Әлеуметтік желіде қазақстандық полицейдің киімі сатылатыны туралы хабарлама жарияланған. Сатушылардың бұл әрекеті қаншалықты заңды екенін ішкі істер министрлігі түсіндіріп өтті деп жазады NUR.KZ.
Қазақстандық сайттардың бірінде белгісіз біреу полицей формасының сатылатынын жариялаған.
Форманың құны 30 мың теңгені құраған.
Айта кететін жайт, форманың әрбір бөлігін жеке-жеке сатып алуға да болады екен.
ІІМ қазіргі уақытта тәртіп сақшыларының киімі желіде сатылғанына байланысты тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сатушылар жауапқа тартылмақ.