Қарағанды қаласының аты аңызға айналған кәсіпорны жергілікті «Карагандинское» брендінің 65-жылдық мерейтойын атап өтті
Халық тұтынатын тауарлар секторындағы алғашқы және ең ірі инвесторлардың бірі «Эфес Қазақстан» Астана күні мерекесінің қарсаңында Қазақстандағы табысты қызметтің 26 жылдығы мен аты аңызға айналған «Карагандинское» брендінің 65 жылдығын атап өтті. Мерейтойға орай «Эфес Қазақстан» ШК АҚ Қарағандылық зауытының базасында фирмалық құйылмалы сыра дүкенінің ашылу салтанаты өтті.
«Карагандинская пивоварня» деп аталған бірегей дүкен Қарағанды қаласының
тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа кездесу орны болады. Жобаны «Эфес Қазақстан»
ШК АҚ дизайнерлері, шеберлері мен қызметкерлері ұзақ уақыт бойы дайындап,
нәтижесінде дүкенді безендіру бойынша басты идея жүзеге асырылды.
Ендігәрі зауыт маңындағы жайлы дүкеннің есігі сыра сусынын ұнататын барлық адамдар
үшін ашық. Дүкеннің ішкі көрінісі сыра қайнату өнерінің атмосферасын көрсетіп, қаланың
бай тарихын көрсетеді. Дүкенде сыра құятын шүмектер жеткілікті мөлшерде орнатылған,
бұл тура зауыттан келетін балғын сусыннан ләззат алу мүмкіндігін береді. Осының
арқасында дүкенге келушілер көбікті сусын өндірісінің қыр-сырын біліп, заманауи сыра
қайнату технологияларын бағалап, құрал-жабдықтың жұмысын зерттей алатын болады.
Дүкенді безендіру үшін жергілікті мурал салушы суретшілер тартылды, олар
қабырғаларды қаланың және оның аты аңызға айналған сусынының нышаны кеудесін тік
ұстап және қос қанатын қайыра ашқан бүркітпен безендірді.
Мерейтой аясында сусынның мерекелік партиясы қайнатылып, брендтің заттаңбасы
жаңартылды. Бұл өнімнің бағалы екенін көрсетіп, оның тұтынушылар үшін
тартымдылығын асыра түседі.
Маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Альп:
«Эфес Қазақстан» ШК АҚ Қарағанды зауыты – Қазақстанның орталық аймағының ең
ірі зауыттарының бірі ғана емес, табысты дамып, өсіп келе жатқан өте маңызды әрі
қажетті өнеркәсіптік объекті. Бүгін біз серіктестеріміз бен БАҚ өкілдерінің басын
қосып, олармен бірге елеулі күнді атап өткелі отырмыз. Әйгілі «Карагандинское»
брендінің 65-жылдық мерейтойы мен дүкеніміздің ашылу салтанаты жаңа белестерге
қол жеткізу, Қарағанды қаласының мәдениетін жақсарту, барлық ойлаған жоспарлар
мен жобаларды жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам болып қалсын»
Атаулы күнге орай БАҚ өкілдері, компанияның серіктестері мен қызметкерлері үшін
мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жас музыкалық ұжым және кеш хедлайнері танымал
«Үркер» тобының өнер көрсетуі кештің қонақтары үшін күтпеген сый болды.
«Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» зауытының директоры Әділбеков Ержан:
«Біз «Карагандинский Юбилейный Выпуск» жаңа өнімін ұсынуға қуаныштымыз. Біз үшін
өз зауытымыз аумағында қуанышымызға ортақтасып келген әрбір қонақты күтіп алу
үлкен мәртебе. Бұл тек серіктестер мен қызметкерлерге арналған шара емес, бұл
көптеген жылдар бойы біздің кәсіпорынның дамуына үлесін қосып келе жатқан барлық
жандарға арналған мереке. Біздің ұжымда ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе
жатқан қызметкерлер бар. Олар өз кәсібіне өте адал жандар, әрдайым жас
мамандармен өз тәжірибесімен қуана бөлісіп, компанияның дәстүрін келесі буындағы
қызметкерлерге ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатыр»
Қарағанды қаласының сыра қайнату зауытының негізі 1958 жылы қаланған. 1997 жылы
зауыт «Anadolu Group» тобына кіріп, компанияның Түркиядан тыс жердегі алғашқы
инвестициясы болды. 2003 жылы Алматы облысының Береке ауылында екінші сыра
қайнату зауыты бой көтерді. Бүгінгі таңда «Эфес Қазақстан» ШК АҚ жылына 300 миллион
литр сыра өндіретін және 1000-нан астам адам жұмыс істейтін 2 бірдей зауыты бар
жалғыз ірі сыра қайнату компаниясы болып табылады.
Қазақстанның нақты секторының ең ірі инвесторларының бірі ретінде «Эфес Қазақстан»
ШК АҚ 2014 жылдан бері ҚР Президенті тұсындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің
мүшесі болып табылады.
Соңғы жылдар бойы компания жыл сайын елдің бюджетіне 20 миллиард теңгеден астам
салық пен басқа төлемдер жүргізіп отырады. 20 жыл ішінде (1998-2021 жж.) компания
$300 млн инвестиция құйған. Жалпы 2000-2022 жж. аралығында «Эфес Қазақстан» ШК АҚ
200 миллиард теңгеден астам салықтар мен басқа міндетті төлемдер төлеген, осылайша
ол алкоголь саласындағы және Қарағанды қаласындағы ең ірі салық төлеушілердің
бірінен саналады. Қарағандылық зауыт Қарағанды облысындағы ең ірі бес салық
төлеушінің қатарына кіреді.
2015 жылы Қарағандыдағы «Эфес Қазақстан» ШК АҚ Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік табыстар комитетінің бастамасымен өткізілген «Ең үздік салық төлеуші»
акциясының жеңімпазы, ал үстіміздегі жылдың сәуір айында компания Headhunter &
Lerna Corp. «Корпоративтік құрылымды цифрлау» марапатының жеңімпазы атанды. Ал
2021 жылы Қарағанды қаласының әкімдігі «Эфес Қазақстан» ШК АҚ компаниясына
пандемия кезеңінде қатты науқастарға белсенді қолдау көрсеткені үшін «Жыл меценаты
2021» атағымен марапаттады.