– Электронды оқулық шығару оңай шаруа емес екені белгілі. Ол көп ізденуді, көп зертттеулерді қажет ететіні аян. Студенттерді электронды оқу жүйесіне бейімдеу үшін оқытушылардың жоғары деңгейлі сауаттылығын қажет ететіні сөзсіз. Бұл жағынан алғанда өзіңіз басқарып отырған медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы мамандарының қамшы салдырмасы анық. Электронды оқулық шығаруда еліміз бойынша асығыңыз алшы. Осы жөнінде айтып өтсеңіз…
– Осы салада менің жасаған бағдарламам бойынша бүткіл қазақстандық жоғарғы оқу орындарының студенттері оқиды. Бірнеше кітаптың авторымын. Ол медициналық жоғарғы оқу орындарындағы физика математикаға арналған оқулықтар. Бұл бір-екі жылдық еңбек емес, бірнеше жылдық тер төгудің жемісі. Бала жасымнан физика, математика пәндеріне қатты қызықтым. Ақыры қызығушылығым осы салаға алып келді. Бүгінде оқулық шығару өте қиын. Әсіресе электронды оқулық. «Инновация арқылы медициналық білім беруді жетілдірудің ІІ Орта Азиялық конференциясында» біз ұсынған жоба өте жоғары бағаланды. Осы конференцияға қатысқан әр мемлекеттен келген мамандардың материалдары арнайы журналға шыққан болатын. Сонда ағылшын мамандарынан кейін екінші болып біздің зерттеу мақалаларымыз шықты. Бұл әрине үлкен жетістік. Бұл жоба медициналық жоғары оқу орындарында физикалық зертханалық жұмыстардың электрондық ерекшеліктері туралы болатын. Бұдан бөлек, «Информатика мамандығы бойынша физиканы оқытуда виртуалды экспериментальды оқытудың ролі» туралы зерттеу жұмыстарымызды жоғары бағалап, сертификат берілді. Оқытудың жаңа әдістерін енгізіп жатырмыз. Бұрынғы қондырғылардың бәрі ескірген бүгінде. Аспаптарды, құрал жабдықтардың бәрін алу өте қиын. Олармен жұмыс істеу студенттерге қиынға соғады. Сол үшін қондырғылардың электрондық баламасын жасадық. Ол электрондық зертхана деп аталады. Сол бойынша зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Мәселен, құрал-жабдықтарда қанша сұйықтық, қандай ерітіндіні қосу керек, қайсымен қайсын қосу керек сол бойынша зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Соның бәрін электрондық оқулыққа енгіздік. Студент зертханаға бармай-ақ компютердің тетігін басып қана, зертханалық жұмыстарды жасай береді. Бұдан кейін электрондық тест тапсырмаларын жасап шығардық. Виртуалды зертханада тест тапсырмалары бар. Тест тапсырғанда тек сұрақтарға ғана жауап бермейді. Онда виртуалды түрде сұйықтықтарды қосып алып, өзі зерттеу жүргізіп барып қана, тест сұрақтарына жауап беретін болады. Тапсырмаларды орындап болған соң, баға қойылады. Тіпті бағаны да компютердегі бағдарлама арқылы алады. «Ақылды техника» баланың жұмысына қарай қорытынды шығарып, өзі баға қояды. Бұл өз кезегінде ашық та әділ болады. Көзбояушылық деген жоқ. Бәрі техниканың тілінде сайрап тұр. Бағдарламада бәрі бар. Суға қышқылдарды қосып, есептеп өлшеп, құйып, баланың орнына компьютер жасайды. Оны құрал жабдықтармен, қондырғымен істегенде де тура сондай болып шығады. Әр тамшысын, грамына дейін өлшейді. Бәрі суреті салынып, есептелініп қойылған. Мәселен, судың тамшысын есептеп аламыз ерітіндінікін жазамыз. Мәшине есептеп береді. Бұл өнертабысмызға қызығушылық танытып жатқандар өте көп. Тіпті еліміздің түкпір-түкпірінен сұраныс жасап жатқандар бар. Фармацияға қажеттінің бәрін осында жасауға болады. Калькулятордың да түкке қажеті жоқ. Ізденуші оқиды, әрі тестке жауап береді. Егер өзі тәжірибе жасап отырып қате болып шықса, бағдарлама бойынша қателігін көрсетіп отырады. Студент сол бойынша қайтадан зерттеуін жасайды. Осылайша білімін жетілдіре түседі. Мысалы, басқа тестерде жауаптың а, б,в нұсқасы беріледі. Ол мұнда да бар. Бірақ бала зертханалық тәжірибе жасағанда қате кетсе дұрыс емес деген жауап шығады. Қайтадан жасайды, студент қай жерден қате жібергенін өзі біліп отырады. Бұл өз кезегінде кез-келген а, б нұсқасын баса салу емес, тәжірибе жасай отырып білімін жетілдіреді.
– Студент осы бағдарлама арқылы оқып үйренсін делік, ертеңгі күні жұмысқа орналасқанда ешқандай зертхананың бетін көрмегесін, техникамен оқыған бала қиналып қалмай ма?
– Жоқ, өйткені мұнда барлық моделі тұр. Яғни, бізде оқыту сағатын жеделдету мәселесі бірінші орында. Виртуалды түрде де оқиды, әрі зертханаға да барады. Алайда бағдарлама арқылы яғни, виртуалды түрде оқығаны әлдеқайда тиімді. Екі жақта да бірдей. Осы жұмыстың бәрі де зертханада да тұр. Электрондық оқулықтың тағы бір артықшылығы бүгінде медицина саласына қатысты қазақша кітаптар жетіспейді. Бұл соның орнын басуда таптырмайтын құрал. «Виртуалды зертхана» бағдарламасы студенттерге ең қажетті болып отыр бүгінде. Оқу орнында да, үйінде де, кез-келген жерде жұмыс жасай береді. Онда тақырыбы, оқудың мақсат бәрі жазылған. Бұл зертханалық жұмыстың методикалық нұсқасын алмастырады. Оқыған сұрағын өзін өзі тексереді. «Виртуалды зертхана» жобасын жасағанда оқытушыларымызға бағдарламашылар көмектеседі. Бүгінде тағы бір электронды оқулық жасап жатырмыз. Электронды оқытуда бейнеролигімен қосып жасаймыз. Тапсырмадан басқа студенттер өздері бейнеге түсіреді. Жаңа технологияларды пайдаланып өтіп жатырмыз. Мұнда зертханада қалай жұмыс жасау қжеттігін студенттер бейне арқылы оқып үйренуіне болады. Электронды оқытудың бағдарламасын академияның виртуалды базасына енгізіп қойғанбыз. Сол арқылы ашып оқи беруіне болады… Жасырары жоқ бүгінде медициналық оқу орындарында оқулық жетіспейді. Оқулықтар шығару өте қиын. Ана тіліміздегі кітаптар жоқтың қасы десе де болады. Орыс тілінде, ағылшын тілінде көп. Оның бәрі әрине аударма. Біразы түсініксіз. Жөнді аударылмаған. Көбісі сөзбе сөз, тікелей аударма. Мағынасымен аударылғандары өте аз. Әсіресе медицина, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау саласына қатысты қазақ тіліндегі кітаптар тіптен жоқ деуге де болады. Сондықтан да біз өзіміз жазуға тура келеді. Былтыр бір оқулық шығарған едік. 45 сағатқа арнап. Биыл бағдарлама өзгеріп кетті 90 сағаттық болып. Енді оны қайтадан толықтырып, жазып шығару керек болып отыр. Медициналық техникалық, биофизикадан, қазақ тілінде мүлдем жоқ. Бірлі-жарым Алматыдағы баспалардан шыққан кітаптар бар. Информатика пәнінен де жоқ. Аз болған соң толық қамтамасыз ете алмайды. Ғылыми жұмыстармен қоса жоғары оқу орындарында сабақ берудің әдістемесін түрлендіру, әдістемесін толықтыру, жетілдіру, жаңа технологияны енгізу басты мақсатымыз болып отыр. Өзім 3 бағдарламаның авторымын. Математика бакалавриат типтік бағдарламамыз бойынша еліміздегі бүкіл ЖОО-ы оқиды. Одан бөлек математиканы оқытуға арналған типтік бағдарламаны келер жылы шығарамыз. Бұл бағдарламаны Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармация академиясы алғаш рет енгізіп отыр Тест технологиясын жете меңгердік. Аралық бақылауда еліміз бойынша комиссияның құрамындамын. Кейін орталықта тест тапсырмаларын құру жөнінде білім жетілдіруден өтіп келдім. Тест технологиясы бойынша сертификат алдық. Сол бойынша академияның тестерін бір ізге түсірдік. Бүкіл академияның тест сұрақтары сараптамадан өтеді. Бағдарламасын мен дайынадым. Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша екі-үш пәннен автормын.
– Қаншама еңбек атқарылып жатыр. Шетелдерде болса электронды оқулық, виртуалды зертхана жасап шығарғандарға қаншама қаржы бөлер еді. Жалпы Білім және ғылым министрлігі тарапынан еңбектеріңіз ескеріліп жатыр ма?
– Әрине жасап жатқан жұмыстарымыздың барлығы да студенттерге, болашақ мықты мамандар даярлау үшін. Солардың терең білімді болуы үшін атқарып жатырмыз. Министрлік тарапынан ескерілген емес. Бір рет қана алғыс білдіргендері бар. Республикалық инновациылық технология орталығы директорының орынбасары Алмагүл Қауышова ханым менің жасаған бағдарламамды бағдарлап алғыс айтқаны бар.
– Атқарған жұмыс нәтижелі болғанда ғана бағалы. Оқытушылардың еткен еңбегі мен төккен тері студенттерінің жеткен жетістігімен өлшенеді. Студенттеріңіздің жасаған бағдарламаларыңыз бен электронды оқулықтарыңызға деген қызығушылығы қандай? Олардың жеткен жетістігі…
– Студенттердің қызығушылығы өте жоғары. 35 жылдық оқытушылық тәжірибемде бітіріп кеткен шәкіртеріміздің алды АҚШ-та, Израильде, Еуропаның бірқатар елдерінде еңбек етіп жатыр. Еліміздегі Денсаулық сақтау министрлігінде, облыстағы департаменттерде қызмет атқаруда. Жүздеген ғылым докторлары біздің оқу орындарының түлектері. Фармация саласында жұмыс істеп жатқандардың 60-70 пайызы біздің академияны бітіргендер. Негізінде ОҚМФА еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі. Оны бітіріп шыққандар терең білімділігімен, біліктілігімен алдыңғы орында. Фармация мамандығын бітіргендерге сұраныс өте көп. Жұмысссыз жүргендері жоқ. Таласып қалады. Польша, Харьков, Ресейдің көптеген қалаларында студенттеріміз іс-тәжірибен өтеді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқандар да көп.
Қанапия Құдабаев, математика ғылымдарының кандидаты: "Виртуалды зертхана"-ның берері көп
Последние статьи автора