған құлық жоқ. Егер қазақ жылқысын дамытамын деген кә­сіп­кер­лерге мемлекет тарапынан қолдау көр­сетілетін болса, онда қосымша жұмыс орын­дары ашылып, қазақы дәстүріміз қай­та жаңғырар еді. Сондай-ақ жүген өру, ер-тоқым жасау, тіпті шабандоздардың киім­де­ріне дейін тігетін шағын цехтар ашы­лып, ел экономикасының көтерілуіне сеп­тігі тиер еді. Сондықтан еліміздің эконо­ми­касы дамып жатқан кезде жылқы ин­дус­триясына көңіл бөліп, ата-баба дәс­түрін жаңғыртуға қолдау көрсетуіміз қажет.
Жарқын, атбегі:
– Шыны керек, қазақы жылқының қадір-қасиетіне әлі жете алмай отыр­мыз. Егер біз өзіміздің жылқыла­ры­мыз­ды асылдандырып, жетілдіре­тін бол­сақ, онда арабтың да, ағылшынның да, түрікменнің де тұлпарлары біздің ар­ғымақтарымыздың қасында шаң қауып қалар еді. Өйткені қазақтың жылқы­ла­ры төзімді келеді. Ал түрікмендердің, ағыл­шындардың жылқылары өте нәзік, әлсіз болады. Қазақы жылқылар алақан­да ұстап, бағып-қағуды міндет етпейді, қыс­та тебіндеп, өз қорегін өзі тапқан. Ал араб, ағылшындардың жылқыла­рын бала секілді күтіп-баптамасаң, мұн­дай­ға шыдай алмайды. Себебі олар бір торда туып-өсіп, жасанды, қолдан ұрық­тан­дырылғаннан кейін төзімділігі жоға­лады. Ал қазақы жылқылардың тө­зім­ді­лігі берік әрі ұзаққа шабады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста