Қазақстанда 15 жастағы әр төртінші жасөспірім жыныстық қатынасқа түскен – зерттеу

Мектеп жасындағы оқушылардың мінез-құлықтарын, тамақтануы мен репродуктивті өміріне зерттеу жасаумен айналысатын халықаралық HBSC ғылыми зерттеу орталығы соңғы 2 жылда қазақстандық мектеп оқушыларына жүргізген зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz тілшісі.

 

Орталық зерттеуі республикадағы жалпы саны 806 мектепті қамтыған. Зерттеуге 11,13 және 15 жастағы оқушылар қатысқан.

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРТЫҚ САЛМАҚ ПРОБЛЕМАСЫ ҰЛДАРҒА ТӘН

 

HBSC жүргізген зерттеуде балаларды көп алаңдататын мәселенің бірі – артық салмақ болып шыққан.

 

«Әлемдегі әрбір бесінші бала, Қазақстандағы әрбір 12-ші бала артық салмақтан зардап шегеді. Қазақстандағы салмақ қосу пробеламасының жоғары көрсеткіші ұлдар мен кіші жасөспірімдерге тән. Дене белсенділігі қыздарда жоғары нәтижені көрсетті. Одан бөлек, қазақстандық жасөспірімдердің көпшілігі таңғы ас ішпейді», - дейді орталық мамандары.

 

 

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ ТАҢҒЫ АС ІШПЕЙДІ

 

HBSC және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы еліміздегі 14 облыстағы және Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы қалалық және ауылдық 110 мектептен 11,13 және 15 жастағы 6546 оқушыға (50,6% ер балалар) сауалнама жүргізген.

 

Нәтижесінде, 10 жасөспірімнің 4-еуі сабақ болатын күні таңғы ас ішпейтіндері белгілі болды. Барлық жастағы қыздардың өз отбасымен таңғы асты сирек ішетіні де анықталған.

 

«Таңғы асты тұрақты ішу құрамы жағынан да, сапасы жағынан да дұрыс тамақтануды қалыптастыруға мүмкіндік береді және балалар арасында артық дене салмағының даму қаупін азайтады, мектепте оқу үлгерімін жақсартуға мүмкіндік береді. Жасөспірім кезде таңғы асты ішу әдеті өсе келе үлкейген кезде де қалыптасады», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының маманы Шолпан Әбдірахманова.

 

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРДЫҢ 50%-Ы КҮНДЕЛІКТІ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖЕМЕЙДІ

 

Қазақстандық жасөспірімдердің жартысы (50%) күн сайын жемісті де, көкөністі де жемейтін болып шықты.

 

«Күнделікті жемістерді тұтыну 13 жастан 15 жасқа дейінгі ер балалар арасында 39%-дан 30%-ға дейін, сондай-ақ, 13 жасында қыз балалар арасында 43%-дан 15 жасында 36%-ға дейін төмен көрсеткіш көрсеткен. Қыздар арасында күнделікті жеміс-жидекті тұтыну ұлдарға қарағанда біршама жоғары. 15 жасқа қарай қыздар қазақстандық қыздар көкөністі жиі тұтынады екен. Жасөспірімдердің бестен бір бөлігі (17%) құрамында қанты бар сусындарды күн сайын ішеді», - деп мәлімдеді халықаралық зерттеу орталығы.

 

Сондай-ақ, HBSC «Елде аймақтардағы шамамен 15 жастағы әрбір төртінші жасөспірім (25%) жыныстық қатынаста болған, соңғы жыныстық қатынас кезінде контрацепция әдістерінің (презерватив немесе таблетка) бірде-біреуін қолданбаған. Қазақстандағы 15 жастағы ер балалардың 14%-ы және қыз балалардың 1%-ы жыныстық қатынасқа түскен»,- деген деректер ұсынып отыр.

 

 

ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ПАЙДАЛАНУ

 

Әлемде жасөспірімдер көбінесе 13 және 15 жас аралығында темекі тартуға әуестенеді екен. 15 жаста ұлдардың 5%-ы және қыздардың 1%-ы күн сайын темекі тартқандығы туралы айтқан.

 

«15 жасқа қарай темекі тарту тәжірибесі үш есеге артса, ал электронды сигареттерді тұтыну 4 есеге артады. Ұлдардың 15%-ы және қыздардың 13%-ы темекі тарту тәжірибесі бар екенін мәлімдеді»,-дейді HBSC.

 

 

ІШІМДІК ІШУ 13 ЖАСТАН 15 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚТА АРТАДЫ

 

Ішімдік ішу көрсеткішінің бірден артуы 13 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта байқалады. Халықаралық деректер бойынша, соңғы 30 күн ішінде 15 жастағы жасөспірімдердің 37%-ы алкогольдік сусындар ішіп, олардың 7%-ы каннабис пайдаланған.

 

«Электронды сигареттерді қоса алғанда, кез келген темекі өнімдерін пайдалану жастар үшін қауіпсіз емес. Адамдардың көпшілігі 18 жасқа толғанға дейін темекі шеге бастайтындығы белгілі. Мұндай кезде жасөспірімнің айналасындағы орта маңызды рөл атқарады. Мысалы, ата-ананың, мұғалімдердің немесе құрдастарының темекі шегуі үлкен әсер етуде. Ересектерге қарағанда, балалар мен жасөспірімдер никотинге тезірек тәуелді болады және бұл тәуелділікті тоқтату қиын. Ал ішімдікті шамадан тыс және жиі ішу салдарынан, баланың өзін-өзі бақылауы, мектептегі сабақ үлгерімі нашарлайды, есейген кезде қатты ішімдік ішу, қауіпті сексуалды мінез-құлық, жол-көлік жарақаты және түрлі психологиялық-эмоционалдық мәселелер туындатады. Мектеп жасында шөп шегу танымдық функциялардың нашарлауына, тәуелділіктің артуына және психотикалық симптомдардың артуына әкелуі мүмкін», -дейді HBSC зерттеу орталығының дәрігері Мартин Вебер.

 

 

azattyq-ruhy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста