Қандай балалар суицидке барады

Қандай балалар суицидке барады

Балалар арасындағы суицид - қоғам үшін күрделі мәселе. Депрессия, жауапсыз махаббат, ата-ана қамқорлығының жетіспеуі - кәмелетке толмаған балалардың қыршын кетуіне негізгі себеп. Қазір, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 400 мыңнан астам жасөспірім бар. Олардың арыз-шағымы мен құқықбұзушылық мәселелерін ювеналды полиция бөлімі қарайды. Ювеналды полиция өкілдері суицидке баратын жасөспірімдер күн сайын жасарып бара жатқанын айтады.

 

Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің суицидке бару себебі мен оларды қорғау жұмыстары қалай жүргізілетіні жөнінде Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті ювеналды полиция бөлімінің бастығы Нелля Дощановамен сұхбаттасты.

 

«ТОЛЫҚҚАНДЫ ОТБАСЫДАН ШЫҚҚАН БАЛАЛАР СУИЦИДКЕ КӨП БАРАДЫ...»

 

Полиция өкілі бүгінге дейін елордада жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бойынша жыл басынан бері 84 іс тіркелгенін айтты.

 

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жасөспірімдер арасында барлығы 84 суицид фактісі тіркелді. 76 бала өз-өзіне қол жұмсауға әркет жасаса, оның 8-і аяқталған іс. Суицидқа баратын балалар мен жасөспрімдердің негізгі жас аралығы 14 - 16 жасты құрайды. Десе де, өзіне қол жұмсайтын балалар күн сайын жасарып келеді. Суицидке қыз балалар көп барады. Жыл басынан бері тіркелген істің 72-сі қыздарға, қалған 12-сі ұл балаларға қатысты», - дейді Нелля Дощанова.

 

Ол суицид фактісі тіркелгеннен кейінгі полиция қызметкерлерінің қандай шара қолданатынын айтты.

 

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің басты себебі: тұрмыстық жағдай, отбасындағы жанжалдан болады. Мұндай сәтте біздің тараптан жасалатын жұмыс - баланы және  баласына бей-жай қараған ата-ананы есепке қою. Аталған отбасы тізімге қойылғаннан кейін олармен кеңейтілген жұмыс жүргізеді. Бұдан бөлек, ішімдікке тәуелді ата-аналарды емдеу жұмыстарын жүргіземіз. Себебі, бұл баланың психикасына әсер етеді. Бала ата-анасына ренжіп, өзіне қол жұмсауға дейін баруы мүмкін. Десе де, қазір жақсы отбасында тұратын балалар суицидке көп баратын болған», - дейді ювеналды полиция өкілі.

 

Сондай-ақ маман бүгінде балалар жиі ұшырайтын кибербуллинг мәселесіне де тоқталды.

 

«Кибербуллинг фактісі тіркелген жағдайда біз оны ҚР заңнамасына сәйкес қараймыз. Бопсалау, қорқыту, қорлау бағыты бойынша іс қозғалады. Бұл жағдайды учаскелік инпекторлармен қатар криминалды полиция қарайды. Өзіміздің арнайы орталықта әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіледі. Бұдан бөлек, кибербуллинг белгілері, қатыгездіктен көрініс табатын сайттарды бұғаттау жұмыстарын жүргіземіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын кибербуллингке қатысты оқиға болды. Интернеттегі ойындардың кесірінен көптеген жасөспірім өзіне қол жұмсады. Қазір, мұндай жағдай сирек кездеседі. Балалардың өзін өлімге қиюы отбасындағы терең мәселеге ауып кетті.

Күнделікті күйбең тіршілік ата-аналардың балаларына тиісті көңіл бөлуіне кедергі келтіреді. Ата-аналар баланың материалдық қажеттілігіне ғана емес, моральдық тұрғыда да қажетін өтесе деймін. Баланың ішінде жүрген мәселелер болса, қорықпай айта алатын болуы керек. Әрине, бұл ата-анаға байланысты», - дейді Нелля Дощанова.

 

СУИЦИДТЕН ҚҰТҚАРУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ – ӘҢГІМЕЛЕСУ

 

Балалар психологы Гүлжан Амангелдиева суицидке баратын баланың алдын-ала мінезінде ауытқу болатынын айтады. Ондайда ата-ана дер кезінде әрекет етуі керек.

 

«Жалпы, адам баласының бойында туғаннан бастап екі түрлі энергия жүреді. Бірі - өмірге деген құштарлық, екіншісі - өлімге деген құштарлық. Бұл табиғи құбылыс. Десе де, оның өз нормасы болады. Суицид мәселесі адамның сол нормадан ауытқуын білдіреді. Балалар мен жасөспірімдердің мұндай әрекетке баруы шын мәнінде өмірін қию емес, өзіне көңіл аудартқысы келгендіктен. Бала осылайша ішінде проблемасы бар екенін жеткізіп, өзіне көңіл бөліп, көмектесуді сұрайды. Бұны демонстрациялық суицид деп атаймыз. Екінші - суицидтің афективті түрі, яғни, жасөспірім бала біреумен қатты ұрысып қалып, ашу-ыза, өкпе үстінде өзіне қол жұмсауы мүмкін. Ең қауіптісі - үшінші түрі. Нағыз суицид әрекеті. Бұл жерде жасөспірім шыныменде өмірін қиюға саналы түрде барады. Жоспар құрады. Бәрін толық жоспарлап алғаннан кейін ешкімге айтпай, артынан із қалдырмай өлуі мүмкін. Бұл өте ауыр жағдай», - дейді психолог.

 

Маман суицике не үшін барғаны анықталғаннан кейін әр баламен әртүрлі жұмыс жүргізілетінін айтты.

 

«Баланың суицидке баруындағы басты себеп - әлеуметтік-психологиялық дезадаптация. Жан-дүниесіне жарақат әкелетін жағдайға және жақындарының өзіне деген қарым-қатынасының бұзылуына байланысты болады. Суицид әр жасөспірімге өзіндік мағына алып келеді. Сондықтан біз жұмыс барысында алдымен негізгі себепті анықтап аламыз. Кейін соған байланысты әрекет етеміз.

Суицидке баратын жасөспрімдердің жас ерекшегі әртүрлі. Көбіне 12 жасан 18 жасқа дейінгілер. Бірақ, кейде 6-7 жастағы баллар өзіне қол жұмсапты деген жағдайлар болады. Бұл жас аралығындағы балалар мүлде өлем деп жасамайды. Кездейсоқ болатын жағдай. Байқаусызда дәрі ішуі мүмкін. 9-10 жасқа дейінгі балалардың мұндай әркетке баруы тылсым, сиқыр ретінде ойланудан болады. Мысалы, бала өлсем қайта тірілемін деп ойлауы мүмкін. Ойын ретінде көреді», - дейді психолог.

 

Ол, суицидке баратын баланың мінез-құлқында болатын өзгерістерді тізбектеп берді.

 

«Баланың өзіне деген сенімсіздігі бірден байқалады. Апатия басталады. Жасөспірімдер апталап жуынбай, киімін ауыстырмай, өзіне мүлде көңіл аудармай кетуі мүмкін. Оқу үлгерімі нашарлап, дұрыс тамақ та ішпейді. Балаңыздың үйреншікті әрекеттінен жат нәрсе байқасаңыз, міндетті түрде дабыл қағу керек. Кей балалар түнде ұйықтамай, шошынады. Қатты тұйықталып немесе шамадан тыс агрессия болады.

Кибербуллинг мәселесінде де көп нәрсе ата-анаға байланысты. Баланың желіден не іздеп, не көретінінен хабардар болуы керек. Бір мәселені байқаса, үйдегі сол балаға жақын адам отырып, әңгімелесіп, баланы қалай жақсы көртетінін, жаман ойлардан аулақ болуына үгіттеу қажет. Бастысы, бала айтатын шындығының арты ұрыс-керіске ұласпайтынын түсіну керек. Суицид жасайтын бала сезімін жіктеуді білмейді. Мұндай мәселенің ең оңай жолы - сөйлесу, бөлісу. Сондай-ақ сурет салу балаға өте жақсы әсер етеді. Ата-ана балаға сурет салуға мүмкіндік жасау керек. Бала отырып, ішкі ызасын сурет арқыл жақсы шығарады.

Мұғалім немесе басқа адамдар - бала үшін екінші кезекте. Сондықтан жауапкершіліктің бәрі бірінші ата-анаға түседі. Ата-ананың сөзі мен ісі сәйкес келуі керек. Баланы «мен сені жақсы көремін» деп тұрып ұруға, немесе «мен саған сенемін» деп тұрып тексеруге болмайды. Ісіңіз сәкес келмесе, айтылған сөздің құны көк тиын», - дейді маман.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста