Қазақшаңыз қалай? Ақтөбелік ғалымдар ойлап тапқан қалам туған тілді үйретуге септігін тигізбек. «Зерек» деп аталатын қаламның мүмкіндігі мол. Өнертапқыштардың айтуынша, қазақ тілінің ережесі, ұлттық салт-дәстүр мен тарихы туралы мәліметтер қаламның жадында сақталған. Балалар арнайы кітаптың парағына қаламды тигізсе болғаны, қалам сөйлеп қоя береді.
Кітаптың саны – үшеу. Тақырыптарға сай Отан, отбасы, Қазақстан қалалары деп топтастырылған. «Зеректің» авторлары бала құлақпен естігенді ойға сіңіреді. Сондықтан бұл ана тілін үйретудің тиімді тәсілі екенін айтады. Құрастырушылардың бірі Абзал Қадырбаевтың айтуынша, «Зерек» қаламын әртіс, ақын, суретші және компьютер білгірлері жасап шығарған. Сөйлейтін қаламды жасау үшін шетелдік мамандармен кеңескен. Мектепке дейінгі мекемелер өнертапқыштарды қолдап отыр. Тезірек Білім және ғылым министрлігі оқу әдістемесіне енгізсе деген тілектерін айтады. «Зеректі» ойлап тапқандар шетелдік баспаханалардың көмегіне жүгініп, технолог мамандардың қызметіне тәуелді болып отыр. Әзірге мың данасын сатылымға шығарды. Құны – 15 мың.
Қазақшаны қалам үйретеді
Последние статьи автора