Қазақстан қарттарына қандай көмек беріп отыр?

Елордалық зейнеткерлерге мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі? Бұл туралы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары  Айгүл Таласова айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZтілшісі.
 
 
Жасы бойынша зейнеткерлер қандай қызметтерді пайдалана алады?

Шипажайлық-курорттық емделуге. Жылына бір рет Щучинск-Бурабай курорттық аумағында, Қатаркөл көлінің жағасында орналасқан «Қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығына» бара алады. 

Қарттарға мынадай жеңілдіктер қарастырылған:

жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 25% төлеумен;
ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының төлеумен 18%;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оларға теңістірілген тұлғаларға тегін.
Стоматологиялық протездеу қызметіне екі жылда бір рет. 

Биыл Астанада тіс протездеу және ауыз қуысын протезге дейінгі санитарлық тазалауға 3 мың орын бөлінді. 

Қазіргі уақытта тіс протездеу және санитарлық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды, одан кейін мемлекеттік сатып алу өткізіледі, оның нәтижесінде стоматологиямен шарт жасалады. Одан әрі БАҚ арқылы қала тұрғындары екі жылда бір рет келесі санаттарға берілетін тіс протездеуіне жазылу уақыты мен орны туралы ақпарат беріледі, - деді Айгүл Таласова. 
Қарттар күніне орай, яғни 1 қазанда бір реттік ақшалай төлемдер 2,5 АЕК (8 625 теңге) көлемінде беріледі. 

Сонымен қатар зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек жүргізіледі, өтемақы 16 АЕК (55 200 теңге) мөлшерінде жылу мерзіміне төленеді. 

Онымен қоса, газ қазандығын салу және монтаждау бойынша шығындарды өтеу 130 АЕК (448 500 теңге) аспайтын сомада көмек көрсетіледі. 

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста