Әрбір қазақстандық орташа есеппен 60 келіден астам ет жейді. Қазақстанның ет одағының мәліметі бойынша, ет өнімдерін есептемегеннің өзінде елімізде бір ғана тұрғын жылына 63,2 келі таза ет тұтынады.
Ең танымал түрі – сиыр еті (25,3 келі). Дегенмен Қазақстандықтарды ет жеуден Беларусь басып озды. Олардың жылдық нормасы – 72 келі. Ал ресейліктер бізбен салыстырғанда 2,9 келі аз яғни жылына 60,3 келі ет тұтынады. Өзбекстан жылына 25,8 келі, Тәжікстанда 12,6 келі ет желінеді. Жылдық орташа көрсеткіші – 43,4 келі ет.