Қарағанды облысында сібір жарасы диагнозы үш адамда расталды
Қарағанды облысының үш тұрғыны сібір жарасымен ауырып қалғаны анықталды. Қазір Ақтоғай ауданының ауылшаруашылық қожалығы қыстағында карантин жарияланды.
Дəл осы мекенде сібір жарасымен ауырған мал сойылған. Естеріңізге сала кетейік, Үшарал қыстағының екі тұрғыны облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, ал үшінші адам Балқаш қаласының ауруханасын ем алуда. Облыс əкімшілік баспасөз қызметінің мəліметінше, жұқпалы аурудың алдын алу шаралары кең ауқымда жүріп жатыр. Малдың етін елді мекендерден шығаруға қатаң тыйым салынып, полиция бекеттері орнатылған. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында сібір жарасын мал етінен жұқтырған екі ауыл тұрғыны көз жұмған болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу