Заңның мемлекеттік тілде жазылмай жүргені көпке мәлім. Ол мәселенің қоғам арасында да көтерілгеніне біраз жыл болды. Бұл мәселе қалай шешілмек? Қазіргі таңда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Ol - jas подкастының қонағы болған Заңгер Сағидолла Баймұрат егерде заң жобалары қазақ тілінде қате аударылып, іс жүзінде қолданысқа енбесе мұның салдары ауыр болатынын айтты. Онсызда қоғамның құқықтық сауаты төмен. Сол себепті бұл тек бір министрліктің емес, бүкіл құзыретті органдардың жұмысы екенін анық. Мәселен, қазақтілді мектепте оқитын балалар саны жылдан-жылға өсіп келеді оның үстіне контентке де сұраныс артуда. Ал кейбір қарапайым заң түрлері әлі де түсінікті тілмен жазылмай келеді. Заңгер өзі заң тілінен 2 мыңға жуық қате тапқан. Осылайша, ол осы себепке байланысты маңызы бар жиындардың, соттың және іс-шаралардың көбі орысша өтетіндігін айтады.
Бұған дейін подкастымызда қоғамда қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас құндылығы ауысқаны туралы сөз қозғалды. Подкаст қонақтары Психолог Серікгүл Сәли және Блогер Санат Ілияс болған еді.
Ol – jas подкасты – ел жастарының, кәсіби мамандардың еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.