Қазақстанның «Қызыл кітабы» қалыңдап барады

Кезінде қазақ даласының сәніне айналған табиғат әлемі бүгінгі таңда көзге сұрықсыз көрінеді. Тұмса табиғаттың сәні де, мәні де жүгір­ген аң, ұшқан құс пен жасыл желек емес пе еді? Біз осындай құн­­дылықтарды бағалай алмай, оларды мылтықтың шүріппесіне бай­лап, санын кемітіп жатырмыз. Қайсыбір жылдарда елдің арасында ай­­тылатын «Жезкиік» әні адамдардың аяусыздығынан саны кеміп ба­ра жатқан жануарды еріксіз көз алдыңа алып келер еді. Содан бері де талай жыл тарих қойнауына сүңгіп, жылғадан қаншама мәрте су ақ­ты. Біздің өзгерер түріміз көрінбейді. Алыс-жақынға барып келгенде сол елдің қоршаған ортасы туралы аузының суы құрып, әңгіме тие­гін ағы­татын ағайын өзіміздің табиғатымыз жайында тіс жарғысы кел­мей­ді. Бұл қолдағы бардың бағасын білмейтінімізді айғақтаса керек. Арамызда жай сейіл құрып жүріп-ақ, аң мен құсты оққа байлайтын қаскөйлік ние­ті бар жандар да жүр. Әрине, оған ешкім де шектеу қоя ал­мас. Алайда жүгірген аң мен ұшқан құстың да сұрауы бар екенін ұғы­­нып жатқан тірі пенде болсайшы. Осының салдарынан табиғат жа­­н­ашырлары дайындайтын «Қызыл кітапқа» енген қоршаған орта құн­­дылықтары көбейіп, осы кітаптың беттері де күн санап қалыңдап барады.
Дүниежүзінде «Қызыл кітап» алғаш рет сонау 60-жылдары тұңғыш рет басылып шықты. Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы жер бетінен тұқымы тұздай құрып бара жатқан жан-жануарды, құстар мен өсімдіктерді сол еңбекке енгізген еді. Қоршаған ортаның баз баяғы қалпымен жайнап тұрғанын жаны қалайтын әлем ғалымдары осы арқылы адамзат баласын табиғатты қорғауға шақырады. Әйтсе де одан бері жарты ғасырға жуық уақыт қас қағым сәттей зулап өте шықса да, кейбір елдерде бұл бағытта әлі де нәтижелі істер жасалып жатқан жоқ. Өз алдына түтін түтетіп келе жатқанына 20 жылдан асса да, Қазақстан да бұл бағытта оң нәтижеге қол жеткізе алмай келеді.
90-жылдардың басына дейін ақбө­кеннің елімізде кәсіптік мақсатта пай­даланылып келгенін бүгінде біреу біліп, біреу білмес. Сол жылдардың өзінде байтақ даламызда 1 миллионға жуық аталмыш жануар болған екен. Арада небәрі он жылдай өткенде олардың саны 21 мыңға дейін қысқарып кеткен. Сонда ақбөкеннің бірден 50 есеге дейін азайып кеткенін байқау қиын емес. Әрине, оған табиғаттың қолайсыздығы да әсер еткен шығар. Алайда біз жазықсыз жануардың оттан гөрі оққа көбірек байланғанын білеміз. Өкініштісі, сол уақытта оларға тәйт деген ешкім болған емес. Тіпті ақбөкен азайып бара жатыр деген да­былға қазір ешкімнің де елең ете қоймайтыны сайын сахараның ер­ке­леріне жанымыздың ашымайтынын аңғартады.
Рас, табиғаттың қолайсыз жағдайға душар болуы да аң мен құстың кемуіне алып келеді. Өткен ғасырдың ең ауыр апаты – Арал тағдыры осы өңір табиға­тына есепсіз қасірет әкелгені анық. Теңіз­дің суы тартылып, аңқасы кепкен алқап­тар көлемі тоқтаусыз ұлғайып келеді. Осының кесірінен Аралдың маржаны саналған балықтардың 28-ге тарта түрі мүлде құрып кетті. Мәселен, Арал ал­бырты, Арал ақмарқасы, Арал шемейі секілді балықтарды бүгінгі ұрпақ біле де бер­мейді.
Оразхан АЙДАРОВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы:
– Жалпы, қайсы бір істе де жана­шыр­лық танытқан дұрыс деп ойлаймын. Кезінде табиғатқа деген жылы пе­йіл болмады. Бұл жануарлар мен құс­тар­дың азаюына алып келді. Уақытында Сыр өңірінде жолбарыстың жортып, елік­тер­дің топ-тобымен өріп жүргенін көзкөр­гендер әлі күнге айтып жүр. Өкінішке қарай, бүгінгі күні жолбарыс тек аңыз түрінде айтылатын әңгімеге айналса, еліктердің аман қалғаны 10 басқа да жет­пейді екен. Сондай-ақ, Барсакелмес қорығында болған қазақ құланы осы күндері мүлдем кездеспейді десе де болады. Оның орнына Түрікменстан жерінен жеткізілген құландар әзірге оның орнын жоқтатпай отыр. Байқасаңыз, осылардың барлығы дерлік өткен ғасыр­дың алғашқы жартысына дейін жеткен. Енді сол жазықсыз жануарлардың кебін ақбөкен де кие ме деген қауіп бар екенін несіне жасырамыз? Дегенмен олардың саны неге азайып кетті, қалай көбейте аламыз деген сауалдар төңірегінде мардымды жауаптар берілмей келеді. Ендігі 10-20 жылда біз ақбөкендерді тек суреттен ғана көріп қалуымыз ғажап емес.

Қазақ елінде «Қызыл кітап» алғаш рет 1978 жылы басылып шыққан. Оның да­йын­далуына белгілі ғалым-зоолог А.Слудский ұйытқы болған. Алғашқы басылымда балықтың – 4, қосмекенділердің – 1, бауырымен жорғалаушылардың – 8, құстар­дың – 43, сүтқоректілердің 31 түрі енгізіліпті. Ал екінші басылымында олардың саны одан сайын арта түскен. Мәселен, балықтың – 16, қосмекенділердің – 3, бауырымен жорғалаушылардың – 10, құс­тардың – 58, сүтқоректілердің 42 түрі «Қы­зыл кітаптан» орын алды. Осы деректің өзі бізді ойландырады. Араға көп жыл сал­май-ақ қайта шыққан басылымда жануарлар мен құстардың, өсімдіктердің саны аза­йып бара жатқанын айқын аңғарасың.
Қазақ жері табиғат құндылығына бай. Бұрынғы кезеңдегі аң мен құстың, өсімдік­тің қанша екенін білмедік. Ал соңғы де­ректер бойынша елімізде сүтқоректінің – 180, құстың – 500, бауырымен жорға­лау­шы­лардың – 52, қосмекенді­лердің – 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар көрінеді. Омыртқасыз жәндіктер санатына енгізілген шаян тәрізділер, ұлулар, құрттардың саны да жетерлік.
Бұрын кең-байтақ жерімізге көз тастай отырып, табиғат байлығына көңіліміз то­ғаятын еді. Қазіргі күні сол көңіл құрғыр­дың пәс түсіп қалатын жағдайы жиі кездеседі. Табиғат байлығын бағалай білмесек, тіпті күні ертең терең күрсінуден өзге амалымыз қалмайтын шығар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста