Қарағанды облысының тұрғындары малды өріске айдай алмай әлек

Қарағанды іргесіндегі Сұрыптау станциясының тұрғындары қолдағы азын-аулақ малын өзеннің арғы бетіндегі өріске өткізе алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Өткен жылы мамандар тасқынның алдын алу мақсатында мұндағы Солонка өзенінің арнасын тереңдетіп қазып тастаған. Соның салдарынан төрт түліктің жайылымға баратын жолы жабылды. Онсыз да қыстан көтерем шыққан мал әлі қорада тұр. Арғы бетке өту үшін айналма жолмен 18 шақырым жүру керек екен. Халық арасында «Жұмыскер» деп аталып кеткен бұл елді мекенде қазір 700-ге жуық отбасы тұрады. Жергілікті жұрт биліктен көпір салып беруді сұрап отыр.

 

Гүлзира Сағындық, Сұрыптау станциясының тұрғыны: - Арғы бетке өтетін ешқандай мүмкіншілік жоқ. Тұяқты мал өзіне жол салып алады. Сол жолмен кете береді олар. Былтырғы жүрген жолына қарай барып, өтемін деп талай мал суға ағып кетіп жатыр. Бір сиырдың құны қазір кем дегенде 350 мың.

 

Қойшыбай Сүлейменов, Әлихан Бөкейханов ауданы әкімінің орынбасары: - Көпір жағынан мамандарды алып, оны барып қарау керек. Мысалы үшін, комиссияға ТЖ адамдарын аламыз, жоба институтының адамдарын аламыз. Барлығымыз сол жерге барып, қарастырып, бір шешімге келуге тырысамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста