Қазақстанда сәби өлімі артқан
Қазақстанда қаңтар-мамыр айларында бір жасқа дейінгі сәбилердің өлімі 16,5%-ға өсті. Елімізде өткен жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін бір жасқа дейінгі 1 423 сәби көз жұмған. Мұндай деректерді Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-мамыр айларында 1 221 сәби көз жұмған. Сәбилер өлімінің коэффициенті 1000 туылған сәбиге шаққанда 8,12 құрады.
Сонымен қатар, республика халқының табиғи өсімі туралы мәліметтер келтірілген. Ағымдағы жылдың бес айында елде 175,2 мың адам дүниеге келген, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен (156,8 мың адам) салыстырғанда 11,7% артық. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,28 туылғандарды құрайды.
Stan.kz
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 63,7 мың адамды құрады. Бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда (50 мың адам) 27,3% артық. 1000 адамға шаққандағы өлім коэффициенті 8,10 көрсеткішті құрады.
Осылайша, республика халқының табиғи өсімі қаңтар-мамырда 4,4% өсіп, 111,5 мың адамды құрады. 1000 адамға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 14,18 адамды құрады.
Сәбилер өлім-жітімінің ең көп таралған себептері ана мен сәбидің диагнозы мен емінің дұрыс еместігінен, сондай-ақ туа біткен аурулардан болатындығы бұрын хабарланған болатын.