Қазақстанда алғашқы эко-карта іске қосылды: Оның пайдасы қандай

Бүгінде экология мәселесі бүкіл қоғамды алаңдатуда. Әрбір сала өкілдері табиғатты барынша көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысуды қолға алған. Бұл бастамадан банктерде қалыс қалған жоқ. Мәселен, елімізде бүгінде эко-банкинг қолға алынып, эко-карталар пайда болуда.

Қазірдің өзінде эко-карталар шетелде кеңінен танымал. Енді қайта өңделген платиктен жасалған мұндай карталарды Қазақстанда да пайдалану мүмкіндігі бар. 

 
Еліміздегі ең алғашқы эко-картаны Еуразиялық банк іске қосып отыр. Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірігіп енгізілген бұл карта банктің  Қазақстанның экологиялық мәселесін шешуге қосқан үлесі болмақ.

10 мамырда өткен баспасөз жиынында "жасыл" өнімнің шығуына атсалысқан  Еуразиялық банк, Mastercard, АХҚО Жасыл қаржы қоры мен "Розан Азия" ЖШС өкілдері картаны пайдаланудағы басты артықшылықтары мен тиімділігі туралы айтып берді. 

Эко-картаның көмегімен әрбір қазақстандық еліміздің экологиясын дамытуға өз септігін тигізе алады. Себебі бұл карта арқылы жасалған әрбір транзакцияның 0,5%-ы бонус ретінде игі істердің жүзеге асырылуына Eurasian Environmental Fund ұйымына жолданады. Сонымен қатар қолма-қол ақшасыз Eurasian Pay, Apple Pay және Samsung Pay арқылы жасалған төлемдердің тағы 0,5%-ы клиенттің шотына түседі.

"Бүгінде әр отандасымыз қаламызды, елімізді экологиялық жағынан көркейтуге ықпал ете алады. Ал бүгінгі таңда заманауи "жасыл" технологиялар тұрғындарды табиғатпен біршама жақындастыруда. Мәселен, эко-карта арқылы жүргізілген төлем көгалдандыру жұмыстарына, қоқысты қайта өңдеу сынды экологиялық мәселелерге бағытталады. Қаржы транзакциялары жиі жасалған сайын, эко-бастамаларға да қаражат жиі түседі. Бір айта кетерлігі, біз бұл функцияны Еуразиялық банктің қарапайым карталарында да іске қостық", – деді Еуразиялық банк басқармасы төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.
Айта кетсек, жаңа банк өнімін шығармас бұрын, 5 маусымда Еуразиялық банк Eurasian Environmental fund, Mastercard және Алматы Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, экологтар күніне орай 75 жөке бал ағашын отырғызған. Осыған орай, Mastercard компаниясының Орталық Азиядағы өкілі банктің мұндай бастамасын жоғары бағалады. 

"Бүгінде экология тақырыбы әлемді алаңдатуда, бұған Қазақстанның да көңіл бөлуі қуантарлық жағдай. Бұл тұрғыда Еуразиялық банк қазақстандық қаржы институттарының арасында алғашқылардың бірі болып, мәселеден бейхабар еместігін көрсетіп, осында игі жобаны жүзеге асырып, басқаларына үлгі болып отыр. Ең бастысы, бұл эко-карта тек қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізудің құралы ғана емес, сондай-ақ тұрғындарға маңызды бастаманың қатысушысы болу мүмкіндігін сыйлайды", – деді Mastercard компаниясының Орталық Азиядағы бас директоры Рафал Трэпка. 

Бұдан өзге, Еуразиялық банк қалаларда NFC қызметі (қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу қызметі - ред.) бар эко-постерлер орнатпақ. Оның көмегімен әрбір қазақстандық қоршаған орта мәселесін шешуге, түрлі экологиялық бағдарламалардың іске асырылуын қолдауға 500 теңге аудара алады. Табиғаттың тазаруына үлес қосу үшін осындай постерге банк картасын, телефон немесе басқа да төлем жүргізуге арналған құралды жақындатып, бірнеше секунд ұстап тұру жеткілікті. NFC-постерлердің орналасқан жерлері eef.kz сайтында көрсетілген.

"Еуразиялық банк ұсынған бұл жобаны біз жылы қабылдап, қолдау бірдірдік. Бірінші кезекте, әрине, қаржы төлемдерінің бір бөлігі экологиялық бағдарламаларға аударылатыны картаның ең басты артықшылығы деуге болады. Екінші жағынан, біз оны дайындауға қайта өңделген пластикті пайдаландық. Бір айта кетерлігі, бұл жобаның қымбат болғанына, кірістің болмауына  қарамастан, банк оны жүзеге асыруға бір ауыздан келісті", – деді "Розан Азия" ЖШС директоры Данияр Байбатшаев. 
Алдағы уақытта банк клиенттердің экологиялық мәселені шешуге қосқан үлесінің нәтижесін, Қорда жиналған соманы бақылап, ағаш отырғызылған және қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылған жерлерді көре алуы үшін арнайы онлайн платформа дайындауда. 

"Біздің миссиямыз – Қазақстанның көміртектік бейтараптығына қол жеткізуге жәрдемдесу. Қор қаражатты гранттар есебінен де, демеушілер мен еріктілер есебінен де жинақтауға ниетті. Біз қоршаған ортаны қорғау, қалаларды көгалдандыру, Қазақстанның флорасы мен фаунасын қалпына келтіру жобаларына инвестиция құюға, сондай-ақ экология саласындағы қоғамдық бастамаларды қолдауға ниеттіміз", – деді АХҚО Жасыл қаржы қорының директоры Айдар Қазыбаев.
Ал эко-картаға 2021 жылғы 10 маусымнан бастап банктің eubank.kz сайтында тапсырыс беруге болады.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста