«Қазақ хандығы» атты ойын ойлап шығарған қазақ

Бүгінде ғаламторды пайдаланбайтын адам жоқ. Арамызда оны қолдана отырып, өзіндік жаңалық ашып жатқандар да бар. Біз сондай жандардың бірімен сұхбаттас болдық. 

Қобыланды Жаңабек­ұлы – «Қазақ хандығы» атты ойын ойлап шығарған азамат. Бұл – Қазақстандағы ең алғашқы еуропалық стандартқа сәйкестендіріліп жасалған үстел ойыны. 2-4 адам қатыса алатын бұл ойынды ойлап тапқан адам тарих саласының маманы болмағанымен де еліміздің өткені туралы көп нәрсені оқып-білген жандардың қатарынан. «Қазақ хандығы» – басқа бір нәрсенің кө­шірмесі емес, мұнда ұсақ-түйе­гіне дейін ойластырыл­ған», – дейді ойын авторының өзі. 

– Қобыланды мырза, мұндай ойын шығару туралы ой сізге қалай келген еді? 

– Мен үстел ойындарын бала кезден сүйіп ойнайтынмын. Тіпті карта ойындарының да жеңіл, күрделі түрлеріне қызығушылық білдіріп жүретінмін. Өсе келе достарыммен жинала қалсақ, «Монополиядан» бастап «Игры престолов» секілді күрделі үстел ойындарын хобби ретінде ойнайтын болдық. 

Бірде бизнес туралы бір дәрісті тыңдап отырып, «уақытың мен күшіңді өзіңе ұнайтын нәрсеге жұм­са» деген сөзге аса мән бердім. Өзімнің хоббиім ретінде қызықтап жүретін үстел ойындарына көп уақытымды жұмсайтынымды ойлап, оны табыс әкелетін кәсіп көзіне айналдырғым келді. Әрине, ойнау – бір бөлек, өндіру – бір бөлек нәрсе ғой. Содан соң нарықты зерт­­тей келе елімізде сапалы және қызықты үстел ойындарын ешкім шығармайтынын түсіндім. Сонымен қатар қазақ тілінде еліміздің тарихынан сыр шертетін ойындардың да жоқ екенін байқадым. Сосын жұмыстан шығып, 2016 жылдың аяғында осы бағытқа толықтай бет бұрдым. 2017 жылдың басында осы ойынның дайын сызбасы қолымда тұрды. 

Атауы да ойламаған жерден келді. Әулеттерді, руларды, жүз­дерді, сұлтандарды біріктір­генде қазақ хандығы шығатыны белгілі. Осы туралы ой басымда толық пісіп-жетілген кезде Ілияс Есен­берлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген «Қазақ хандығы» сериалын көріп шықтым. Сол кинодан кейін ойынның атауын да солай қоюды жөн көрдім. 

– Ойынның ережесі қандай? 

– Мұны үлкендер де, жасы 10-нан асқан балалар да ойнай береді. Мұны отбасы мүшелерін толық қамтып ойнауға болатын жанұялық ойын деуге де болады. Ережесі қарапайым: әрбір ойыншы «сұлтан» болуға, әрқайсысы «хан» болуға таласады. Ол үшін мейлінше көбірек рулардың басын біріктіру керек. «Хан» болған адам жеке билігін айқындайтын белгі ретінде өзінің «киіз үйін» құрады. Ал басқа ойыншы оған кедергі жасап, оның қол астындағыларды өзіне тартуға тырысады. «Батыр», «тұлпар», «сарбаз», «жігіт» деп аталатын карталарды пайдалану ар­қылы шабуылдауға немесе қорғануға болады. 

Сонымен қатар белгілі бір оқи­ғаны көрсететін «жұт», «той», мал ұрлайтын «барымта», қарсыласқа сый беретін «тойбастар», «көрімдік», қорғанатын «алмас қылыш», «темір сауыт» секілді көптеген карталарды ойын барысында қолдана алады. Ойынның мақсаты да сол – руларды, жүздерді біріктіру арқылы бірлікке қол жеткізуге болатынын көрсету. 

– Ойынның ерекшелігі неде? 

– «Қазақ хандығы» ойыны біздің тарихымыздағы мәдени-тарихи сәт­терді көрсете алады деп айта аламын. Мәселен, «Монополия» американдықтардың мәдениетін байқатады. Сол секілді тарихта бізге «жүз­дер мен рулар бірігіп, қазақ хандығы құрылды» деп қана түсіндірсе, бұл ойын арқылы оның жүзеге асу барысын шамалап болса да көрсетуге болады. 

Менің мақсатым – үстел ойындарының пайдасын көрсету, сол арқылы жаңа нәрсені білуге үйрету, бос уақытты дұрыс өткізу. Білген адамға үстел ойындарының пайдасы өте зор. Ол өзі ойлау мен есте сақтау қабілетін дамытып қана қоймай, тез шешім қабылдауға, алдын-ала ойлау, жоспарлау секілді нәрселерге үйретеді. 

– Осы ойынды жасап шығаруға қанша уақыт жұмсадыңыз? 

– Мен бұған бір жыл уақытымды жұмсадым. Алдымен 500 данасы, сосын осы жылдың қыркүйек айында 1000 данасы шығарылды. Қазір сауда орындарына сатылым­ға түсті. Әзірше Астана қаласының өзінде 50-ден аса мектеп алды. Сонымен қатар, Назарбаев зият­керлік мектебі мен Назарбаев уни­верситеті өзде­рінің жатақханасы және кітапха­насына арнайы сатып алды. Бүгінде Алматының ірі сауда орындарында да, ғаламтор арқылы да сатылуда. Астана, Алматы қалаларында мини-турнирлер өткі­зіп, қолымыздан келгенше дамытуға, насихаттауға тырысып жатырмыз. 

Болашақта мұнымен шектеліп қалмай, осы секілді басқа да үстел ойындарының сериясын шығаруды жоспарлап отырмыз. 

– Әңгімеңізге рахмет, істе­ріңізге сәттілік тілейміз. 

Сұхбаттасқан – М. ШЫНҰЗАҚ

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста