«Қазақ деген ұлт болмаған. Бұларда ортақ иденттілік, этникалық тұтастық атымен жоқ!»: Тағы бір ресейлік саясаттанушы қазаққа тіл тигізді

Ресейдің «Правда.ру» порталы Қазақстанның ақпараттың кеңістігін емін-еркін кезіп жүр. Көздегені сепаратизм, көксегені Қазақстанның солтүстігі мен шығысы.

Dalanews.kz тілшісі осы порталға сұхбат берген саясаттанушы Антон Бредихиннің «бредін» басынан аяғына шейін тыңдап шықты.

Пропаганда сұхбат алушы мен сұхбат берушінің өне бойына өтіп кетіпті. Параноясы қозғаны соншалық тұтас ұлтті тілдеп, көпе-көрнеу кемсітуге көшкен екен.

Бұл түрімен Украинамен араздасқан, Беларусьпен бет жыртысуға шақ тұрған Ресейден күндердің-күні Қазақстан да теріс айналады.

Қысқа қайыра айтқанда, қазақ деген ұлт жоқ. Бредихин сөй деп сандырақтапты.

«Қазақтың қазақ болғаны Кеңес үкіметінің тұсында ғана. Оған дейін бұларды киргиз-кайсак немесе жәй әншейін киргиз деп атап келді.

Бұларда ортақ иденттілік, этникалық тұтастық атымен жоқ. Бүтін бір ұлтқа бағдар боларлық біртұтас діни қауымдастық қалыптаспаған. Салақұлаш жатқан ала-құла қоғам.

90 жылдары сляван ұлтының өкілдері мен немістер Қазақстаннан түп қопарыла көшті. Қазақстанда қала тұрғызған, тың игеруге атсалысқан, өндіріс орындарын ашқан орыстардың үрім-бұтағы атажұртына ұнжырғасы түсіп оралды. Осындағы орыс зиялылары қазақ билігіне қажет болмай қалды. Олар да осы елден ауа көшуге мәжбүр болды.

Шығыс Қазақстан? Шығыс Қазақстан казактардың жері. Осы өлкенің қожасы &ndash казактар», &ndash дейді саясаттанушы .

Ал Қазақстандағы славян орталықтарының шынтуайтында осындағы орыстарға ара түсер қауқары да, ықпалы да жоқ.  Бредихин Қазақстандағы казак атамандары АҚШ-тың агенті екеніне сенімді. Олар Ресейді әлдеқашан сатып кеткен.

Қазақстандағы «казактардың» атаманы Юрий Захаров Америкамен ауыз жаласып үлгеріпті.

«Атаман Захаров ЦРУ-дің шпионы. Осы елдегі славяндардың сөзін сөйлейтін ұйымдардың артында алаяқтар тұр. Олардың орысқа жаны ашымайды», &ndash дейді Бредихин.

Сұхбат алушы да шамасы келгенше шатып-бұтқан екен. Өскемендегі орыстың Ресейді өлердей қолдайтынын, олардың үлесі 51 пайыздан асып жығылатынын, осыдан 25 жыл бұрын бұлардың орыс автономиясын құрмаққа талпынғанын жіпке тізіпті.

«Орыстардың көпшілігі Өскемендегі көше атауын өзгертуге қарсы. О жақтағы қазақтар еңсе көтере алмай именіңкіреп, жетімсіреп жүреді. Өңір тұрғындарын Ресейге тартып тұрады», &ndash дейді тілші.

Оның ойын спикер де үстей түсіп, Путиннің түнеукүнгі мәлімдесін қайта маздатыпты.

Бұдан бұрын Путин Мәскеудің бір кезгі КСРО құрамындағы елдерге біраз территорияны тарту еткенін тілге тиек еткен.

«Қазақтарға қытаймен дос болғанша, орыстың Иванының қолтығына кірген артық. Қытай қазақтың көзіне көк шыбын үймелетеді.

Бұл елдегі бүткіл байлық Назарбаевпен байланысы бар кландардың қолында. Бұлардың активі Ресеймен тікелей байланысты, Ресейге тәуелді. Олар ертеңгі өмірін Ресейсіз елестете алмайды. Екі елдің арасы жіпсіз байлап отырған осы элитаның Ресейдегі бизнесі. Олар біздің жүйемен тамырласып кеткен, бізден асып қайда барсын?..», &ndash дейді саясаттанушы .

Салақұлаш сұхбаттың сарыны осы. Қазақстандағы орыстілді аудиторияны астамшыл идеологиямен ауыздандырып, арандатумен айналысып отырған жалғыз Правда емес, күллі Ресейдің ақпараттық саясаты сондай.

Түрулі іргеден тас атып отырған отаршыл, путиншіл, импершіл контентті бұғаттау Ақпарат министрілігінің мойнындағы шаруа болса керек.

Бүтін бір ұлтқа тіл тигізіп, тәуелсіз елдің шаңырағын шайқалтқысы келетін сарапшысымақтарды &ldquoқара тізімге&rdquo енгізу Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құзіретіне кірсе керек-ті&hellip

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста