Қарақұрттан сақ болыңыз!

Тұрғындар өз саяжайлары мен бау-бақшаларынан тапқан улы жәндіктің суреттерін ғаламторға салып, бір-бірлерін сақтандырып жатыр. Әдетте, оңтүстік өңірлерді мекендейтін қарақұрт қазір батыстағы облыс орталығына жетіпті. Мамандар бау-бақшада жұмыс істегенде сақ болуды ескертеді.

Римма Круц есік алдындағы арам шөпті отап жүріп, қарақұрттың аналығы мен жәндіктің екі жұмыртқасын тауып алған. Араға екі күн салып үй сыпырып жүрген қызы дәл сондай тағы бір өрмекшіге кез болған.

Мамандардың айтуынша, қарақұрттың еліміздің батыс өңірінде кездесуі таңсық емес. Бірақ биыл улы жәндік облыс орталығында да тым көбейіп кеткен.

Федор Бидашко, Орал облыстық обаға қарсы станциясының зертхана меңгерушісі

- Дәл осы маусым, шілде , тамыз айларында қарақұрт өте қауіпті. Өйткені өрмекші ұя салатын жылы орын іздейді. Сөйтіп жүріп адамдардың баспаналырына да кіріп кетуі мүмкін.

Биылдыққа қарақұрт шаққан бір адам ғана дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Ол алыс жайылымдағы шопанның баласы екен. Мамандар «қарақұрттың арқасында қызыл дақ болады» деген жаңсақ пікір дейді. Жәндіктің ересек аналығы уақыт өте келе ол дақтан арылады екен. Салдарынан қарақұртты өзге өрмекшімен шатастырады. Дәл осы аналықтың уы адам ағзасына өте қауіпті.

Альфия Сулейманова, токсиколог:

- Алғашқы жарты сағатта адамның бұлшық еттері мен буындары сырқырайды. Кейін тыныс алу жүйесі зақымдалады. Дер езінде көмек көрсетілмесе, адам дем ала алмай қайтыс болуы мүмкін.

Облыста қарақұрттың уына қарсы сарысу жоқ екен. Дәрігерлер сырқаттың белгілеріне қарап емдейміз дейді. Статистикаға сенсек, қарақұрт шаққан әрбір төртінші адам ажал құшатын көрінеді.

ktk.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста