Қапшағайдағы түрме тұтқындары қарауылдағы сарбазға шабуылдаған

Қапшағай қаласындағы түзету мекемесінің бірінде тұтқындар кезекшілікте тұрған қарауылды жаралады деп хабарлайды KZ.NUR.KZ тілшісі ІІМ ақпаратына сілтеме жасап.
Қоршау сыртынан белгісіз біреу жазасын өтеушілерге тыйым салынған заттарды лақтырған. Ал сол сәтте сыртта серуенде жүрген үш тұтқын әлгі заттарды қарауылдың қарсылығына қарамай алмақ болады.

Ескертпені елемеген тұтқындар сол сәтте Ұлттық ұланның сарбазын жаралаған. Түрлі дене жарақаттарын алған сарбаз жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Ал оқиға орнына келіп жеткен арнайы жасақ күш қолдану арқылы тәртіпке бағынбаған тұтқындарды ұстап, арнайы изоляторларға қамаған.
Қысқаша ғана ақпарат тартқан Ішкі істер министрлігінің өкілі оқиғаның өзге эпизодтары тергеуге байланысты жарияланбайтынын мәлімдеді.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста