Қазақтың ерекшелігі – түрі барлық ұлтқа ұқсайды
Қазақтың бір ерекше қасиеті – түрінің жер бетіндегі барлық ұлтқа ұқсайтындығында. Мысалы, қазақтар ішінде бет-кескіні, түр-пошымы француз Жерар Депардьеге, Джеки Чанға келетіндер бар. Ал жер бетінен қытайға ұқсас французды немесе, керісінше, французға келетін қытайды кездестіру тіпті мүмкін емес. Бұл туралы ЮникКазахстан сайтындағы мақаласында Ержан Әшім жазады деп хабарлайды "Алаш айнасы".
"Көккөзді немесе сары шашты қазақты, әрине сирек кездестіруге болады, бірақ арамызда ондайлар бары шындық" деген автор ақтаулық "Лада" газетіндегі мына бір деректі алға тартады:
"Қазақфильм" киностудиясында "Дала дауысы" атты Ермек Шынарбаевтың фильмін түсіру жұмысы басталды. Бұл фильмнің басты рөлі француз актері Жерар Депардьеге тиесілі. Жерар Дапардье рөлінің дублеріне таласушы көп бопты. Іріктеу жұмысы Ресейде, Францияда және Қазақстанда өткен. Шамамен 500 актер сынға түскен, бірақ фильм режиссері Ермек Шынарбаев қазақ актері, продюсері, режиссер Эдуард Табишевті таңдап алған.
– Жерар Депардье сияқты актермен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе, - дейді ол. – Фильмнің көп жерінде мен жүремін. Мен бас кейіпкердің жастық шағын ойнаймын, түйе мініп, төбелесіп, түрлі трюктер жасаймын. Мені түсірілім алаңынан алғаш көргенде Жерар Депардье сұқ саусағын жоғары көтеріп, "Ola la!" деді. Міне, менің ұлы француз актерімен таныстығым осылайша басталды. "Дала дауысы" фильмі 2014 жылы көрермендер назарына ұсынылатын болады...
Егер бір қазақ қытайға, тағы біреуі французға ұқсас боп шығып жатса, онда "қазақты қай нәсіл түріне жатқызуға болады" деген заңды даулы сауал туындайды.
Қазіргі ғылым адамзатты үш нәсілге бөліп қарастырады: қара (негрлер), ақ (еуропалықтар), сары (моңғолойдтар) және тағы біреуін қоса кетелік, ол – австралоидтар. Сол секілді ерекше шағын нәсіл түрлері тағы бар. Олар:
1. Оралдық шағын нәсіл (евро-моңғолоид аралас)
2. Оңтүстік сібірлік шағын нәсіл (евро-моңғолоид аралас)
3. Тибет (камск) шағын нәсілі (көне евро-моңғолоид аралас)
4. Эфиопия шағын нәсілі (евро-моңғолоидқа өтпелі)
5. Фульбе халқы нәсілі (евро-негрге өтпелі-аралас)
6. Полинезийск нәсілі (көне евро-негро-монголоидты аралас)
7. Қазіргі Латын Америкасындағы аралас популяция.
Осының ішінде қазақтар, кейбір ғалымдар тұран, тіпті кейде қазақ нәсілі деп атайтын оңтүстік сібірлік нәсілге жатады.
Оңтүстік сібірлік нәсіл белгілері қандай?
Беті ұзын, кең, жалпақ, шаштары жұмсақ немесе бұйра, көбіне қара, кейде күрең, сары, көзінің түсі көбірек аралас келеді, мұрны шығыңқы немесе қырлы, ернінің қалыңдығы орташа. Оралдық нәсілге қарағанда моңғолид қырлары басым келеді: беті және басының көлемі үлкен, қара торы, мұрны шығыңқы.
Сондай-ақ қазақтар басты нәсіл түрлерінің барлығын қамтуда аралас-өтпелі боп келеді. Славянға да, жапонға да, жерорталықтарға да, эскимостарға да, тунгус-маньчжурларға да, полинезиялықтарға да ұқсайды. Тек таза негрге ғана келмейді. Алайда біздің жерден африкалықтарға бет-пішіні, түр-пошымы ұқсайтын адамдарды кездестіруге әбден болады, тек түсі келіңкіремегені болмаса. Әрине, бұл арада өздігінен неге деген сауал туады. Қалай? Қазақтарда күрделі құрмалас нәсіл түрі қашаннан бері пайда болған? Шынымен де бұл солай ма? Әлеуметтік желілерде қатты дауласатындар арасында қазақтар тек моңғолоидтқа жатады деп кесіп айтатын спектиктерді қайтеміз?..
Оңтүстік Сібір нәсілінің құпиясы және қазақ анропологиясы
Қазақ популяциясындағы нәсілдік үлес: моңғолоид қыры 70%, еуропалық - 30%. Кейбір деректерге сенсек, қола дәуірінде (б.э.д.ХХ-ІХ ғ.ғ.) Қазақстан жерін мекен-етуші халықтың түрі көне еуропалық боп келген екен. Ал қазіргі басымдыққа ие болған моңғолидтық сипат темір дәуірінен (б.э.д. VIII-IV) бастау алған делінеді. Еуразия даласында табылған еуропалық пен моңғолоидтық түрдің аралас алғашқы адам басы оның б.э.д. І мың жылдықтың ортасында өмір сүргенін айшықтайды. Бірақ Оңтүстік сібір нәсілінің түрі біздің заманымыздың IV-XV ғасырларында пайда болған. Осы кезеңде түріктер мен моңғолдардың біздің территорияда бірнеше шапқыншылығы болған, Моңғолия территориясынан бастап, кейіннен Қазақстанның оңтүстігі мен батысын қамтыған.
Бағзы заманда Қазақстан территориясында қазіргі Оңтүстік Үндістан тұрғындарының ата-бабасы боп табылатын дравидтер мекен еткен көрінеді. Қазақ түрінен негр мен автсралоид аралас сипаттың байқалып қалуы да осыдан болуы мүмкін.
Кейіннен Оңтүстік Сібір нәсілі орнын Мұханжар мәдениетінің өкілдері кеп басты. Олар артына Торғайдан табылған керемет көне мәдениетті қалдырды. Олар – атты үйде ұстаған Ботай мәдениетін құрушылар. Кейіннен олардың ізін ғалымдар сақ-сармат деп атайтын андрондар басады. Қазақстан территориясын мекен етушілер ғұндармен бетпе-бет келуде түрік-моңғол тамырының терең бойлауына мүмкіндік береді. Әрине, финн тайпаларын да айналып өтпегенбіз.
Бірақ бұл – мүлде бөлек талқы тақырыбы.
Бұл арада еуропалық немесе моңғолоид түрінің сипат алуы қазақтың жүзіне, тегіне немесе қай елді-мекенді мекен ететіндігіне, солтүстікті ме, әлде шығысты ма дегендей, оның еш қатысы жоқ екенін баса айта кетелік.
Сөз соңында әртүрлі нәсілді қамтитын қазақтар өзін бірыңғай ұлт деп санайды, өзінің түр-тұрпатына қатысты ешқандай ұялу немесе қымсыну деген мүлде жоқ. Өйткені қазақтар үшін, сол секілді Қазақстанды мекен ететін орыс, ұйғыр, өзбек, украин, түрік, еврей, неміс және басқа этностар үшін негізінен адамның түрі емес, жанының тазалығы маңызды.
Суреттер Анатолия Устиненконың мұрағатынан алынды, "Turan – түрік әлемінің дауысы" және басқа ресурстар интернет-форумы
Аударма – Алаш айнасы