Қауіпсіз жол – қауіпсіз болашақ!

Осындай тақырыппен Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында орналасқан «Альтаир» сауықтыру кешенінде «Қауіпсіз жол-2015» жас инспекторлар слеты өтті.
Мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіруге арналған бұл шараға облыстағы 19 аудан мен облыс орталығы Талдықорған қаласы атынан жеке дара команда қатысты. Жарысқа қатысқан әр жеткіншек білімі және физикалық дайындығын анықтауға арналған бірнеше сыннан өтті.

Мақсат – мектеп оқушыларымен қатар, ересек жолаушылар арасында да жолда жүру ережесін түсіндіру.
“Елімізді жыл өткен сайын автокөлік саны артып келеді. Ал мұның пайдалы жағымен қатар, адам өміріне қауіп төндіретіні жері де баршылық. Және өмір болғаннан кейін түрлі жағдайлар орын алатыны заңдылық. Сол себептен біз балаларымызға ерте жастан жол үстінде кенеттен қайғылы оқиғалар орын ала қалған жағдайда жол ережесін сақтаумен қатар, жарақаттанған жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуіміз керек», - деді Алматы облысы ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция - майоры Айжан Жұмағұлова.
Алматы облысы Білім басқармасы мен облыстық ІІД Жол полициясы басқармасы бірігіп ұйымдастырған сайыстың Бас жүлдесін Талғар ауданы атынан қатысқан № 15-ші лицей командасы жеңіп алса, ал екінші және үшінші орынды Панфилов ауданы мен Талдықорған қаласы атынан шыққан №15-ші мектеп-лицейдің командасы өзара бөліске салды.
Сайыс барысында команда мүшелері сапта тұру, велосипедпен арнайы жолақтар арқылы жүріп өту, көлік ағысын реттеу және жол апаты орын алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету талаптары бойынша өзара жарысқа түсті.
Биыл осымен 15-ші жыл қатарынан өткізіліп отырған биылғы сайыс жеңімпаздары шілде айында Қостанай қаласында өткелі отырған республикалық деңгейдегі Жас инспекторлар слетына қатысуға жолдама алып отыр.

Роза МАМЕТОВА,

Облыстық ІІД әкімшілік полициясы атқаратын қызметті бақылау және ұйымдастыру бөлімінің
инспекторы, полиция-капитаны

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста