Ғаламторда Ресейден келген еркектер үшін шын қуанған қазақ қызының мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Instagram-дағы saryagashcity парақшасында пайда болған видео көптің ашуына тиді. Онда қазақ қызы көрші елден келіп жатқан еркектердің көптігіне дән риза екенін айтады.
1 миллион 600 мың орыс келіп, біздің қыздарға бақ қонды ғой. Жақсы болды. Ой, біздің жігіттер өлетін еді ғой "9 қызға бір жігіттен" келеді деп. Орыстардың дәмін бір көретін болдық, — дейді видеодағы қыз.
Бейнежазба желі қолданушыларының ашуын туғызды.
"Құтырайын депті", "Мына қыздың ағасы жоқ па? Дәмін көргені несі?! Мынаның есі дұрыс емес! Алла, ұл-қызымызды салиқалы ұрпақ ете көр", "Қыздардан ұят қашыпты ғой", "Сана берсін саған, қарындасым", "Ойнастан туған сүмелек", — деп жазды желі қолданушылары.