Қазақстанда құрбақалар құрып барады

Жебірей отбасында он жылдай үй күтушісі болып қызмет еткен бір танысым қызықты жайтты айтып беріп еді. Отағасы күнде бес жасар баласына екі құрбақаны қуырып береді екен. Әрі оны не үшін жегізетінін өте құпия ұстайтын көрінеді. Соған қарағанда, құрбақаның адам ағзасына қандай да бір пайдасы болғаны ғой. Ақыл-ойды жетілдіруде ме, әлде басқадай себебі бар ма, әйтеуір, бекерден-бекер құрбақаны жемейтін болар...
Құрылдаған құрбақалардың экзотикалық тағамға ай­наларын кім білген?! Францияда құрбақадан дайын­дал­ған ас деликатес саналады. Оны әртүрлі етіп дайын­дап, елдегі маңдайалды мейрамханаларда келушілерге ұсы­нады. Оның бағасы да тым қымбат. Ғалымдардың зерт­теуінше, құрбақаны тамаққа пайдалануды ойлап тапқан француздар емес, чехтар көрінеді. Прагаға жақын маңда осыдан бес мың жыл бұрын өмір сүрген ауыл та­былған. Олардың қола дәуірінде құрбақа етімен тамақ­танғаны белгілі болып отыр. Сондай-ақ құрбақаны құр жібермеген қытайлықтар сияқты. Бақа-шаянды ас мәзірінен түсірмейтін олар құрбақадан да бармағыңды жалап тұрып жейтін керемет ас әзірлеуде алдына жан салмайды. Ресейде де құрбақа еті үлкен сұранысқа ие. Әрі кірісі мол кәсіп түрі болып саналады. Бизнестегі бос кеңістікті пайдаланып қалуды көздегендер бүгінде құр­бақадан да күреп ақша тауып жүр. Қатырылған құрбақаның аяқтары 150-500 рубль тұрады. 200 грамм қуырылған құрбақа­ның аяғын 400-500 рубльге саудалайды. Құрбақаның қалдығын да кәдеге жаратуға болады. Одан жоғары сапалы тыңайтқыш жасап шығарады. Осылайша, Ресейде бақа бизнесінің көрігі қызып тұр. Қазақстан да құрбақа бизнесінен құр алақан емес. Астана мен Алматы секілді ірі қалалардағы мейрамханаларда құрбақа қуырдағын сатып жатыр. Әрине, арзан емес. Жеңсік асқа тәбеті тарт­қандар теңгесін аямайды, әрине...
Ғалымдардың есебі бойынша, адамзат жыл сайын 1 миллиардтай құрбақаны аулап жейді екен. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, амфибияларды аулауға деген құмарлық олардың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр. Жуырда құрбақалардың халықаралық саудасы туралы БҰҰ сарапшылары жариялаған жаңалық жаға ұста­тарлықтай. Бақалардың ең үлкен тасымалдаушылары АҚШ пен Франция болып есептеледі екен. Осы екі елден өндірілген өнім жүздеген елге жөнелтіледі. Басы жалпақ бақаларға сұранысты арттырып отырған ел Индонезия болып шықты. Осы елдің тұрғындары жыл сайын 5 тон­надай бақа жейді. Иә, құрбақаның етінен құр қалып жүрген ел көрінбейді…
Бүгінгі таңда әлемде қосмекенділердің 4 мыңнан астам түрі бар. Елімізде қосмекенділердің 12 түрі тарал­ған. Оның үш түрі сирек кездесетіндіктен, «Қызыл кітапқа» тіркелген. Ең көп кездесетін түрі – жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа және даната құрбақасы. Олар зиянды бунақ­денелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді. Даната құрбақасы «Қызыл кітапқа» тіркелген. Олар қорғауды қажет етеді. Расында, бүгінде ауыл­ға барсақ, кешқұрым құрылдаған құрбақаның дауысын естімейтін болдық. Құрбақалар құрып барады деп дабыл қағатындай жағдайға жетіп қалғандаймыз. Оған, әрине, араны ашылған адамзаттың көп үлес қосып отырғаны белгілі.
«Қы­зыл кітапқа» енгізілген кез келген тіршілік атаулыны заңсыз тасымал­да­ған­дар заң бо­йынша жауапқа тартылушы еді. Жыл сайын тасбақа тасымалдайтындар ұсталады. Мұны кеденшілер жерден жеті қоян тапқандай қуана хабарлап жатады. Ал енді осындай арнайы қорғауға алынған құрбақаларды саудалаушылардың ұс­талғаны туралы бірде-бір мәлімет жоқ. Сонда осы бақа бизнесінің көрігін қызды­рып жүргендер оны қайдан әкеліп жатыр? Бұл да – түйіні тарқатылуы тиіс мәселе­лердің бірі...
Ресейде бүгінде құрбақаны арнайы аулап, өсіріп, сатушылар көбейді. Оны өсіру оңай шаруа емес. Уылдырық сатып алып, содан да өсіруге болады. Оны төрт жыл бойы бағу керек. Бұл бизнестің «тілін таппаса», жемісін беруі де қиын. Шығынды көп қажет ететін кәсіптің түрі. Арнайы орын дайындап, бағып, өсіру үшін сан салалы интернет сайттары көмек қолын созуға да­йын. Тіпті бақаларды қалай күтіп, баптау керек, оны қалай «жемдеу» керек, тіпті одан тағамды қалай әзірлеу керектігіне де­йін соқыр­ға таяқ ұстатқандай алдыңызға то­са­ды. Улы бақаларды қалай ажыратуға бола­тын­дығына дейін бар. Бақаны жақ­сылап «бордақылаған» жағдайда бір құр­бақаның өзі 1-1,5 келіге дейін жетеді екен. Жән­діктермен қоректенетін құрба­қа­ның тек аяғы ғана жеуге жарайды. Бақа-шаян жейтін қысық көзділердің елі емес. Оны өткізу де қиын. Тек жеңсік ас ретінде ғана дәм татушылар табылар. Дәмі тауық пен балықтың етіне ұқсас болғандықтан, бір дәмін татқан адам тағы да жегісі келіп тұрады дейді дегустаторлар. Негізінен, жылы жақта өсетін құрбақалар жеуге жарамды көрінеді. Күзде ауланған құрбақа өте тәтті болып есептеледі. Жаз бойы пайдалы заттармен қоректенген құрбақа күзге қарай семіреді. Көзіне көрінгеннің бәрін жұта беретін күркетауық емес. Олар тек таза өніммен ғана қоректенеді...
Ғалымдардың соңғы зерттеулері тіпті таңғалдырарлықтай. Құрбақа етінің құра­мын­дағы кей заттар қатерлі ісік дертіне таптырмайтын дәрумен көрінеді. Мидың қатерлі ісігіне ем болады екен. Құрбақалар­дың көбеюі елдегі масалардың, сондай-ақ қан сорушы жәндіктердің азаюына септігін тигізеді. Ауыл шаруашылығына тигізетін пай­дасы да орасан. Алайда аранымыз ашы­лып, аз жәндікті азайтып алмасақ бол­ғаны. Құрбақа етін пайдалануға тыйым салатын тетік табылмаса, онда құрбақа­лардың құрып кету қаупі төніп тұр.

жаңалық
Араб зерттеушілері құрбақаның терісінде аса қауіпті бактериялармен күресте таптырмайтын бағалы заттар бар екенін анықтады. Оның терісі бактерияға қарсы заттармен көмкерілген. Ғалымдар зерттеу барысында құрбақаның терісінен синтезделген құрам тапқан. Ол алтын түсті стафилококк пен Acintobacter baumanni бактериясына қарсы қолданылады. Зерттеушілер жаңа бактерияға қарсы дәрі алдағы бес жылда нарыққа шығарылуы мүмкін деп отыр, егер осы өндірісті инвестициялайтын әріптес табылса.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста